Электр тоғынан болатын жарақаттар




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемелекеттік университеті
 
 
 

                                                 БӨЖ
Тақырыбы: Электр тоғынан болатын жарақаттар.
 
                                                               
 
 
                                                               
                                               Орындаған: Қозыханов М
ВМ ­ 305
                                                                Тексерген: Ахметжанов О.Н.
 
                                
                                         Семей қаласы ­  2016 жыл
 Жарақат ­ әртүрлі сыртқы ортаның әсерінен 
организмнің ұлпалары мен ағзаларының 
морфологиялық, торшалық және молекулалық 
деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы.
Жарақат – травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат,
зақымдалу дегенді білдіреді. Жарқаттаушы факторлар экзогенді және
эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы әсерлеріне
механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады.

Ал эндогенді әсерлерге - организмдегі витаминді - минералды
заттардың алмасуының бұзылуынан, қан айналымының бұзылуынан,
аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа
ішкі құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар
жатады. Сондай ақ эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан –
ішек қуысына түсуінің нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен
зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге әртүрлі себептермен енген
микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген тастардың
әсерін де жатқызуға болады.
 Жарақат мал арасында өте жиі кездеседі, ресми 
мәліметтер бойынша ол тек таза хирургиялық 
аурулардың 25­30% иеленеді. Ал бас кезінде 
хирургиялық ауру емес, кейіннен хирургиялық ем 
қажет ететін аурулар санын қосса (трахеомотомия, 
руменотомия, кесарев операциясы және т.б.) 
жарақаттың пайыздық саны одан да жоғары болады. 

Бұдан басқа негізгі ем – хирургиялық жолдармен 
емделетін кейбір жұқпалы аурулар (актиномикоз,
    некробактериоз, сіреспе, айналма т.б.) да бар. Жалпы 
алғанда барлық ауру малдардың 50% хирургиялық 
емді қажет етеді екен.
Жарақаттың мал арасында тарауын, онан келетін
зиянды бірталай ғалымдар зерттеген. Г.Әбішовтің
деректері бойынша ірі қара малда жарақат 37,8%,
оның ішінде үш жастығы таналарда - 26,5%, қойда
жайылым кезінде 44,6%, қыстауда 7,3%, шошқада
28,4%, жылқыда 26,4% кездеседі. М.В.Плахотин мен
Щитов бордақылау комплекстерінде бұқашықтарда
жарақат 12-30% дейін кездесетінін бақылаған.
Ауыл шаруашылығы жануарларының электр тоғымен 
жарақаттануы толық зерттелмеген. Электр тоғына 
жылқы малы сезімтал болып келеді; оларға жоғары 
кернеудегі 120­ 150 вольтты тоқ әсерінен өледі. 
Қазіргі таңда өмірге қауіпті тоқтың күші 0,1 (100мА) 

болып табылады; ал жоғары кернеулі тоққа келетін 
болсақ; өлімге алып келетін әрқилы кернеуліктерде 46 
вольттан бастап байқалады; ең қауіптісі 120 және оданда 
жоғарғы вольтты жоғары кернеулі ток болып табылады.
Әр түрлі жиіліктегі электр тоғының қауітілігі мына себеп 
салдарға байланысты; денеге проводтың 
жанасуына,терінің жүннің ылғалдылығына, сонымен 
қатар еденнің материалына, және тоқтың әсер ету 
уақытына қарай. 
Малдардың тоққа түсуі ол электр бағаналарының 
сымдарының үзілуінен және жалаңаштанған 
проводтарды малдар басып кетуінен; сонымен қатар 
жоғары кенеуліктегі электр тоғының үзілген 
проводына жақын маңынан өткенде болады. Сонымeн  
элeктр тогымeн мал шаруашылығында 
пайдаланылатын элeктр қондырғыларымeн( рeнтгeнт, 
элeктрлі  eмдeу аппаратымeн ) мамандар дұрыс 
қолданылмағада нeмeсe аппараттарды ашық қойып 
кeткeн кeздe элeтр тогымeн жарақаттанады. 
Элeтр тогымeн жарақаттанған мал бірдeн өліп кeтeді 

нeмeсe тeрмиалық жарақат алады. 
Жарақат алған жeрлeрдe сұрғылт түсті болып 
күлдірeуіктeр пайда болады. Бұл жарақаттарды тeз 
арада eмдeмeсe асқыып ары қарай қабынуға ұласады. 

Элeтр тогы ұзақ әсeр eткeнд тeрі қатты күйіп, 
сыдырылып түсіп, бұлшық eт пысып қалады.  Мұдай 
тоқ сүйeккe әceр eтіп, орталық жүйкe жүйсінің 
қызмeтін артырады нeмeсe тeжeйді. Сонымeн қатар 
элeтр тогы өтe күшті болған жағдайда малды өлімгe 
әкeлeді . 
         Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Мал дәрігерлік түсіндірме сөздік Х.Е. 
Қашағанов, Ж.Б. Бердімұратов (Қайнар) 
баспасы Алматы 1982 жыл
2.Общая ветеринарная хирургия М.В. 
Плахотин, А.Н.Голиков, С .Т. Шитов, А.Д. 
Белов, К.А. Липовский. Издательства 
(Колос ) Москва – 1966год. 254­ 255 стр.

Ұқсас жұмыстар
Электр тоғынан қорғану қауіпсіздігі
Электр тоғының адам организміне әсері
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек
Электр тоғының адам ағзасына әсері
Химиялық күйіктер
Электрожарақаттың әсерінен ағзалардағы және олардың ұлпаларындағы морфологиялық өзгерістер
Электр және сәуле жарақаттары кезіндегі алғашқы ветеринариялық көмек көрсету
Қол машиналары
Жарақаттардың түрлері
Жарақаттар
Пәндер