Етті қайта өңдеуші кәсіпотындағы ветеринариялық менеджмент
Презентация қосу
Етті қайта өңдеуші
кәсіпотындағы
ветеринариялық
менеджмент
Жоспар:
• I.Кіріспе
• II.Негізгі бөлім
• 2.1. Ет өңдеу өнеркәсібі
• 2.2. Ет өңдейтін объектілерге
қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар
• III.Қорытынды
• IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін
өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы
халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл
және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері
қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-
көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді.
Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал
азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары,
т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар
(емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады.
Ет өңдеу өнеркәсібі дәстүрлі түрде
Қазақстан өнеркәсібінің ең басты
ауылшаруашылық саласы болды. Оның
мәні малды кешенді қайта өңдеуден
тұрады. Сала қызмет бағдарлары әр
түрлі бірнеше кәсіпорынды білдіреді:
малды өсіру мен бордақылау, құрама жем
шығару, кондициялы малды сою мен
қайта өңдеу, ет өнімдерін шығару, өнімді
сақтау және сату, сол сияқты саланың
сервистік кәсіпорындары.
Етті өңдеу кәсіпорынның негізгі түрі ет
комбинаты болып табылады. Одан басқа ет
өнеркәсібінде арнайы кәсіпорындар бар.
Мысалы, шұжық фабрикалары, консерві
зауыттары, кейбір кәсіпорындар тек қана
сонымен айналысатын және майды өңдеу-сою
орындары бар. әр түрлі ет өнімдерін (шұжықтар,
жартылай өңделген өнім) өндіретін етті өңдеу
зауыттары соңғы уақытта кең таралған.Олар
тек қана мұздататын немесе тоңазытылып
әкелінетін шикізатпен (етпен) жұмыс жасайды.
Ет комбинатының құбылыстары типтік жоба
бойынша жұмыс жасайды.
Ет комбинаттары тағайындалуы бойынша әкететін және
тұтынатын деп бөлінеді. Малшаруашылық ауландарда
әкететін ет комбинаттары салынады. Олардың жұмысына
малдарды сою және өңдеу жатады. Мұндай ет
комбинаттарының қуаттылығы жоғары және онда ірі
мұздатқыштар бар. Ал, тұтынатын ет комбинаттары,
керісінше, жақын жатқан аудандардағы халықты ет және ет
өнімдерімен қамтамассыз етеді. Кез-келген етті өңдеу
кәсіпорындары қуаттылығы мен тағайындалуына, құрылымы
бойынша цех құрамы мен қондырғыларының орнатылуына
тәуелсіз санитариялақ ережелер мен жобалау нормаларына
сай болу қажет.
Ет өңдейтін объектілерге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
жүйесі
• Ет өңдейтін объект санитариялық-
қорғаныш аймағын ұйымдастыру
арқылы дербес жер учаскесінде
орналастырылады. Кәсіпорынды
орналастыру және санитариялық-
қорғаныш аймағының көлемі
халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы мемлекеттік
органмен келісіледі.
• Ет өнімдерін өндіру және өндіріс
қалдықтарын өңдеу кәсіпорындарын
тұрғын үй және қоғамдық
ғимараттарда орналастыруға жол
берілмейді.
• Кәсіпорынның аумағы мынадай негізгі
аймақтарға: әкімшілік, шаруашылық,
малды союға жіберу алдында бағып
ұстайтын, өндірістік, су құбыры және
кәріз құрылыстары аймағына бөлінеді.
• Өндірістік және шаруашылық-
тұрмыстық ағынды суларға
арналған кәріздің ішкі желісі
коллекторларға өздігінен
шығарылып, бөлек көзделеді.
• Өндірістік цехтарда мыналарды:
майлы, майсыз суларды,
шаруашылық-тұрмыстық және
ластанбаған өндірістік суларды
қамтитын ағынды суларға
арналған ішкі кәріздің бөлек
• Кәрізге немесе жергілікті тазарту
құрылыстарына ағын суларды
жіберу алдында: механикалық
жолмен тазалануға жатады; май
ұстағыштар арқылы өткізіледі;
карантинді бөлімнен және аумақты
шайған судан шыққан ағынды су
малдың қиын ұстағыш арқылы
өткізіледі және
зарарсыздандырылуға жатады.
• Малды сою алдында бағып ұстайтын
базаның, автокөлікті санитариялық
өңдеу және жанар май шаруашылығы
пунктінің ағын сулары объектінің
қалған аумағына берілмеуі тиіс.
• Барлық қатты қалдықтар, оның ішінде
малдың қиы арнайы жинағыштарға
жиналады және залалсыздандыру
немесе кәдеге жарату орындарына
шығарылады.
• Малдарды алғашқы қайта өңдеу
цехының аспалы жолдар және
конвейерлік тораптары тұтас еттердің
еденмен, қабырғалармен және
технологиялық жабдықпен жанасу
мүмкіндігін болдырмауы тиіс. Тұтас
еттердің қанын сорғытатын,
тазалайтын және жуатын учаскелерде
сұйықты ағызуға арналған трапқа
еңісі бар (металл, бетон, әрленген
плита) астау орнатылады.
• Тамақ шикізаттарын (шикізат майын,
ішектің жиынтықтарын, шикізат
қанын, субөнімдерді) жинау және
тасымалдауға арналған ыдыстар,
түсірулер, арбалар және басқа да
көлік құрылғылары әрбір цех және
өнімнің түрі үшін бөлек таңбалануы
тиіс. Оларды басқа цехтарда немесе
басқа мақсаттарда пайдалануға жол
берілмейді.
• Сойылған малдардың қарнын,
ұлтабарын тазарту, сондай-ақ терісін
шелден тазарту тұтас еттерді таситын
орындардан кемінде 3 м қашықтықта
алыстатылған және биіктігі 2,8 м
қабырғалықпен бөлінген малдарды
алғашқы өңдейтін цехтарда арнайы
бөлінген учаскелерде немесе бөлек үй-
жайларда жүргізіледі.
• Тұтас еттердің қанын сорғытатын учаскеде
техникалық қанды жинау үшін аспалы
жолдардың асты трапқа еңісі бар
тұғырықпен жабдықталады; тұтас еттерді
тазарту және өңдеу учаскесінде – ағынды
жинауға арналған астау және кесіп
алынғандарды жинауға арналған
сыйымдылық (жинағыш).
• Тағамдық қанды жинау учаскесі қуыс
пышақтарды шлангімен жуу және
дезинфекциялау құрылғыларымен,
флягамен, мүкаммалмен және жабдықпен
• Тағамға жатпайтын қалдықтар
ажыратылатын түспен боялған
және оның қандай мақсатқа
пайдаланатыны туралы таңбасы
бар бөлек ыдысқа жиналады.
Жарамсыз деп алынған ет
өнімдерін жинау үшін бөлек
түсулер немесе арнайы жабылатын
жылжымалы ыдыстар
жабдықталады.
• Мал шикізаттарынан медициналық
препараттарды дайындау үшін жеке
өндірістік үй-жайлар бөлінеді. Мал
азығын және техникалық өнімдерді
өндіру тағам өнімдерін өндіретін
цехтардан оқшаулануы және
санитариялық өткізу типі бойынша
дербес тұрмыстық үй-жайлары бар
жеке шикізат бөлімшесі болуы тиіс
Қорытынды
• Қазіргі таңда ет және шұжық өнімдері
өнеркәсібінің тұрақты дамуына және
осы саладағы өнімдердің сапалылығы
мен сұранысқа ие болуына саладағы
өндірістің тиімділігіне ұйымдық-
технологиялық жетістіктермен қатар,
өндіріс шығындарының басқарушылық
есебі мен бақылауы және жедел
талдауының алатын орны өте айрықша
десек қателеспейміз.
Қолданылған әдебиеттер
• Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент,
Алматы. 2006
• С.Тойкин., Ө.С.Сұлтанов., Ауылшаруашылық
экономикасы мен менеджменті., Семей,2014
• Интернет желісі
• http
://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=233&t=61
• http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V13N0004317
• Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу
құралы), Ақтөбе Орал . 2005
• А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент,
Алматы. 2006
Назарларыңызға
рахмет!!!
• Орындаған: Қилашев Е.Ж
• Тобы: ВМ-305
• Тексерген: Жексенаева А.Б
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz