Инвазия көздері, инвазиялық аурулардың клиникалық, субьклиникалық және жасырын түрлері


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Инвазия көздері, инвазиялық аурулардың клиникалық, субьклиникалық және жасырын түрлері

Дайындаған: Қилашев Е. Ж.

Тобы: ВМ - 305

Тексерген: Ахметжанов О. Н

Семей 2017

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Сорғыш құрттардың тудыратын аурулар

2. 2. Таспа құрт тудыратын аурулары

2. 3. Жұмыр құрт тудыратын аурулары

2. 4. Дегельминтизацияға пайдаланылатын препараттар

III. Пайдаланылған әдебиет

Slide 3

Кіріспе

Жануарлар ағзасында гельминт (құрт), кене, жәндік және қарапайымдардың ықпалынан туындаған дерттерді инвазиялық немесе паразитарлық аурулар деп атайды. Паразит (тоғыштар) деген сөздің түпкілікті мағынасы - бір ағзаның екінші ағза есесінен күнелтуі.

Slide 4

Жер бетіндегі 1, 5 млн. жануар түрінің 60-65 мыңға жуығы паразиттер болып табылады. Қазіргі уақыттағы тоғышарлардың көпшілігі ертеде еркін өмір сүрген ағзалардан өздерінің эволюциялық даму сатысында қажетсіз дене мүшелерінен (аяқ, ас қорыту жүйесі, т. б. ) айырылып (регресс), керісінше, керекті мүшелерді (бекіну, сору, жыныс жүйесінің шектен тыс көп тұқым шашуы, т. б. ) иеленген.

Slide 5

Зоология пәнінен гельминттердің үш тобы белгілі. Олар: жұмыр құрттар немесе, таспа құрттар- және сорғыш құрттар- деп аталады. Алғашқы түрдің аталық және аналықтар (даражынысты) болса, соңғы екеуі (цестода, трматода) қосжынысты (гермафродиттер) болып келеді.

нематода

цестода

трематода

Slide 6

Сорғыш құрттардың тудыратын аурулар

Сорғыш құрттардың ықпалынан туындаған аурулар тобын трематодоздар деп атайды. Трематодоздардың барлығы дерлік ақтық және аралық иелерінің қатысуымен дамиды. Кейбір қоздырушылардың (дикроцелийлер) екі аралық иеде дамуын атап кеткен жөн. Басқа гельминттерден сорғыш құрттардың ерекшелігі- ауыз және құрсақ сорғышының болуында. Алғашқысы әдетте бекіну, қоректену және зәр бөлу міндетін атқарса, құрсақсорғышы құрттың тек мүшеге бекінуін қамтамасыздандырады. Трематодтар- қосжыныстылар. Сорғыш құрттардың дамуы: ересегі-жұмыртқа-мирацидий-спороциста-редия-церкарий-адолескарий (метацеркарий) сатыларынан өтеді.

Slide 7

Осы топ өкілдерінен Қазақстанның оңтүстік облыстарында фасциолез, дикроцелиоз, парамфистоматоз, эуритрематоз, описторхоз, ал солтүстігінде- парамфистоматоз және описторхоз кездеседі. Кез келген трематодтардың ақтық иелері үй және жабайы жануарлары мен құстары, ал аралық иелерінің қызметін тұщы судың және құрлықтың ұлулары, балықтар, құмырсқалар, инеліктер, т. б. атқарады.

Slide 8

Үй жануарларының фасциолезі- бауырдың өт жолдарында фасциола сорғыш құртының тоғышарлығынан туындап, гепатит, холецистит белгілерімен сипатталатын ауру. Ауруға көптеген үй және жабайы жануарлар бейім. Ауру малдан суаттанған кезде сыртқы ортағ бөлінген жұмыртқада дамыған мирацидийлер тұщы су ұлуының денесінде әрі қарай өсіп-жетіледі де, оның ағзасынан шыққан адолескарий су жиегінде өскен өсімдіктерге бекінеді. Кейіннен ауру қоздырушысы шөппен бірге ағзаға енеді.

Slide 9

Аурудың сыртқы белгілері жіті гепатит белгілеріне тән. Алғашқыда кілегей қабықтарының бозаруы олардың сарғылт түске енуімен алмасада, іші бітеліп, кейіннен малға қан тышқақ тиеді немесе іші кебеді. Жүрек қызметінің нашарлауы біртіндеп қалпына келеді де, ауру созылмалы түрге көшеді. Аауру малдың қабағы, жақ асты мен төс тұстары ісінеді. Ауру соңында мал арып азады да, өледі.

Ауруды балау кешенді түрде жүргізіледі. Бұл мақсатта індеттанулық деректері, аурудың сыртқы белгілері, өлекседегі өзерістері мен зертханалық зерттеу ескеріліп нәтижеленеді.

Slide 10

Дауалау және емі. Фасциолезді болдырмау үшін малды таза су көздерінен суаттандыру, жылына екі рет ересек малды препараттармен дәрілеу, ойпаң, жаңбыр сулары көп жиналатын жайылымдарда малды бақпау, қиды қи қоймаларда залалсыздау және ұлуларды жою шаралары қарастырылады. Ем ретінде гексахлорпараксилол, филиксан, гексихол, төртхлорлы сутек, ацемидофен, битионол, т. б. препараттар ережеге сәйкес қолданылады.

Slide 11

Күйістілердің дикроцелиозы- бауырдың өт жолдары мен өт қабында сорғыш құрттың тоғышарлығынан туындаған ауру. Бұл ауруға 70-ке жуық жануарлар (ақтық иелер) бейім. Аралық және қосымша иелері-құрлықтың ұлуы мен құмырсқа.

Аурудың сыртқы белгілері. Мал жайылымда метакарийлермен ластанған құмырсқаларды жеп шалдығады. Ауру мал күйзеліп, іші бірде өтеді, бірде тыйылады, жүні реңсізденеді, төс тұсында ісік пайда болады. Сауын сиырлардың сүті күр азаяды.

Slide 12

Ауруды балау міндетті түрде зертханалық жағдайда ал нәжісін зерттеумен нәтижеленеді.

Дауалау және емі. Жайылымдардағы құрлық ұлуы мен құмырсқаларды метацеркарийлерге тексеру, залалданған жерлердің күздік шөбін өртеу немесе жерді жырту, бейім малды көпжылдықты жайылымдарда бағу- дикроцелиоздың алдын алудағы таптырмас шаралар. Ауру малды емдеуге гексихол қолданылады.

Slide 13

Таспа құрт тудыратын аурулары

Таспа жалпақ құрттардың ықпалынан болған инвазиялық ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспа құрттар табиғатта екі сатыда кездеседі. Ересек, дамып жетілгендері әдетте сүтқоректілердің (үй жануарлары, етқоректілер) ішкі мүшелері мен ағзаларында тоғышарлық етсе, балаңқұрттары сүтқоректілерде, омыртқасыздарда мекендейді. Мысалы, айналмада (тентек, ценуроз) қойдың миында балаңқұрты (құрттың басы суға толы көпіршік) мекендесе, ит, қасқыр, түлкі секілді етқоректілердің аш ішеінде ересегі (денесі бунақталған) дамиды. Немесе, мониезиозда ересегі қойдың аш ішек тоғышары болса, оның балаңқұрт сатыы кездесетін жәндіктің (сауытты кене) денесінде сақталып дамиды. Сондықтан, цестодтардың ересеске сатысындағылардың дене бітімі бунақталған, ал балаңқұрттары суға толы көпіршік түрінде болады.

Slide 14

Жануарлардың эхинококкозы (беріш) - аралық иелерінің бауыр және өкпесін, бұдан сирек басқа мүшелерін балаңқұрттың көпіршікті қабындыруымен сипатталып, созылмалы түрде өтетін ауруы.

Эхинококкозға қой, ірі қара, ешкі, түйе, бұғы, жылқы және доңыз бейім. Ауру адамға өте қауіпті. Құрттың ересек сатысы ит және ит тектестердің аш ішегінің алдыңғы бөлігінде тоғышарлық күнелтеді (ұзындығы 0, 5-0, 6 см, мөлтек, ақшл түсті) .

Аурудың сыртқы белгілері жұмыртқамен ластанған азық суды қабылдаған малда алғашқыда белгілері білінбейді. Малда бағып-күтудегі олқылықтр, ағзаға енген ларвоциста санынң көп болуы мал өнімінің (сүт, жүн, т. б. ) күрт азаюына, өкпе қабынса - жөтел, демікпе, аузын ашып дем алу, бауырда көпіршік орналасса- малдың ауырсынуы белгілерімен байқалады. Қоңы жақсы малда ауру әдетте белгілернсіз өтеді

Slide 15

Ауруды анықтау. Тек сыртқы белгілеріне қарай диагноз қою мүмкін емес. Соңғы жылдары Казони реакциясы (тері ішіне аллерген жіберу) және қан сарысуын зерттеу тәсілдері арқылы ғана қол жеткізілуде.

Дауалау және емі. Дауалау шаралары ценуроздағыдай. Тек сойыс малында қабынған ішкі мүшелерін міндетті түрде залалсыздайды. Ауыру малды емдемей етке жібереді.

Slide 16

Жұмыр құрт тудыратын аурулары

Жұмыр құрттардың (нематода) тудырған ауруларын немотодоздар деп атайды. Бұл топқа алты туысқа жататын өкілдердің ветеринарлық маңызы бар. Аталған туыстардың көпшілігі ас қорыту (аскаридата, стронгилята, трохицефалата, оксиурата), тыныс алу (диктиокаулиде, цистокаулиде, т. б. ) жүйелерінде мекендесе, кейбір жұмыр құрттардың түрлері көзде (телязий), бүйректе (диоктофима), құрсақ қуысында(сетарий), сіңір мен тарамыста (онхоцерка, драшея) тоғышарлық тіршілік етеді.

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Инвазиялық аурулар
Инвазиялық аурулар туралы түсінік
КҮЙІСТІЛЕР АВИТЕЛИНОЗЫ
Инвазиялық аурулардың зияны
НОЗОЛОГИЯ ТУРАЛЫ
Балықтың вирустық аурулары
Инвазия көзі тек адам
Жануарлардың филяриотоздары және оларға қарсы ветеринарлық-санитарлық шаралары
Инвазиялық аурулардан туындайтын экономикалық шығын
Жылқы оксиурозы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz