Сарып (некробактериоз)



Сарып
(некробактериоз)

Үй және жабайы жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы Вakterіum necrophorum бактериясы. Табиғи жағдайда ауру бір аймақты түгел қамтуы мүмкін. Бұғы, жылқы, қой, сиырда Сарып тұяқ, бақай, сирақ буындарын, шошқа, бұзау, құстарда ауыз қуыстарын зақымдайды. Мүйізді ірі қара малдың жыныс мүшелерін де қамтуы ықтимал. Сарып болған малдың терісі қызарып, темп-расы 40 С-қа дейін көтеріледі. Сарып асқынғанда тері астына сасық ірің жиналады, тұяғы түседі, сирақтың сіңірі зақымданады.


Тарихи деректер.
Бұл ауру барлық жерде тараған және жұқпалы екені мәлім болған; XIX ғ. 60-шы жылдары франция мен Италияда қойдың «тұяқ ауруы» ретінде сипатталған. Кейіннен клиникалық белгілері бойынша шірік тұяқ, некрозды немесе дифтериялық стоматит деп аталды. Қоздырушысын бірінші рет Р. Кох (1881) бөліп алды да, толық сипаттамасын Лефлер (1888 г. ) берді. 1932 ж. А. Г. Ревнивых солтүстік бұғысының «тұяқ ауруын» зерттеу нәтижесінде некроз таяқшасының этиологиялық маңызын түпкілікті дәлелдеді.
Сарыппен барлық үй жануарлары, көптеген жабайы аңдар ауырады. Бұл ауруға әсіресе солтүстік бұғысы, қой, ешкі, сиыр, шошка, жылқы, үй қояны, құстардан тауық бейім.

Патогенезі.
Қоздырушы (Васt. necrophorum) негізінен жарақаттанған немесе кабынған тері, болмаса кілегейлі қабыктар арқылы жұғады. Қоздырушы енген жерінде қолайлы жағдай болғанда ғана өсіп өнеді. Ұлпаның жаракаттануы нәтижесінде оған оттегініц келуі киындайды, қан тамырлары жарылып, гематома, тромб, флегмона пайда болады, үлпалар өліеттенеді, яғни ауасыбағасыз микроб үшін қолайлы жағдай туады. Бастапқыда бактерия түскен ұлпа шағын ғана ошақ болып ойылады да, кейіннен айналасы кабына бастайды, қан тамырлары закымданып, фибрин ұйып, көп мөлшерде белокты заттар бөлінеді, тромб пайда болып, нөтижесінде бұлшық ет, тарамыс, сіңір, шеміршектер мен саусақ сүйектері өліттенеді.


Бастапқы өліеттенген ошақтағы қоздырушылар тромбаларда молынан өсіп, тромбадан үзілген бөлшектермен бірге қанға түсіп ішкі ағзалардын капиллярларында тоқтайды. Содан өкпеде, бауырда, ішекте, талақта, мида, басқа ағзаларда метастазлар пайда болады. Дерт процесініц орын тебуіне байланысты бронхопневмония, плеврит, перитонит, абцесс, флегмона, т. б. өрбиді. Қосалқы инфекциялардың қабаттасуы нөтижесінде ауру асқы- нып, зілді нышан алады.
Егер аурудың соңы сәтті аяқталса, дерт процесі тоқтап, бастапқы өлі еттенген телімдер бітіп, жануар жазылады.

Патологиялық анатомиялық өзгерістер.
Сиыр, қой, жылқы және бұғыда патанатомиялық өзгерістер негізінен сирағының бақайы мен тілерсек буынында шоғырланады. Дерттену басталғанда тері қызарып домбығады, кейіннен сыздануы тежеліп, флегмонаға айналады да, маңайындағы ұлпа өліеттенеді. Мұндай ұлпаны тілгенде іріңдеген жасыл-сұр немесе қоңырқай түсті өлі етгенген зат көзге түседі. Тері мен дәнекер ұлпаның өліеттенуі буынның қабы мен тарамыстарына жетіп, шеміршек пен сүйек зақымданады. Сүйек жүмсарып, пішінін өзгертіп, саусак бунақтары сирақтан ажырап, түсіп қалады. Ауызында некроз процесі бар өлексе өте азып, аузы көбікті сілекейге толы болады. Тілі, ұрты, жұтқыншағы ойдым-ойдым болып қабыршақтанып, үлпаларының құрылымы бұзылып, ыдырап, ірімтіктенген исі жағымсыз затқа айналады. Ауру асқынғанда дерт тілдің тереңгі кабаттарына шауып, өлі еттеніп ойылады, таңдай сүйегі мен көмекей шеміршегі некрозға ұшырайды. Өліеттену кей жағдайда өкпеге шабады. Көк еттің беткі қабатында ірінді фибрин байқалады. Өкпе көкірек қабырғасына жабысып қалуы мүмкін, ал өкпенін өзінде шектелген, өліеттенген ошақтар кездеседі.


Жұтқыншақтағы және бронхалардағы сөл түйіндері қанға толып, ұлғаяды. Ұртының бұлшық еттерінің арасында үлкендігі грек жаңғағындай телімдер кездеседі. Құста өңештің өлі еттенуі байқалады. Сиыр мен бұғының таз қарыны мен жұмыршақ қарыны өліеттеніп, зақымданады, жалбыршақ қарынның қатпарлары мүжіліп, бүлінеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz