Инвазиялық аурулардың зияны


Slide 1

Тақырыбы: Инвазиялық аурулардың зияны

Орындаған: Қозыханов М. Ә.

Тобы: ВМ 305 Тексерген: Ахметжанов О. Н.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Инвазиялық аурулардың зияны

Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Паразиттік аурулардың мал және адам денсаулығына да залал келтіретіні белгілі. Кейде олар, тіпті, мал денсаулығын нашарлатып, өлімге жеткізуі де мүмкін. Мысалы, описторхоз, альвеококкоз, эхинококкоз сияқты аурулардың емі тек хирургиялық операция. Кез келген операция мал және адам өміріне қауіп төндіретіні аян. Мысалы, эхинококкоз аурун емдеп шығу үшін әр адамға орта есеппен 25 мың доллар қаржы кетеді екен. Енді есептеп көріңіз, Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 1000 адамға эхинококкоз ауруы бойынша хирургиялық операция жасалады екен. Бұл тек бір паразиттік ауру айналасындағы әңгіме! Басқа паразиттердің мал және адам денсаулығына келтірер залалын өзіңіз есептей беріңіз.

Slide 4

Негізгі бөлім

Қоршаған ортада инвазиялық сатыға дейін дамитын қоздырғыштар, яғни топырақта, шөпте, суда дамитын геогельминттер мен кокцидиялардың инвазиялық сатыға дейін даму және сыртта тіршілік ету мерзімі табиғи жағдайларға: ыстық-суыққа, жауын-шашын мөлшеріне, топырақ құрамына және оның құрылысына байланысты. Бұл жағдайда инвазия көзі-ауру мал мен паразит тасығыштар, ал індет топырақ пен су арқылы жануарларға жұғады. Инвазияның таралуына буынаяқтылар, кеміргіштер, құстар, адамдар және т. б. механикалық тасымалдаушылар да әсерін тигізеді. Сондай-ақ, кейбір ішқұрттарда қоржинағыш иелер болады, олардың денесінде балаң құрттар жиналып, көпке дейін сақталады. Мысалы, құстардың гетеракис, шошқаның аскарида балаң құрттары шемен немесе жауын құрттарының денесінде қорланып жинала береді.

Slide 5

Инвазиялық ауруға бейімді жануарларға оның қоздырғыштары ауыз арқылы, тері арқылы, тасымалдаушылар және тікелей жанасу арқылы да, сондай-ақ аралас жолмен де жұғады (ауыз және тері арқылы) .

Паразиттерге қарсы шараларды жүргізгенде, олардың табиғатта өсіп-өнуіндегі ерекшеліктерін, сондай-ақ тасымалдаушылары мен аралық иелерін, яғни аймақтық, эпизоотологиясын ескеру шарт.

Slide 6 Slide 7

Инвазиялық аурулар үй хайуанаттары мен аңдардың барлық түрлерінде кездесетіндіктен, олар халық шаруашылығына қыруар зиян келтіреді. Көптеген инвазиялық аурулар, әсіресе протозойдтық және ішқұрт аурулары жануарларды жаппай өлім-жітіміге ұшыратады. Ірі қара малдың тейлериоз бен бабезидоздардан әжептеуір шығынға ұшырайтыны барша жұртқа мәлім, сондай-ақ тауық балапандары және үй қояндары эймериоздан және көптеген ішқұрт ауруларынан, қой мен бұзаулардың диктиокаулез бен мониезиоздан, қой мен ірі қара малдың фасциолездан, қойдың ценурозбен мониезиоздан көп шығынға ұшырайтыны белгілі.

Slide 8

Бірқатар инвазиялық ауруларда тікелей өлім-жітім болмағанымен жануралардың өнімі төмендейді, сондай-ақ олардың қалыптағы физиологиялық өсіп-жетілуі тежеледі. Мысалы, астыртын өтетін ірі қара малдың фасциолез ауруында сүт өнімі 20-50% дейін, ал кейде одан да көп төмендейді. Фасциолезбен ауырған қойдан, сау малмен салыстырғанда, 10-30 % жүн кем қырқылады.

П. П. Вибенің деректерінше, эхинококкозбен ауыр зақымданған қойдың орташа салмағы сау жануарлармен салыстырғанда 8 кила аз. Эхинококкозбен орта дәрежеде зақымданған әр қой: 1 кг ет, 140 грамм тоң май және 105 грамм жүнді кем береді.

Slide 9

Ал аскаридозбен ауырған торайлар 3 ай бордақылағанда жоспарлы салмағының үштен бірін жоғалтады.

Аскаридоз және гетеракидозбен зақымдалған тауықтардың жұмыртқа өнімі 15-20% дейін төмендесе, ал простогонимоз ауруында тауықтың жұмыртқа салуы мүлдем тыйылады.

Ішқұрт ауруларына шалдыққан мал өнімінің сапасы да төмендейді. Мысалы, фасциолез ауруларында витаминдердің деңгейі әжептеуір төмендейді, жануарлар денесінде микроэлементтердің мөлшері өзгереді, ал белок мөлшері азайғандықтан және гидремия (қанның сұйылуы) салдарынан ет сапасы мен қоректік қасиеті де күрт төмендейді. Мысалы: эхинококкозбен ауырған шошқаның, сау малмен салыстырғанда етінің ылғалдылығы 4, 48 % артық, ал майы 1, 11 % және протеині 3, 36 % кем болады. Сондай-ақ, ауру шошқаның 1 кг етінің жылу беру қабілеті 194, 2 калория кем.

Slide 10 Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулар
Инвазиялық аурулар туралы түсінік
Жұқпалы емес аурулар
ДИАГНОСТИКА ӘДІСТЕРІ
Инвазиялық әдіс
Инвазиялық аурулардан туындайтын экономикалық шығын
Академик К. И. Скрябин ұсынған девастация туралы және академик Е. Н. Павловский ұсынған табиғи ошақты аурулар туралы ілімдер
Ауыл шаруашылық жануарлардың жұқпалы және инвазиялық аурулары кезіндегі ветеринариялық шараларды келешектік жоспарлау
Инвазиялық аурулар жөніндегі ілім. Инвазиялық аурулардың номенкулатурасы
Шалабай ЖШС
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz