Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы:. Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістері.

Орындаған: Қозыханов М

ВМ- 305

Тексерген:Билялов Е. Е.

Семей қаласы - 2016 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Артериосклероз

Тамыр тромбозы

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Қан тамырларының аурулары

Ауылшаруашылық малдарының қан тамырларында кездесіп тұратын түрлі аурулардың ішінен жиі әктеніп қатаюы мен бекітілуі.

Slide 4

Артериосклероз (Arteriosclerosis) артерияның әктеніп қатаюы тамырдың қабырғасында дәнекер ұлпалардың өсіп қалындануымен сипатталады. Бұл аурудың пайда болуына, көбінесс атеросклeроз - тамырдың ішкі қабығына холестериннің (май тәріздес зат) жабысып шоғырланып нығыздауы себепкер болады.

Slide 5

Себептері.

Артерияның әктеніп қатаюының өздігінeн пайда болуы сирек кездеседі, егер кездессе, онда кәрі малдарда ғана болады. Көп жағдайларда, ол дұрыс салдарынан организмдегі зат алмасуының бұзылуынан және індетті құрт, жұқпалы емес басқа да аурулардың асқынып, уыттың денеге таралуынан пайда болады. Тамырдың қатаюына себепкер болатын бірде-бір жағдай, тамырдың қызметіне көп уақыт бойы ауыр салмақ түсіру (денеге артық күш түсіру, көп мөлшерде құнарсыз қомақты азықпен азықтандыру т. б. ) .

Slide 6

Дамуы.

Артериосклероз, малдардың көпшілігінде баяу дамиды. Азғындаудың алдыңғы кезінде тамырдың ішкі қабатында (интима) май қату, жылтыр шеміршектену (гиалин) және шіру (атероматоз) процестсрі басымырақ болады да, сонан соң тамыр кабырғаларына дәнекер ұлпалар (фиброзды) өсіп кетеді (артериосклероз) . Аталмыш өзгерістер тамыр қабырғаларының серпімділігін көп төмендетіп, тесіктерін тарылтып, қан айналымын қиындатады. Ол артериядағы қысымды көтеріп, жүректің, әсіресе сол карыншаның жұмысын күшейтеді. Қайналымындағы қатты ауытқулар сауыт (коронарлы) артериясы, қолқа және ми тамырлары әктелінгенде анық байқалады. Аталған тамырлардың қабырғаларындағы азғындау өте қатты болғанда, олар жарылып кетіп малдарды аяқ асты өлтіреді немесе шала не толық салдандырады.

Slide 7

Майда тамырлар жарылса, қан құйылады, ал оның тигізетін зардабы көлемі мен жайылған жеріне байланысты болады. Тамырлардың бәрі бірдей дерттенбесе, олардың кей жерлері кеңейіп (аневризм) кетеді де, сол кеңейген жерлері жарылып өлім-жітімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мәселен, жылқылар делафон - диозбен ауырғанда алдыңғы шажыркай артериясы кеңейіп кетеді дe организмге қаттырақ салмақ түскенде жарылып кетуі мүмкін (кедергілерден карғығанда, тосыннан құлағанда, денеге қатты салмақ түскенде) .

Slide 8

Өзгерістер.

Қантамырларының қабырғаларына дәнекер (фиброзды) ұлпалардың өсуіне байланысты, олар тығыздалынып калындайды. Ауыр өткен жағдайда, қан тамырларының қабырғаларының әктелінгені анықталады. Тамырлар жарылған жағдайларда қан акқан жерлер көрінеді.

Slide 9

Симптомдары.

Көп жағдайларда ауру баяу дамитын болғандықтан, сырт белгілері онша айқын білінбейді. Басқа да еске алатын бір жайт, өнімділігі мол малдардың тіршілік етуі қысқалау болғандықтан, оларда артериосклероздың белгілері толық дамып үлгере алмайды. Әдетте, малдардың өнімділігі, жұмыс істеу кабілеттілігі төмендейді, өрісте жайылып жүрген кeздeріндe тез шаршағыш келеді. Терілерінің, серпімділік қасиеті нашарлап, жүндерінің (түктердің) әдеттік жылтырауы көмeскіленeді. Жүйке-бұлшық ет күш-қуаты, шартты рефлекстері6 әсіресе жұмыс істегеннен кейін нашарлайды. Сырт қан-тамырларының кабырғалары қатаяды. Жүрек дыбыстарының бірінші сазы ұзарады, басыңқы естіледі, ал екінші сазы көбінесе қолқада күшейеді және eкпіндeлінeді. Артериядағы қысым көтеріледі. Мысалы, жылқылар мен сиырларда кан қысымының ең жоғарғы көрсеткіші 160 мм сынап бағанасына дейін көтеріледі.

Slide 10

Өтуі. Ауру, ылғи созылмалы түрде өтеді де альвеолалардың, эмфземасын, өкпелердің склерозын, бауырдың берішін, бүйректердің склерзын, асказан мен ішек-қарындардың кілегейлі кабықтарының созылмалы қабынуларын тудырады.

Балау. Қан-тамырларын тексеруге, қан қысымын өлшеуге, малдардың жұмысқа қабілеттілігі мен өнімділігінің өзгерулерін еске алуға негізделген.

Болжамы. Шүбәлі, ауыр өткен жағдайда тиімсіз.

Slide 11

Емі. Артериосклероздың толық дамыған кезінде емдеу нәтиже бермейді. Жылқыларды жеңіл жұмысқа ауыстырады да, жүйелі түрде демалып тұруын қадағалайды. Аурудың дамуының алдыңғы кезеңінде азықтандыруды реттеумен қатар (диетотерапия) йодты препараттар, жүрек қан-тамыр дәрі-дәрмектерін қолдану жақсы нәтиже береді, солармен қатар ұлпалық емде қолданады.

Сақтандыру шаралары. Ауруды алдын ала ескертудің негізінде малдарды толық сапалы азықтармен азықтандырумен бірге, жұмысқа тиімді пайдалану керек. Атеросклероз бен артериосклерозды тудыратын ауруларды дер кезінде емдеу керек.

Slide 12

Тамыр тромбозы (Trombosis) - артерия не вена қантамырларының ұйыған қанмен толық не жартылай бітелуі.

Slide 13

Себептері. Өз бетімен дамитын тамырдың бітелуі тамырлардың жарақаттануларынан не қабынуынан пайда болады. Туындаған ретінде, ауру эндокардиттің, атеросклероздың аскынуларынан, атероматоздық қатпарлы табақшалар мен (бляшки) шіріген жердің ыдырауынан пайда болады. Тамырдың ұйымалы бітелуіне, қан айналымын бәсеңдетуге мәжбүр еткізетін жүрек кызмeтінің нашарлауы, қан-тамырларының серпімділігінің төмендеуі себепкер болады.

Ауылшаруашылық малдарда, артeрияға қарағанда вена көбірек зақымдалады. Көбінесе дұрыс тесе білмегендіктен, не дәрі-дәрмектерді қателікпен сыртқы қабатына енгізу себептерінен мойын көк тамыры кабынып, оның қуысы бекітіліп қалады (тромбофлебит) . Бұл ауру қан-тамырларының ішкі қабатының сезімталдығы күшейіп (аллергия) өзгеруінен де пайда болады.

Slide 14

Дамуы. Пайда болған қан ұйындысы кейде жұмсарып қайта таралып кетеді, кейде тығыздалынып қан-тамырының қабырғасын қабындыруы мүмкін. Венадағы қанның ұйылмалы бекітілуі, көп жағдайларда тиісті ағзалар мен ұлпалардың қызметтерін қатты бұзып оларды шірітіп, ыдыратуға дейін апарады. Осындай жағдайларда малдардың жұмысқа қабілеттілігі мен өнімділігі күрт төмендейді. Ірі кан-тамырлардың, мәселен іш қолқасының (брюшная аорта), мықын артериясының (подвздошная артерия) бекітілулері, әдетте малдарды тез арада өлтіреді.

Slide 15

Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. Ірі тамырлардың ішінде қабырғаларына бірігіп өсіп кеткен тромбоциттер, лейкоциттер, фибрин талшықтарынан, эритроциттерден құралған ақ түсті қан ұйындысын көруге болады. Олардың құрылысы ерекше қабаттылықпен бейнеленеді, шеміршектеніп кетуі де мүмкін. Майда тамырларда қан ұйындысы көбінесе фибрин талшықтарынан, эритроциттерден, лейкоциттерден, тромбоциттерден тұрады.

Slide 16

Симптомдары. Қан ұйындысы орналасқан жерлері мен зақымдалынған тамырдың көлеміне байланысты болады. Мысалы жүрек етінің күре тамыры (коронарлы) қан ұйындысымен бітелсе, оның кей жері жансызданып (инфаркт) тиісті белгілер жиынтығымен көзге түседі, бүйректер артериясы бекітілсе - «бүйрек шаншуы» пайда болып, қан қысымы көтеріледі, несспте нәруыз бен қан анықталынады. Иттер мeн шошқаларда өкпелeр артeриясы жиі бітеледі. Веналардағы қан ұюы, ылғи да ауырсынып өтeді. Кейде дене қызуы көтеріледі, эритроциттің шөгу жылдамдығы да тездетіледі және нейтрофильді лсйкоциттер көбейеді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Жүрек қан тамырлар жүйесін кешендік емдеу әдістер
Жұқпалы емес ішкі аурулар
Қан тамырлары
Жүректі тыңдау
ШЖҚ Жоғарғы медициналық колледжі КМК
Тыныс алу жолдарының зерттеу әдістері
Қан айналым жүйесінің клиникалық физиологиясы. Кардиологиядағы интенсивті терапия
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Қан айналым шеңбері
Жүрек тамырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz