Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері


Slide 1

Аграрлық факультет Ветеринарлық медицина кафедрасы Тақырыбы: Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларын балау және емдеу түрлері

Орындаған: Қозыханов М. Ә.

Тексерген: Ығиева А. С.

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Нефрит

Нефроз

Бүйректас ауруы

Қорытынды

Slide 3

Нефрит

Бүйректердің қан тамырларының қатты қабынудың салдарынан жарақаттанып, бүйректердің жеткіліксіздігін тудыратын созылмалы процесс. Аурудың бұл түрі жіті түрінде қарағанда, әсіресе ірі қара мен жылқыларда жиі кездеседі.

Себептері. Ауру көбінесе жіті түрінен асқынған түрде дмитындықтан, жіті түрінің барлық себептері осы ауруға да жатады. Оның ішінде әсіресе созылмалы уланулар, індетті аурулар, суықтықтың әсері; жүйке жүйесінің, өкпелердің, бронхылардың, жыныс жолдарының қабынулары жиі себеп болады.

Slide 4

Дамуы: Бүйрек шумақтарының ұзақ уақыт қабынуы оларда жүретін сүзілу және секрет бөлу процесстерін нашарлатады. Шумақтарда қанның азаюы және жүйке жүйесінің реттеушілік қызметінің бұзылуы салдарынан организмде ренин көп түзіле бастайды. Ол альфа - глобулинмен қосылып ангиотензин - 2 түзеді. Ол барып қан тамырларының өзегін тарылтады, артериядағы қан қысымы жоғарылайды. Шумақтардағы натрийдің қайта сорылу процесі бұзылады да, ол барып азоттың алмасуының бұзылуын, натрийдің қалдықтарының қанда шоғырлануын тудырады. Қанда мочевина, зәр қышқылдары, креатин, кенеттен азот қалдықтары көбейеді. Осының бәрі жүйке жүйесінің улануына апарып соғады. Уремиялық синдром дамиды. Қанда жиналған улы заттар ішкі бездер мен асқорыту жүйесі арқылы бөлінеді. Бірақ олар асқазан мен ішектердің кілегей қабықтарын тітіркендіріп оларды қабындырады және индол, скатол, фенол, индикан сияқты улы заттардың шоғырлануына себеп болады. бауырдың, жүректің бұлшық еттерінің құрылыстары бұзылады. Қанның азаюы, онда улы заттардың шоғырлануы әртүрлі ағзалардың қызметтерін бүлдіреді және эритропоез нашарлайды.

Slide 5 Slide 6

Өлекседегі өзгерістер. Өлексе өте арық. Тері астында ісік, құсақ қуысында сұйық зат жиналған. Бүйректердің көлемі не үлкейген, не кішірейгКесіндіде құрылысы өзгерген. Өзектерінде ет торшалары, лейкоциттер, эритроциттер және ұйыған белок. Бүйрек шумақтары сыртынан дәнекер тінмен қапталып гиалин тәрізді шарға айналады. Организмде қанның аздығының белгілері байқалады. Жүрек еті қалыңдаған.

Клиникалық белгілері. Бүйректердің зәр бөлу процесі нашарлайды. Ауру мал көңілсіз, бірте - бірте арықтай береді. Ауру кейде асқынып кейде клиникалық белгісіз болады. Асқынған уақытта дене қызуы көтеріледі, кілегей қабықтары бозарған, сұрғылт түсті. Тыныс алу дыбысы қатқыл, бірақ нашар естіледі. Бронханың қабынғаны, онда қанның, лимфаның жиналғаны анықталады. Жүректің шекарасы ұлғайған, түрткісі қатты, саздары алыстан естіледі, р. о. аортада екінші саз қаттырақ естіледі. Артериялық қысым жоғары. Ас қорыту жүйесінің ағзалары қабынған асқазан сөлінің қышқылдығы төмен, кейде жоқ. Несеп тығыз, мөлшері аз, құрамында белок, цилиндр, қан. Несепте индикан аз, керісінше ол қанның сары суында көп. Қанның азаюының гипохромды түрі, эритроциттер мен гемоглобин аз, нейтрофильді лейкоцитоз солға қарай ығысқан.

Slide 7

Барысы. Ауру малдың хәлі кейде түзліп, кейде нашарлап айлап, жылдап созылуы мүмкін. Егер бүйректер бүрісе бастаса малдың толық жазылуы мүмкін емес.

Анықтау. Ауру мал туралы анамнез, клиникалық белгілері және лабораториялық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып анықтайды. Болжамы күмәнді.

Емі. Бірінші кезекте азықтағы белок пен ас тұзын азайту керек. Ісік пайда болғанда суды аз беріп, зәрдің бөлінуін үдету керек. Індетпен асқынғанда антибиотиктер қолданылады. Жүректің қызметін қалыптастыратын дәрілер қолданылады. Қан қысымы жоғарылағанда қан ағызады, уланғанда глюкоза ерітіндісін қолданады. Терінің астына инсулинді қабаттастыра жібереді. Ацидозда - сода ерітіндісін қолданады. Қан азайғанда темір препараттар, антианемин, камполон қолданылады. Іш өтсе тиятын, ал нәжіс қатса оны жұмсартып, іш өткізетін дәрілерді береді.

Сақтандыру. Уақытында дұрыстап аурудың жіті түрін емдеу керек.

Slide 8

Нефроз

Бүйректердің өзектері мен шумақтарының эпителий тіндерінде дегенеративті өзгерістер пайда болып, организмде жалпы зат алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру. Ауру барлық малдарда кездеседі. Әсіресе жылқылар, шошқалар, иттер жиі ауырады.

Себептері. Негізгі себептері организмде септикалық процесті тудыратын барлық факторлар. Ауыр металл тұздарымен, хлорорганикалық қосылыстармен, өсімдік уларымен уланулар; плевропневмониялар; созылмалы іріңді процестер; қотырлар, аумақты күйіктер, ас қорыту жүйелерінің аурулары аурудың себептеріне жатады.

Slide 9

Дамуы толық зерттелмеген. Қалай болғанда да аурудың дамуының негізінде сенсибилизация, аутосенсибилизация процестері; организімінің имуннобиологиялық реакцияларға қатысады да, капиллярлардың негізгі мембраналарын жарақаттайды. Осының салдарынан олигурия, анурия процестері туындайды. Шумақтардағы сүзілу, өткізу процестері үдейді, протеиурия пайда болады. Протеин зәр арқылы көп бөлінетіндіктен қанда оның мөлшері азаяды (гипопротеинемия) . Бүйректердің ирелеңдеген өзектерінде дегенеративті өзгерістер дамиды. Қанның сары суындағы ұсақ дисперсиялы альбуминдер мен альфа-глобулиндердің азаюы ондағы коллоидты-осмостық қысымды өзгертеді. Осының салдарынан су мен натрийдің реабсорбциясы бұзылып, ісіктің пайда болуына бірден - бір себеп болады. Ұзаққа созылған улану гипофиз-бүйрек безі жүйесінің реттеушілік қабілетін бұзады. Оған бүйрек торшаларындағы тотығу прцецесінің бұзылуы қосылып, организмде белок рен майдың алмасуының бұзылуын одан ары асқындыра түседі. Бүйректерде амилоидоз-белоктың түзілуі салдарынан зәр арқылы гамма-глобулин мен фибриногеннің көптеген бөлініуі организмде қарсы денелердің түзілу процесін нашарлатып, індетті-септикалық процестің дамуның бірден-бір себебі болады. Амин қышылдары мен калийдің организмнен көп бөлінуі бүйректердің қызметін одан ары нашарлата түседі.

Slide 10 Slide 11

Өлекседегі өзгерістер. Аурудың жіті түрінде бүйректерде дегенеративті өзгерістер; күңгірттеніп ісінген, ирелеңдеген өзектерде майлы инфильтрат, не өлі еттенген. Бүйректердің көлемі ұлғайған, қанға толы, болбыр, капсуласы оңай бөлінеді. Созылмалы түрінде белок пеен майдың алмасулары бұзылады, амилоид бүйректерде ғанам емес бауырда, көкбауырда да болады. Кейде капилляр амилоидтпен бітеліп қалуы да мүмкін. Бүйрек шумақтары дәнекер тінмен өсіп, бүріскен. Майдың алмасуы бұзылғанда бүйректер жұмсарып, ағарады.

Slide 12

Клиникалық белгілер. Қосалқы түрінде негізгі аурулардың белгілеріне несептегі өзгерістерді кептіруге болады. Оның тығыздығы жоғарылайды, онда белок анықталады. Тұнбада гиалинді, түйіршікті цилииндірлер, бүйрек эпителийі. Қанда эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз; гипо-; диспротеиннемия. Уремиялық синдром бүйректердің қызметіінің жеткіліксіздігін туғызады; олигурия бірітіндеп анурияға айналуы мүмкін. Ауру малдың халі жақсара бастағанда полиурия байқалады.

Slide 13

Бүйрек тас ауруы

Бүйректегі тастардың пайда болуы толық зеттелмеген. Зат алмасу бұзылысы белгілі бір рөл атқарада: фосфорлы-кальцилы, қымыздық қышқылдың, зәр қышқылының бұзылысы. Зәрде тастың түзілуінде маңызды факторлардың бірі болып, бүйректе және зәр жолдарында зәрдің екінші рет түзілу функциясынан пайда болады. Фосфорлы-кальцийдың алмасудағы бұзылысын шақыратын қалқанша бездің гиперфункциясы, ішкі секреция бездерінің бұзылысы - бүйрек тас-ауруының жоғарғы қаупі. Бүйрек тас ауруын - уролитиаз деп аталады. Бүйрек тастары көптеген жағдайда операция жасауды талап ететін сырқат. Тастар бүректің ішінде, оның табақшаларында, түбекшесінде немесе несеп ағарда табылады. Бүйректегі тастардың химиялық құрамы, көлемі әртүрлі болып келеді. Химиялық құрамы бойынша: бейорганикалық: кальций оксалаттары, кальций фосфаттары, ураттар, магний фосфаты. органикалық: цистинді, ксантинді.

Slide 14 Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Несеп шығару жүйесі аурулары
Зәрдегі эритроциттер
Зәр жолдары аурулары
Несеп тас ауруы
Жануарлар ішкі аурулары клиникалық балаумен пәні
Созылмалы бүйрек қабынуы
Зәр тастар
БҮЙРЕККЕ ТАСТЫҢ ЖИНАЛУЫ БҮЙРЕК ТАС
Жедел және созылмалы цистит
Жіті жүйелі қызылша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz