Сиырдың желінсау ауруы


Slide 1

Сиырдың желінсау ауруы

Slide 2

Желінсау (Mastіtіs) - желіннің қабынуы. Көбінесе, сауын сиырларында бұзаулау және суалу кезінде байқалады.

Ауру қоздырғышы- стафилококк, стрептококк, диплококк, микрококк бактериялары, микоплазмалар, вирустар мен саңырауқұлақтар.

Желінсаудың негізгі себептері: желіннің жарақаттануы, тазалық сақтамау, дұрыс саумау, т. б. Сондай-ақ, аусыл, актиномикоз, күл сияқты жұқпалы аурулар да желінсауға шалдықтырады.

Slide 3

Клиникасы

Ауру малдың температурасы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмайды, желіні ісініп кетеді. Сауған кезде іртіктелген сүт немесе ірің тәрізді сұйық зат бөлініп шығады. Кейде желінде іріңді ісік жара пайда болады. Желінсаудың жасырын түрінде малдың сүті біртіндеп азая береді және сүттің физикалық-химиялық қасиеті өзгереді. Ауру малды клиникалық белгілеріне қарап немесе сүтті лаб-лық тексеру арқылы анықтайды.

Slide 4 Slide 5

Патогенезі

Аурудың өту және көріну белгілеріне қарай серозды, катаральді, фибринозды, іріңді, геморрагиялық желінсау деп бөледі. Бие, қой, ешкі желінсаумен ауырғанда да жоғарыдағыдай белгілер байқалады. Кейде оларда желінсаудың өзгеше түрі дамиды: биеде - ботриомикоз, қойда - іріңді желінсау.

Slide 6

Емі

Тез емдемесе ауру асқынып, желіннен қайтып сүт шықпай қалуы мүмкін. Ауру малды оқшаулап, астына құрғақ төсеніш салады. Құрғақ, құнарлы шөп беріп, желініне майлы дәрі жағып, таңып тастайды. Венасына новокаин қосылған окситоцин енгізеді, бұлшық етіне антибиотиктер мен сульфаниламидтер, желінсауға қарсы препараттар (мастицид, мастикур, т. б. ) егеді. Желінсау ауруынан мал шаруашылығына көп зиян келеді, сондықтан ауру тудыратын себептерді алдын ала жойып отыру тиімді.

Slide 7 Slide 8

Маститтің алдын алу үшін нәр рецепті

Қайнап жатқан бір шелек суға ас көгінің 15-20 ас қасық дәнін салады, одан кейін оттан алады, кенеппен жабады да, шамамен 3-4 сағат тұндыруға қояды. Ас көгінің дәнімен қатар дәндері бар ас көгінің шөбін пайдалануға болады. Мұндай жағдайда бір шелек суға 0, 5-1 кг шөпті қолданады. Ерітіндіні тұздауға болады. Нәрді жануарға бұзаулағаннан кейін 2-3 күн бойы тәулігіне шамамен 1-2 шелектен береді.

Slide 9

Егер сиырларда маститпен ауруы жиі қайталанатын болса, онда ас көгінің нәрін сиырға бұзаулағаннан кейін 10 күн бойы береді, одан кейін 1 ай үзіліс жасайды, содан соң жануарға қайтадан нәрді береді (10 күн) . 2 үзіліс өткеннен кейін нәрді тағы да шамамен 10 күн береді. Сондай-ақ ас көгі сүтті көбейтетін дәрі екендігін ескерген жөн. Осыған байланысты жануарды емдеу кезінде желінді неғұрлым мұқият тексеру керек, ал сиырды едәуір жиі сауады. Желінді қосымша сылап уқалау қажет еместігін атап өту маңызды.

Сиырларда бұзаулағаннан кейін өте жиі желінінің қабынуы байқалады. Мұндай жағдайда желінді жуады және 100 гр. арақ пен бір ас қасық бал араласқан қоспаны жағады. Одан кейін желінді жылы матамен орап, компресті сиырдың белдемесіне жіппен байлап қояды. Сиыр желінінің ісінуі әдетте бұзаулау алдында байқалады. Осындай жағдайда бұзаулағанға дейін 10-12 күн бұрын сауып алған дұрыс, бұл желінді неғұрлым жұмсартады. Егер желіннің ісінуі жиі қайталанса, онда бірнеше сауып алу қажет, бұл ретте сиырды толық сауу ұсынылмайды.

Slide 10

Желінге арналған үйде жасалған майдың рецепті:

Бір стакан күнбағыс майы және бір стакан араның балауызы немесе 20 г. парафин қажет. Алдымен майды су құйылған ыдыста қайнатады, содан соң оған парафин қосады, ол ерігеннен кейін қоспаны бөлме температурасына дейін салқындатады.

Slide 11

Емшектің жарылуы сиырды сауған кезде сауыншыға да, жануарға да жайсыз болады. Мұндай сызаттар желінді дұрыс күтпеген жағдайда пайда болады. Сауған кезде жарылған емшекке сүт және майлар жағу керек емес. Бірақ сауғаннан кейін емшекті жылы сумен жуып, бор вазелинін жаққан дұрыс. Сауып болған соң жараны бәрінен бұрын йодпен өңдеу жақсы сауықтырады. Сондай-ақ сызаттардың маңайын жылы булау ұсынылады. Жарықтар қатты ауыртатын кезде сиырды сауып алғанға дейін жарты сағат бұрын емшекке құрамында новокаин (салмағы бойынша 5 бөлік), салицилл және бор қышқылдарының (10 бөлік) және вазелин (100 бөлік) қоспасы бар майды жаққан тиімді.

Slide 12

Сиырлар мен тайыншалардың желініне сүйелдер жиі шығады. Ғылымды мұны Паппилома деп атайды. Бұл шырышты қабық пен терінің зарарсыз ісігі, одан полиптер шығады. Папиллома - бұл вирустық ауру (вирус теріге көрінер-көрінбес жаралар және сыдырып алған жер арқылы кіреді) .

Осындай түрдегі сүйелдерді әдетте емдемейді, өйткені желіннің терісін ұдайы күтіп отырған кезде, сүйелдер өздерімен өзі кетеді. Егер сүйелдер сиырды мазалаған жағдайда, оларды әрине жою қажет.

Slide 13

Желіндегі сүйелдерді жоюға арналған рецепт:


Ұқсас жұмыстар
Серозды желінсау
ЖЕЛІНСАУ АУРУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Емшек үрпесінің тарылуы
Сүт ақаулары
Шешекті балау
Сиырдың шикі сүтіне және кілегейдің органолептикалық қасиеттеріне әсер ететін зоотехникалық және ветеринарлық факторлар
Сүттің құрамы
Сүттің бактериялармен ластануын
КАТАРАЛЬДЫ ЖЕЛІНСАУ
Сиырдағы катаральды маститтің клиникалық белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz