Бас аймағының актиномикозы, этиологиясы, диагностикасы, емі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
 
 
 

С ӨЖ
Тақырыбы:Бас аймағының актиномикозы, этиологиясы, диагностикасы, емі 

  
Дайындаған: Қилашев Е.Ж. 
Тобы: ВМ – 305
Тексерген: Ахметжанов О.Н 

 
Семей 2017
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1. Патогенезі
2.2. Клиникалық белгілері
2.3. Диагностикасы
2.4. Емі
III.Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Актиномикоз (грекше aktіs (aktіnus) — сәуле және
mykes — саңырауқұлақ) — актиномициттер
қоздыратын жұқпалы ауру. Актимикозбен көбіне
жануарлар шалдығады, ал адамдар сирек
ауырады. Актиномикоз табиғатта кең тараған. Ол
топырақта, жануардың ішек-қарнында, арпа-бидай
дәндерінде ұзақ сақталады. Актиномикоз
жануарлардың аузының шырыш қабатында, ішек-
қарнында, жоғарғы тыныс алу жолында әрқашан
кездеседі, бірақ зиян келтірмей тіршілік етеді.
Патогенезі
Ағзадағы қорғаныс қызметі төмендегенде
(тұмау,туберкулез тағы басқа) жануарлар
актиномикоз ауруларына шалдығады. Ол көбінесе
мойын терісін, асқазан мен өкпені зақымдайды.
Саңырауқұлақтың енген жерінде созылмалы
продуктивті қабыну процестері дамиды және
гранулемалар түзіледі. Аталған гранулемалардың
қаттылығын ағашпен салыстыруға болады.
Ол қарқыны өте жылдам және сол маңдағы жаңа
тіндер тез шалдығады. Түзілген
инфильтраттардың тереңінде сұйық ірің мен
друзалар бар босаңсу ошақтары түзіледі, кейін олар
жарылып ирелеңді жыланкөздер мен ойық жаралар
ашылады. Жақын маңдағы регионарлық лимфа
түйіндері өзгермейді. Тек екіншілік іріңді инфекция
қосылып, флегмоналар пайда болған кезде ғана
аймақтық лимфаденит дамиды. Инфильтрат
қантамырларына енген кезде инфекция организмге
тарап — спецификалық актиномикоздық сепсис
дамиды.
Клиникалық белгілері

Инкубациялық кезеңі бірнеше аптаға, кейде айға
созылады.
Сыйпалағанда қатты, ауырмайтын, ауруға
шалдыққан жерінің температурасы
көтерілмейтін, кейде көптеген ірінді тесіктері
бар, ісік пайда болады.
Актиномикоз ошақтарының жиі орналасатын
жері — мойын мен төменгі жақ аймағы (50%).
Дерт біртіндеп, жедел құбылыстарсыз басталады. Е ң
ерте пайда болатын белгі — жақтың қарысуы,
кейінірек тығыздану мен шайнау бұлшық еттерінің
ісінуі пайда болады. Тері, тері асты шел қабаттары,
кейде сүйек те зақымдануы мүмкін. Тығыз,
жылжымайтын инфильтрат анықталады.
Уақыт өте келе инфильтрат ыдырайды, көптеген
жыланкөздер пайда болып ірің аға бастайды. Ірің
ішінен сарғыш түсті дәнек тәріздес друзаларды көруге
болады. Жыланкөздердің айналасындағы терінің түсі
қою көк немесе қызыл болып келеді.
Диагностикасы
Диагнозды дәллдеу үшін іріңді
микроскоппен тексереді немесе теріден,
инфильтраттан, лимфа түйіндерінен
биопсия алу керек. Іріңде немесе
тіндерде саңырауқұлақ
друзаларының табылуы актиномикоз
диагнозын дәлелдейді.
Емі
Актиномикозды емдеуге йод препараттарын (калий
йодиді) рентгенотерапиямен бірге қолданады. Сонымен
қатар антибиотиктер, спецификалық
актинолизаттар егіледі. Актинолизаттарды тер ішіне
немесе бұлшық ет арасына еккен жөн. Алғашқы
сатысына операция жасаған жақсы болады. Йодпен
өңдеп өлген тіндерді сылып тастайды. Күн сайын су
араласқан 5,0 — 10,0% йодид калийын ішкізеді.Ұзаққа
созылған ескі процестеріне ем қонбайды деседі.
Бактериостатикалық жағынан қарағанда актиномикоз
грибоктарына пенициллин жақсы әсер етеді (өсуін
тоқтатады).
Пайдаланылған әдебиет
Шакалов К.И. Калашник И.А. Мастыко Г.С. Поваженко
И.В. Башкиров Б.А. Семенов В.С. / Частная ветеринарная
хирургия // Ленинград «Колос» -1990. – 465 с.
Абишев Г. Травматизм сельхоз животных. Алматы. 1975.
Абдрахманов Е. – «Хирургия» Алматы, 2000ж.

Интернет желісі
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Бүйректің созылмалы шамасыздығы
Тіл-жұтқыншақ нерві невралгиясы Жоғарғы көмей нерв нейропатиясы Тіласты нерві нейропатиясы
Арқа омыртқа өсіндісінің остеомиелиті, этиологиясы, диагностикасы, емі
ПОДАГРА
Бауыр циррозының емі
Тыныс жетіспеушілігі
Жатыр жыртылулары
Тілме - терінің жедел қабынуы
Ішектен тыс зақымданулар
Бауыр циррозы
Пәндер