Құс шаруашылығы. Құс өсірудің әдісі
Презентация қосу
Құс шаруашылығы
• Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең
қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде
өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік
береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік
Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын
өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі
таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал
жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және
Үндістан ерекше көзге түседі.
• Асыранды құстарды қолда өсіруді құс шаруашылық деп атайды. Құс
шаруашылығы - мал шаруашылығының тиімді саласының бірі.
Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстай алынатын
жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы)
күнделікті тұрмыс қажетіне де пайдаланылады. Ал құс саңғырығы -
сапалы тыңайтқыш. Созылған құстың ішкі мүшелерінің қалдықтары үй
хайуанаттарына қорек ретінде пайдаға асады. Қолға үйретілген
асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар.
Қазіргі кезде қолға үйретілген құстардың 10-нан астам түрі белгілі.
Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық, тысыр тауығы (цесарка), тауыс
және жапон бөденесі. Үйрек пен қаз да ақолға үйретілген құстарға
жатады. Кептер тәріздес құстар отрядынан қолға үйретілгені – көгершін
• Құс Өсіру алғаш бұдан 4 мыңдай жыл бұрын Үндістанда
пайда болған, кейіннен басқа елдерге де таралған. 18 — 19
ғасырларда Еуропа, Азия және Америка елдерінде
тауықтардың бірнеше тұқымдары өсірілді. Қазақстанда құс
шаруаның негізі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
жылдары қаланды. Құс өсірумен әуелі Қостанай, Ақмола,
Павлодар, Алматы облыстары айналыса бастады. Кейін
республикада инкубаторда құс өсіретін жерлер
ұйымдастырылды. Қазір Қазақстанда Құс өсірумен
селекциялық-генетикикалық жерлерде, асыл тұқымды құс
зауытттары мен құс фермалары айналысады.
• 2004 ж. Қазақстанның барлық санаттағы
шаруашылықтарында 26,3 млн тауық өсірілді, оның 10,3
млн-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, 15,6 млн-ы
жеке меншік қосалқы шаруашылықтардың, 0,3 млн-ы шаруа
қожалықтарының үлесіне тиеді. Балапандар инкубаторда
шығарылады, оған 7 — 8 айлық мекиен тауықтардан
бастап, ересек мекиендердің жұмыртқалары салынады.
Азықтық жұмыртқа және ет өнімдерін өндіру үшін негізінен
будан (жұмыртқа және ет бағыттарындағы тұқымдарды
шағылыстыру арқылы шығарылған) құстар
пайдаланылады.
• Құс өсірудің әдісі, ең алдымен, өнім өндіру технологиясына
және жергілікті жағдайларға қарай белгіленеді. Арнайы
өндіріс орындарында балапандарды және жұмыртқалағыш
мекиен тауықтарды ауасы, төсеніші тазартылып, жылуы,
жарықтың берілуі мен ұзақтығы, т.б. реттеліп отыратын,
терезесі жоқ құсханаларда жылу батареялары бар торлардың
ішінде өсіреді. Құс тұқымын асылдандыру — құстан сапалы
өнім алудың басты шарты. Арнайы іріктеліп алынған құс
топтарын шағылыстыру арқылы алынып, өсірілген құстар
төзімді әрі өнімділігі де өте жоғары болады.
• Құстарды құнарлылығы мол құрғақ,
құрама жеммен азықтандырады. Құрама
жемге әр түрлі дәндер және олардың
қайта өңделген түрлері, балық және
сүйек ұны, шөп ұны, минералдық
азықтар, витаминді қоспалар,
микроэлементтер қосылады. Құрама
жемді құстардың жасына және беретін
өніміне қарай ұнтақ және түйіршік
түрінде өндіреді.
• Құстың жұмыртқасы мен еті адам организміне
жұғымды да сіңімді диеталық тағамдар қатарына
жатқызылады. Құс етінің құрамында белок, май,
минералдық заттар, витамфиндер мол. Құс етінде
протеин көп, дәнекерлік тіндер аз болып келеді әрі
бұлшық еттерінің арасында май қабаты болмайды.
Сондықтан ол балалар мен науқас адамдарды
тамақтандыруға пайдаланылады. Құстың
жұмыртқасы әр түрлі қоректік заттарға бай келеді.
МАҢ ЫЗЫ
• Пісірілген жұмыртқа адамның жүйке жүйесін нығайтып, зат
алмасуын жақсартады, организмнің әр түрлі ауруларға төзімділігін
арттырады (қ. Жұмыртқа). Жұмыртқаның ақ уызы жеңіл өнеркәсіп
саласында жылтыр және хром былғары дайындауда пайдаланылады,
тоқыма өнеркәсібінде бояулардың тез оңып кетпеуі үшін
қолданылады; бекіткіш ретінде баспахана бояуларына, фотография
өніміне қосылады. Жұмыртқаның сары уызы терінің ерекше
сорттарын илегенде, сабын қайнатқанда және косметикалық
бұйымдар дайындағанда қолданылады. Жұмыртқа, сондай-ақ,
медицинада, мал дәрігерлігінде сарысу, вакциналар және бактерияға
қарсы дәрілер дайындағанда, фармакологиялық дәрі-дәрмектер
жасағанда пайдаланылады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
• Орындаған: Қилашев Е.Ж
• Тексерген: Муратбаев Д.М
• Тобы:ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz