Эмболия
Презентация қосу
Эмболия
Эмболия деп қан тамырында, қалыпты
жағдайда кездеспейтін әр түрлі
заттардың көшіп жүруін және олардың
қан тамырларын тығындап қоюын
атайды. Қанмен келген бұл заттарды
эмбол дейді.
Эмболияның түрлеріне мыналар
жатады: тромбоэмболия—
тромбтар алғашқы орнынан үзіліп
немесе бөлшектеніп кеткенде
пайда болады, ол эмболияның
басым бөлігін құрайды.
Тромбоэмболияның негізгі себептерінің бірі
веналық тромбтардың тез өсу жағдайында қан
тамыры қабырғасымен байланысын жоғалтып
алуы, яғни акциалдық тромбтардың түзілуі.
Сондықтан, әсіресе операциядан кейінгі кезеңде,
сөл әсер нәтижесінде (жөтелу, дефекация)
тромб орнынан жылжып кетіп, өкпе
артериясының тромбозы белгілері пайда
болады. Ғылыми мәліметтерге қарағанда
тромбоэмболдардың 60% ірі веналарда
табылады.
Артерия жүйесіндегі тромбоэмболдар көбінесе
қолқа атеросклерозымен, ревматизмдік
аурулармен, жүрек инфарктының асқынуымен
байланысты. Артериялық тромбоэмболиялар
жүрек инфаркты, мидың ишемиялық
инсульты, ішек, аяқ гангреналары түрінде
көрініс береді. Бұл асқынулардың әрқайсысы
ауру өлімінің себебі бола алады.
Экзогендік эмболия ауамен, газбен
(сүңгуірлерде), құрттармен,
бактериялармен, бөгде заттармен
бітелгенде дамиды.
Эндогендік эмболия ауыр жарақаттарда
үзілген тромбтармен, тіндермен,
майлармен бітелгенде дамиды.
Май эмболиясы
жіліктер сынған кезде, тері асты майлары езілгенде,
дене күйгенде, кейде құрамында май бар дөрілерді қанға
кездейсоқ дарытқанда немесе қанның физикалық-
химиялық қасиетгерінің өзгеруі нәтижесінде оның
құрамында май тамшыларының түзілуіне байланысты
пайда болады. Май тамшылары бірінші кезекте өкпе
капиллярларын тығындап қояды. Өкпе ка-
пиллярларының 75% маймен толғанда қанның өкпеден
жүрекке өту мүмкіншілігі болмай жедел асфиксия (ауа
жетіспеушілігі) дамып, ауру мал тез өліп қалады.
Ауа эмболиясы
жүрекке жақын қан тамырлары, мысалы, мойын
веналары жарақаттанғанда дамиды. Қанға ауаның
сорылуы тыныс алу кезінде көкірек қуысында теріс
қысым пайда болуына байланысты. Қан құю кезінде,
дәрі жібергенде мұқият болмаса ауа қан құятын
жүйелер арқылы қанға өтуі мүмкін. Қанмен
араласқан ауа көбіктеніп, көлемі ұлғайып қан
жүректің оң қарыншасынан өкпеге өтуін
қиындатады, соның нәтижесінде сол қарыншаға қан
бармай ол өз жұмысын тоқтатып, мал бірнеше
минут ішінде өледі.
Бұл өлімнің себебі өкпе-жүрек рефлексі болуы
мүмкін. Ол өкпе қан тамырларындағы
механорецепторлардың аса тітіркенуімен, осыған
байланысты өкпе артериясы мен оң қарыншадағы
қысымның көтерілуімен, үлкен қан айналу
шеңберінде қан қысымының рефлекторлы түрде
төмендеуімен, қанның минуттық көлемінің
азаюымен түсіндіріледі. Өкпедегі артерия-веналық
анастомоздардың ашылуы ауа көпіршіктерінің үлкен
қанайналым жүйесіне (ми, бүйрек, жүрек, қан
тамырларына және т. б.) өтуіне мүмкіндік береді.
Тін эмболиясы
көбінесе жаңа туылған төлдерде, туылу
кезінде тіндердің әр түрлі себептерге
байланысты езіліп-жаншылып қанға
өткенінде дамиды. Қанға ұрық
айналасындағы сұйықтың немесе хорион
бүрлерінің қатерлі ісік жасушаларының
түсуі де тін эмболиясына жатады.
Бактерия эмболиясы
сепсис кезінде қанға бактерия
колониялары немесе сепсистік
аутолиз нәтижесінде бөлініп кеткен
тромб бөлшектері түскенде дамиды.
Эмболияның тасылу бағытына қарап үш
түрін ажыратады
1. Тура бағыттағы эмболияда эмбол қан бағытымен көшеді.
2. Кері бағыттағы (ретроградтық) эмболияда эмбол қан ағу
бағытына қарама-қарсы әрекеттенеді.
3. Күтпеген (пародоксалдық) бағыттағы эмболия — эмболдың
үлкен қан айналу шеңберінен, кіші қан айналу шеңберіне
(өкпеге) соқпастан айналып жүруі. Бүл негізінен жас
төлдерде, екі жүрекше аралығындағы сопақ тесік бітпей
қалған жағдайда, ересек малдарда қарыншалар арасында
саңылау пайда болғанда ғана кездеседі.
Орналасу жиілігі бойынша эмболияның
таралуы
Аяқтар — 66,5%
Қолдар — 33,5%
Сан артериясы — 41%
Мықын артериясы — 18,2%
Аорта бифуркациясы — 15,3%
Бұғана асты артериялары — 10,4%
Балтыр артериялары — 5,8%
Иық артериялары — 4,7%
Қолтық асты артериялары — 1,9%.
Эмболия емі
Негізгі емдеу әдісі оперативті: эмболия кезінде —
эмболэктомия, тромбоз кезінде — тромболэктомия +
рентгеноструктивті операция.
Консервативті емге қарсы көрсеткіш жоқ, ал хирургиялық
емге қарсы көрсеткіштер бар.
Хирургиялық емге абсолютті қарсы көрсеткіштер:
агональді жағдай
тотальді ишемиялық контрактура ( И III В дәрежесі),
ишемияның жеңіл дәрежесі, бірақ науқастың жалпы
жағдайының ауырлығы (ИН-ИIБ дәрежесі).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Общая ветеринарная хирургия М.В. Плахотин, А.Н.Голиков, С .Т.
Шитов, А.Д. Белов, К.А. Липовский. Издательства (Колос ) Москва –
1966год. 254- 255 стр.
2. Сайдулдин Т.С. Орысша –қазақша малдәрігерлігі сөздігі
.-Алматы,Қайнар.-1993.
3.Мал дәрігерлік түсіндірме сөздік Х.Е. Қашағанов, Ж.Б.
Бердімұратов (Қайнар) баспасы Алматы 1982 жыл
Назарларыңызға рахмет!!!
Орындаған: Қилашев Е.Ж
Тексерген: Ахметжанов О.Н
Тобы:ВМ-305
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz