Инвазиялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы


Slide 1

Инвазиялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы

Slide 2

Жоспар:

Токсоплазмоз

Пироплазмидоздар

Қой эстрозы

Дикроцелиоз

Стронгилятоздар

Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Токсоплазмоз

- табиғи ошақты, адамдар мен жануарларға ортақ, жіті және созылмалы турде өтетін жасуша ішіндегі карапайымдылар тудыратын ауру.

Slide 4

Қоздырғышы

Тохрlasma gondii, жарты ай не дөңгелек тәрізді

пішіні бар, ұзындығы 4-7 мкм. 1. 5-4 мкм. Токсоплазма екі катарлы

пелликуламен капталған, бұлшық ет, жүйке, бауыр, бүйрек

жасушаларында тоғышарлық етіп, циста түзеді. Коздырғыштың екі

иесі бар, негізгісі - мысықтар болса, косымшасы - жануарлар, құстар

және адамдар деп саналады. Еттің температурасы 4 С -та болса 3-4

жұма, -15-18° С -та - 3 күн, ал пісірілген етте 20 минуттан соң өледі.

Slide 5

Сойғаннан кейінгі диагностика

Бауыр, көк бауыр ұлғаяды. гиперемия, өкпенің тым ылғаллануы және көпшілік ағзаларда және лимфа түйіндерінде ұсақ некрозды ошактар байқалады. Жасушаларды гистологиялык әдіспен зерітегенде ретикулоэндотелиальды жүйесінің жасушаларында, некрозды ошақтарда көптеген гоксоплазмдар табылады. Серологиялық және биосынама кою әдістері де пайдаланылады.

Slide 6

Сойыс енімдерін ветеринариялық-саннтариялық бағалау

Ұшаны қайнату әдісімен залалсыздандырып, ішкі ағзаларды утилизацияға жатқызады.

Slide 7

Пироплазмидоздар

қарапайымдылар ту дыратын аурулар тобы. Пиропламидоздармен барлык ауыл шаруашылық малдары ауырады. Бірақ та, әр малдардың өзіндік турі болады. Қоздырғыштар эритроцитте, ретику лоэндотелиальды жүйеде, бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде., қан сарысуында, лейкоциттерде тіршілік етеді.

Slide 8

Сойғаннан кейінгі диагностика

Қан азаяды, сарғаю үрдісі

басым, бауырдың, көк бауырдың улғаюы, кілегейлі және серозды

қабықтардың қанталауы, қанның сұйылып, ашық тустенуі

пиропламидоздардың негізгі белгілері. Тейлериозда лимфа

түйіндерінде, бүйрек, бауырда ұсақ, ұстағанда тығыз қанталаған

төмпешіктер байқалады. Төмпешік ортасында үгітілетін сұр түсті заттарды табады. Соңғы диагноз жүрек, кек бауырдан микроскопия адісімен (Романовский - Гимза) боялған қоздырғыштарды, табуға негізделген Пироплазмидтер көк - кою көк түске, ядро - қызыл түске боялады.

Slide 9

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау

Егерде үшаларда сарғаю және ішкі ағзаларда дегенеративті өзгерістер жоқ болса, ұшаны және басқа да мүшелерін кедергісіз босатады. Егерде ұшадан сарғаю 48 сағат ішінде кетпесе және дегенеративті өзгерістер бар болғанында бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижесінде етте салмонелла табылса, етті кайнатып не консерві жасап залалсыздандырады, ішкі мүшелер утилизацияға жаткызылады. Егерде салмонелла жоқ болса, ұша мен өзгеріске ұшырамаған ішкі мүшелерді кедергісіз босата береді (пісіру сынамасы міндетте түрде жүргізіледі) .

Slide 10

Қой эстрозы

Oestrus ovis- танау, жұтқыншақ бүгелегінің балаңқұрттары тудыратын инвазиялы ауру. Балаңқұрттар танау, мандай және бастың басқа да қуыстарында тіршілік етіп, кабыну үрдісін туындатады.

Slide 11

Қоздырғышы

Танау - жұтқыншақ бүгелегінің балаңқұрттары, көлемі 30мм х 1. 3 мм. Баланңқұрттардың I, II өсу сатысында танау жолы куыстарының кілегейлі кабығында, торлы сүйектің иірілімдерінде, ал III сатысы маңдай қуысы мен мүйіз куысында тіршілік етеді. Толыққан III сатыдағы балаңқұрттар қайтадан танау қуысына оралады да, қоршаған ортаға түседі.

Slide 12

Сояр алдындағы диагностика

Созылмалы ринит, фронтит туындайды, демалуы жиілейді, қиындайды. Танауынан канды ірінді сұиық ағады.

Slide 13

Сойғаннан кейінгі диагностика

Танау, маңдай және қосалқы қуыстарда балаңкұрттар ұшырасады және қабыну байқалады.

Slide 14

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялык бағалау.

Егерде эстрозбен зақымдану жеңіл түрінде болса, зақымдалған танау

иірілімдерінің, маңдай қуысының, жұтқыншақтың, кеңірдектің

ұлпаларын утилизацияға жатқызады, ал закымдану ауыр түрінде

болса, басты бүтіндей утилдеуге жаткызып, ұшаларды бөгетсіз босата береді.

Slide 15

Дикроцелиоз

Табиғи ошақты, адамдар мен жануарлардың созылмалы турде ететін, бауырдың және өт жолдарының закымдануымен сипатталатын инвазиялы ауру. Көбінесе қой, мүйізді ірі қара. түйе, бұғы, арқар жиі аурады

Slide 16

Қоздырғышы

Бауыр сорғыштар класына жататын дикроцелии тоғышар құрты. Қандауыр тәрізді, ұзындығы 5-12 мм. ені 1-2. 5мм Негізгі және аралык иелері арқылы дамиды.

Slide 17

Сойғаннан кейінгі диагностика

Бауырды жарып, ірі өт жолдарын кеседі де, бармакпен сығып ішіндегі заттарын шығарады. Егер тоғышар бар болса, қара қошқыл қоңыр түсті қоймалжың сұйық ішінде жетілген құртты байқауға болады.

Slide 18

Егерде закымдану жеңіл түрде болса, 6ауыр тарапынан көп өзгеріс болмайды, ал ауыр закымданған түрінде бауырдың беті шарбақ тәрізді өт жолдары білеуленіп ұлғаяды. Бауыр көлемі де ұлғаяды сырты бұдырлы, ақ дақ тәрізді закымданған ошақтар да ұшырасады. Дикроцелийдің саны бір бауырда мындаған болып, өт жолдарының созылмалы кабынуын сипаттаса, соңы бауыр циррозымен аяқталады.

Slide 19

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау


Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Саз құндыз шаруашылығы
Саз құндыздың жұқпайтын ауруларындағы ветеринариялық­ санитариялық сараптау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz