Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары


Slide 1

Сәуле жарақаттары. Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары

Slide 2

Жануарлардың бөгде заттармен жарақаттанулары

Жарақаттар хирургиялық аурулардың ішіндегі ең жиі кездесдесетін кеселдің бірі К. И. Шакалов және т. б. ғалымдардың деректері бойынша шаруашылықтағы кездесетін аурулардың 94-97 пайызы жұқпалы емес ішкі аурулар болса, соның ішінде 40 пайыздан астамы хирургиялық аурулар екен. Көптеген ғалымдардың деректеріне жүгінсек жарақаттар үлесіне тиеді. Жарақаттар әсерінен мал уақытынан ерте есептеу шығарылады, өнімділігі азаяды, салмағы төмендейді, мал шығыны да болады. Бұған ауру малға көрсететін дәрігерлік көмек пен дәрі-дәрмекке кететін шығынды қоссақ жарақаттың мал шаруашылығына тигізетін экономикалық зияндығы орасан зор екендігін көреміз.

Slide 3

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді

Механикалық

Физикалық

Химиялық

Биологиялық

Жүйке-стрестік

Slide 4

Механикалық жарақат - организмге әсер еткен механикалық күшпен пайда болып, ұлпалар мен ағзалардың әр түрлі дәрежеде зақымдалуын тудырады. Жарақаттың пайда болуына себепкер факторларға организмге витаминдер мен минералдардық заттардың жетіспеушілігі, заттар алмасуының бұзылуы, малдың арықтап қалуы т. б. Осы сияқты жағдайлар жатады. Жарақаттың пайда болуы мал түлігінің жасына да байланысты, жас және кәрі малдардың терісі, ұлпалары сіңірі, тарамысы және сүйегі механикалық күштің әсеріне төзімділігі төмен болады. Жылқы мен иттің сіңірі тарамысы терісі және тарамысы ірі қара мал мен шошқаға қарағанда мықты болады.

Механикалық күш организм ұлпаларына соғу, бұрау, қысу, жанасу, сияқты түрлерде әсер етеді. Ұлпалардың зақымдалу дәрежесі механикалық кұштің бағыты мен әсеріне, жағымдығына, әсер етуші заттың тығыздығына, көлеміне, ұлпалар мен ағзалардың физиологиялық жағдайына тікелей байланысты.

Мысалы: қуысы толы асқазан, қуық ішектерге оқ тисе олардың зақымдалуы қатты да көлемді болады. сол сияқты буаз малдарды остеомаляция дамығандықтан сүйектері сынған жағдай да көп жерден сынатыны байқалады.

Slide 5

Механикалық жарақат жабық және ашық, операциялық, кездейсоқ, тума және соғыс кезіндегі болып бөлінеді. Тері бүтіндігі бұзылмай пайда болған жарақаттар жабық жарақаттар дейміз. Бұған ұлпалар мен ағзалардың үзілуі, жарылыуы, созылуы, буынның шығуы, сүйектің сынуы жатады. Тері анатомо гистологиялық құрылысының ерекшелігіне байланысты өте созылғыш және мықты болады, сол себепті тарамыс - сіңірлер үзіліп, созылып жатқанда, сүйектер сынып жаншылып ұнтақталған жағдайларда терінің бүтінділігі сақталады.

Егер тері немесе кілегей қабатының бүтіндігі бұылған жарақаттарды (кесілу тіліну) ашық механикалық жарақат дейміз. Оларға әр түрлі жаралар, ашық сынықтар мен буындардың ашық шығуы жатады. Жарақаттар күш тікелей әсер еткен жерде одан алшақ жерде болуы мүмкін. Мысалы: күш малдың жілігіне тікелей әсер етсе, ол сүйек сол жерден шорт сынады. Ал егер мал биіктен алдыңғы аяғына салмақ түсіріп құласа, күш тіке тұяққа әсер етеді. Малдың тоқпан жілігі орнына тайып (шығып) кетуі мүмкін.

Кейде механикалық күштің әсерімен ұлпалармен ағзаларда молекулярлық өзгерістер пайда болса, оны шайқалу (сотресенние) немесе контузия дейді.

Slide 6

Физикалық жарақат - ыстық суықтық электрдің және сәуленің әсерінен пайда болады. Мысалы: малдың отқа күйгені, суыққа үсігені, электр тоғы немесе найзағайдың әсері жатады.

Химиялық жарақат мал организміне қышқыл, сілті, ауыр металдың тұздары соғыс, улану заттары және т. б.

Химиялық заттардың әсерінен пайда болады. Мысалы: малды химиялық заттарменен паразиттерге қарсы дәрілегенде кездеседі.

Химиялық заттар түрлеріне байланысты көбінесе тиген жерлеріне әсер етеді, не болмаса организмге тері, кілегей қабығы арқылы сіңіп бүкіл организмді уландырады (фосфор, СҰЗ)

Slide 7

Биологиялық жарақат организмде вирус, микроб, саңырау құлақ, паразиттер, мал және өсімдіктер әсерінен пайда болады (Шакалов К. И. 1961) .

Жүйке - стрестік жарақаттар малға көру, есту анализатры жүйесі арқылы малдың психикасына стрестік жағдайларының әсер етуімен пайда болады. Стрестік жағдайлардың малды үйреншікті қалпынан басқа қалыпқа ауыстырғанда, транспортпен тасымалдағанда, тиеп түсіргенде, көп малды эпизоотияға қарсы дәрілегенде, тоғыртқанда тағы сол сияқты жағдайларда пайда болып, организмнің бейімделу табиғатын айрықша төмендетеді, әлсіреп қажыған малдар естен танып өліп кетуі мүмін. Көбінесе бұзаулар мен шошқаларда көп кездеседі.

Slide 8

Ауыр механикалық жарақаттар электр, ыстық-суықтық және химиялық заттардың әсерінен жарақаттанған мал бас кезде естен танады. (коллапс, шок, салдану. )

Салдануға, шалдығуға апаруы мүмкін кейде мал өліп те қалады. Мал терісінің бүтіндігі бұзылып жара пайда болады, егер жарадан көп қан кетсе мал қансырайды, жара арқылы организмге микробтар еніп жара асқынуы мүмік. Көлемі үлкен жабық жарақаттарда сол жерде пайда болған өлі ұлпалардың уыты организмді уландырады (травматич, токсикоз) .

Slide 9

Сәулелік жарақаттар

иондаушы сәулелер қоздырады. Олар организмді сырттан әсерлегенле немесе радиобелсенді заттар түрінде азықпен, сумен бірген ішке енгенде белсенді радикалдар мен иондар пайда болады.

Радикалдардың өзара және оттегімен әсерлесулері нәтижесінде екінші және үшінші кезекті белсенді өнімдер туындайды да, олар өз кезегінде әртүрлі молекулалармен, ең алдымен нәруыздармен реакцияға түсіп, оларды тотықтандырады. Торшалар ферменттердің химиялық құрылысы өзгеріп, олар белсенділігінен айырылады. ДНК түзілуі тежеліп, торшалардың көбеюі тұншығады. Сондай - ақ белгілі бір мөлшердегі сәулелену кейбір ферменттердің белсенділігін арттырып, , фосфолипидтердің, липопротеидтерлің ыдырауыеа әкеледі, ДНК шиыршықтары жыртылады, торшалар жарғақтарының өткізу қабілеті өзгеріп, иондарды жарғақтар арқылы тасымалдау бұзылады.

Slide 10 Slide 11

Мал организмінің иондаушы сәулемен зақымдану заңдылығы екі факторға тәуелді:

Организмнің тіршілігіне өте маңызды өрмелердің, мүшелер мен жүйелердің сәулеге сезімділік деңгейіне;

Иондаушы сәуленің мөлшеріне және оның тартылу ретінде;

Бұл факторлар жеке - жеке және біріге сәулелік реакциялардың түрін уақытын және олардың организмге маңыздылығын анықтайды.

Slide 12

Организмді сәулемен сырттан әсерлегенде альфа - бөлшектер терең өтпей, эпидермиске кіреді, бета - бөлшектер теріге өтеді, гамма - сәулелер дене рақылы өтіп кетеді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлың түрлеріде радиацияға сезімді болғанымен, кейбіреулеері, мысалы, тауықтар, төзімді келеді.

Өте мол мөлшердегі сәуленің бір дүркін әсерінен жіті немесе жайтүскендей шапшаң өтетін сәулелік ауру қозады.

Мұндай ауру организмді тұтас иондаушы сәуленің мол мөлшерімен сыртынан әсерлегенде, сондай - ақ радиобелсенді заттар организмнің әшәне азық пен сумен көп енгенде байқалады.

Slide 13 Slide 14

Комбинацияланған сәуле жарақаттары

жануар оргазімінде ионизацияланған радиацияның химиялық, термиялық механикалық жарақаттармен қатар өтуін сипаттайды. Комбинацияланған сәуле жарақаттары әдетте ауыр өтеді. Механикалық жарақат немесе комбинацияланған сәуле жарақаты кезіндегі күйік сәуле жарақаттының өтуін қиындатады. Сәуле жарақаты өз кезегінде жазылуы қиындайды, ұзаққа созылады. Себебі, организмге түскен радиация организм сұйықтығы ( қан, су) арқылы түсіп, ондағы белок синтезін бұзады, токсинді радикал тууына себепші болады. Сонымен қатар жасуша бөлінуіне, ферменттік системаның белсендігін төмендетеді. Сәулелену кезінде қан айналым, жүрек қан-тамырлар жүйесі де бұзылады.

Slide 15

Сәуле ауруы.

Бұл иондаушы сәуле әсерінен организмнің зақымдануынан болатын аурудың ерекше түрі.

Сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді:

бірінші дәреже 200 «Р» дозасын алғанда пайда болады,

екінші дәрежелі сәуле ауруы ағза 300-400 «Р» сәуле дозасы

үшінші дәрежелі ауру - 500-600 «Р» дозасы


Ұқсас жұмыстар
Көз жарақаттары
Көру ағзасының жарақаттары
Ветеринариялық хирургия
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
ҚУЫҚ ЗАҚЫМДАНУЫ
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі ветеринариялық көмек
Қойдың аяқ, қабырға сүйектерінің сынуы
Экология мәселелеріндегі аналитикалық химияның орны
Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерлері
Қисық мойын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz