Ветеринарияда бас миы мен жұлын жарақаттары: ми шайқалу, клиникалық көріністер және шұғыл көмек


Slide 1

Ми - жұлын жарақаттары

Slide 2

Ми шайқалу.

Әр түрлі механикалық әсерден ми және ми қабығының жарақаттануы. Ми шайқалуында ми құрылысында көзге көрінетіндей немесе бүтіндігі бұзылған өзгерістер байқалмағанымен, ми шайқалуы сатысына қарай әр түрлі дәрежеде ми қызметінің бұзылуы анықталады. Ми шайқалуы әр түрлі себертерден, жоғарыдан төмен құлағаннан, қатты соққы тиюден, тағы басқа жарақаттардан болады.

Slide 3 Slide 4

Мидың тамырлы жүйке торы механикалық әсерге өте сезімтал, вазомоторлы реакциясы баяулайды, ми қан айналуының бұзылуы басталады. Вазомоторлық өзгеріс нәтижесінде мидың домбығуы дамиды, ол милық ұлпаның гидрофильдігінің жоғарылауымен, тамыр қабырғасының өткізгіштігінің жоғарылауы және қысымның артуымен байланысты.

Ми шайқалғанда мидың ми қыртысында қорғаныстық тежелу дамиды, қыртыс астына жайылады. Осыған байланысты тежелуен әлі босамаған ақырғыларының қызметі клиникалық симптомда байқалады. Ми шайқалғанда бас миында болатын өзгерістер қайтымды және клиникалық белгілері уақыт өте келе жойылады.

Slide 5

Клиникалық көрінісі:

ми шайқалудың жеңіл сатысында мал құлайды және бірнеше минут ішінде орнынан тұра алмайды, ал ауыр сатысында - бірнеше сағат ішінде пульстің баяулауы және оның толуы төмендейді, кілегей қабығының ағаруы, рефлекстердің әлсіреуі, беткейлік тыныс алу байқалады. Ми шайқалудың ауыр жағдайында рефлекс байқалмайды, көз қарашығы кеңейеді және жарыққа әсер бермейді, тыныс алуы беткейлі және сырылды болады, құсу және құрысу байқалады. Ми шайқалудың жеңіл формасында мал толық жазылады. Ауыр жағдайда мал комалық күйден шыға алмағандықтан өледі.

Slide 6

Емі:

Малды тыныштық жағдайында ұстау керек. Жүрек әлсіздігінде камфора, кофеин, беткейлі тыныс алуда - тері асты 1% лобелин немесе 0, 15% цитотин ерітіндісі қолданылады. Қозуды басу үшін бром, натрий, комбелен, ромпун қолданамыз.

Мидың домбығуын бәсеңдету мақсатында күре тамырға гипертоникалық ерітіндіні енгіземіз. Малдың 1мг\кг салмағына есептеп, тері асты гидрокортизон енгізуге болады.

Slide 7

Жұлын жарақаты

Жұлын жарақаты ашық және жабық болуы мүмкін. Жабық жұлын жарақаты- барлық жарақат арасындағы 0, 3% құрайды, яғни тері қабаттары мен жұмсақ тіндер зақымдалмайды. Ашық жұлын жарақаты -тері қабаттарын зақымдаумен жүреді.

Slide 8 Slide 9

Жұлын шайқалуы -функциональді өзгерістермен жүретін парез, паралич арқылы көрініс беретін патологиялық жадай. Науқастың сауығып жазылып кетуі бірнеше минуттан 2-3 аптаға дейін созылады.

Жұлын жарақаты - пато-морфологиялық өзгерістермен жүретін (некроз, қан кету және т. б ) ауыр жағдай болып табылады.

Slide 10

Жұлын жаншылуы - жұлынның сүйек каналында болуына байланысты оның жаншылуына әкелуі мүмкін: омыртқа сүйектерінің сынықтарының жылжуымен жүретін;

омыртқа аралық дисктарының жылжуы;

бөгде затардың болуы

эпидуральды гематомалар

Slide 11

Жұлын жарақатының негізгі көріністері

Бас сүйек жарақатына қосылған, есінің жоғалуы

Мойын немесе бел бөлігіндегі қатты ауырсынуға шағымдану

Негізгі шағымдары әлсіздік, сезімталдықты жоғалту, аяқ-қол параличы, зәр шығаруды басқара алмау

Мойын мен денесінің қалыпты денгейде болмауы

Slide 12

Шұғыл көмек:

Аралас жарақат болса патологиялық жағдайды емдеу керек: қан кетуді тоқтату, тыныс алуды қалыптастыру, гиповолемияны алдын алу шарт. Науқасты қозғалыссыз күйде жатқызып басына фиксация жасау керек. Егер қан айналыс көріністері болмаса өкпе-жүректік реанимация жасау керек. Жұлын жарақаты бар науқасты тек құсу кезінде, аузынан қан кеткенде ғана абайлап қозғалтуға болады. Ауыр тыныс жеткіліксіздігі болса тыныс жолдарын тазалау тыныс алуына көмектесу керек. Мойын бөлігіндегі жарақат байқалса, тыныс жолдарының өткізгіштігін абаймен қарап, шұғыл трахеостомия жасалады. Бастысы - омыртқаға иммобилизация жасау, жұлынды екіншілік зақымдаудан қорғау керек, яғни науқасты тасымалдау кезінде абай болу, жұлын-ми жолындағы тамырлардың зақымдалуын, гематомалардың алдын алу;

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мурәлінов К. Л. Оперативті хирургия. (оқулық құрал) Алматы - 2006 ж 416 б

2. Б, К. Ілиясов. Ветеринариялық хирургия (оқулық) . Алматы. 2008 жыл.

3. Дұрманов Қ. Д., Жалпы хирургия, Алматы 2006 ж. 230 бет.

Slide 14

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е. Ж

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Тобы:ВМ-305


Ұқсас жұмыстар
Ветеринарияда ми және жұлын жарақаттарының клиникалық белгілері және шұғыл көмек
Ветеринарияда ми мен жұлын жарақаттары: клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері
Омыртқа, жамбас, бас сүйек пен ми және көз жарақаттары: жіктелуі, клиникасы және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
Ми анатомиясы мен ми қыртысының қызметі, ми-жұлын сұйықтығының қалыпты және патологиялық жағдайлары
Омыртқа, жамбас және аяқ-қол жарақаттары мен туа біткен саусақ ақаулары: клиникасы, шұғыл көмек және емдеу
Жұлын, сопақша ми, ми көпірі және мишықтың анатомиясы мен қызметі
Жұлын, сопақша ми және Вароли көпірі; ортаңғы ми, мишық және аралық мидың анатомиясы мен физиологиясы
Ми мен жұлын қабықшалары және қатты қабықтың венозды синустары
Бас, бет және ауыз қуыстарының жарақаттары мен аурулары: конгениталдық ақаулар, ісіктер және жарақаттану
Жұлын және ми бөлімдерінің құрылымы, нейрондық құрамы және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz