Инфекциялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы




Презентация қосу
Инфекциялық аурулар кезінде
сойыс өнімдерін ветеринариялық-
санитариялық сараптау және
ветеринариялық-санитариялық
бағасы
Жоспар:
1) Қарасан
2) Маңқа
3) Топалаң
4) Пайдаланылған әдебиет
Қарасан
Қарасан ауруы - Мүйізді ірі қараның індетті, негізінен 3
жасқа дейінгі малдар арасында жіті түрде өтетін контагиозды
емес ауруы. Қой мен ешкіде өте сирек ұшырасады.
Қоздырғышы. Қозғалмалы, шеттері домалақтанып келген
анаэробы таяқша тәрізді, протеолитикалық қасиеттері бар.
Қоздырғыштың вегетативті түрі 80 С-та 2 сағатта, 100 С-та 20
минутта өледі. Формалин ерітіндісі мен күйдіргіш натрий
ерітінділері қоздырғыштарды өлтіре алады. Қоздырғыш
тұздалған және кептірілген өнімдерде бірнеше жылдар бойы
сақталады. Споралы түрі ыстық бумен өңдегенде 6 сағатқа дейін,
ал қайнатқанда 2 сағат бойы тіршілік қасиетін сақтай алады. Мал
көңдері мен қиларында 6 айға дейін сақталады
Сояр алдындағы балау
• Фагоцитоз тежеліп, ұсақ қан тамырлары
зақымданады, гликогеннің ыдырауынан газ
бөлініп шығады. Бұның нәтижесінде
зақымданған телім домбығып, басып көргенде
сықырлайтын дыбыс шығарады. Токсиндер мен
ыдыраған ұлпаның өнімдері қанға өтіп, бүкіл
ағзаны улайды. Бұдан барып дененің ыстығы
жоғарылап, жүректің, ішкі ағзалардың, әсіресе,
бауырдың қызметі бұзылады да, аурудың ақыры
өлімге соқтырады.
Союдан кейінгі балау
• Eгер қарасанға балау тірі кезінде қойылса, қоздырушыны
тараптау үшін өлексені союға болмайды. Өлексе газдармен
тарсиып кеуіп жатады. Табиғи тесіктерінен қанды сұйық ағады.
Тері асты шелі мен зақымданған бұлшық еттері қанталайды.
Ондай бұлшық еттерді тілгенде түсі қара қошқылданып, газ
көпіршіктері көрінеді, күйген қоңырсық иіс сезіледі. Ма ңында ғы
сөл түйіндері ұлғайып, тілгенде қара-қошқыл түсті, қанталаған
ошақтары болады. Қан қара-қошқылданып ұйиды. Көкірек және
құрсақ қуыстарында, жүрек қабында қызыл-сарғыш түсті күңгірт
сұйық іркіледі. Өкпесі домбығып, қанға толады. Көк бауыр ісініп,
болбырайды. Бауыры ұлғайып, өлі еттенген телімдер пайда
болып, газ көпіршіктері байқалады. Мұндай өзгерістер
бүйректерінде де кездеседі. Сірі қабықтары әдетте қабынып,
фибрин қапшықтары пайда болады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағасы
• Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су
көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға,
топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды.
Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-
гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап,
жануарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес
шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі
аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет.
Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер
жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап
егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3
және 6 айлығында егеді.
Маңқа
Маңқа (Malleus) Тақ тұяқтылардың кей жағдайларда
түйе, бұғылардың және адамдардың жұқпалы ауруы.
Көбінесе созылмалы түрде өтеді, өкпеде, тыныс алу
мүшелерінің кілегейлі қабықтарында жаралар болуымен,
терінің әр жерінде пайда болатын, іріңді жара түрінде
кездесетін инфекциялы ауруы. Маңқаның үш түрі кездеседі:
өкпе маңқасы, танау маңқасы және тері маңқасы.
Қоздырғышы. Bact. Mallei маңқа таяқшасы, өте
қозғалмалы, шеттері домалақтанған, көлемі ұзындығы 2-
5см, ені 0,5-0,8 мкм. Қайнатқан кезде тез арада, кептірген
өнімдерде 1-2 жұмадан соң, шіру үрдісінде 15-20 күнде тура
түскен күн сәулесі әсерінен 24 сағаттан соң өледі, төменгі
температурасының көп әсері жоқ. Ылғалды бөлмелерде
қоздырғыш 20-30 күн сақтала алады. Қоздырғыш химиялық
заттарға төзімсіз.
Союдан кейінгі балау
Басты тексергенде жақ асты бездерін жарып тексереді,
міндетті түрде танау шеміршегін шауып, танау қуысын
тексереді. Танаудың, жұтқыншақтың, кеңірдектің,
бронхылардың (ауа жолдарының) кілегейлі қабықтарында
тарының көлемінен бұршақ көлеміне дейінгі маңқа
түйіндері табылады. Егер олар жазылғаны байқалса,
орнында тыртық қалады. Егер патологиялық үрдіс танау
қуысында, аралық сіңірінде болса олар қабынып, өте
ісініп кетеді. Өкпеде маңқа пневмониясы не
бронхопневмониясы болуы мүмкін. Маңқа түйіндері бір-
біріне қосылып, үлкен маңқа үңгірін құрайды.
Сойылған жерді, құрал-аспаптарды 4% - ды натрий
тотығымен, хлорлы әк ерітіндісімен зарарсыздандырады.
Малдың нәжісін, төсенішті азықтың қалдығын өртеп
жібереді.
Ветеринариялық-санитариялық бағасы

Эпизоотиялық қауіптілігіне байланысты ауруға күмәнді
малдарды союға жібермейді. Егерде мал маллеинизацияға
тексерілмесе және диагноз мал сойылып өойғаннан соң байқалса,
ұшаны, терісін, шикізаттарын түгелімен және жанасқан басқа да
сойыс өнімдерін нәжісін, төсенішті, азықтың қалдығын өртеп
жібереді. Тез арада ветеринариялық-санитариялық шараларды іске
асырады. Сойыс өнімдері болған бөлмені, құрал жабдықтарды,
саймандарды 4% ыстық (70-80 С) күйдіргіш натрий, не 3% белсенді
хлоры бар, не 3%-тік формалдегид ерітінділерімен
дезинфекциялайды, құндылығы төмен заттарды жойып жібереді.
Ауру қоздырғымен жанасқан адамдар медициналық-санитариялық
бақылаушылардың нұсқауымен санитариялық өңдеуден өтеді.
Союға келетін малдар, шаруашылықта маңқаға қарсы егілгеніне
қарамастан сояр алдында клиникалық зерттеулерден және
офтальмомаллен-низациядан өтуі қажет. Егер де маллеинге реакция
берсе, ондай малдар өлтіріліп жойылуға тиіс. Малды ң нәжісін,
төсенішті, азықтың қалдығын өртеп жібереді.
Топалаң
Топалаң (Anthrax). Топалаңның жарасы қазақша қой мен ешкіде-
топалаң, жылқыда –жамандат, сиырда-қарасан, түйеде-ақшелек,
адамда-түйнеме аттарымен белгілі. Топалаң барлық ауыл
шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды зақымдайды.
Көршиқан шығып, септицемия түрінде өтетін адам мен жануарлар ға
ортақ жұқпалы ауру. Құстан басқа малдың барлық түрі шалдығады.
Қоздырғышы. Ірі, аэробты, қозғалмайтын, спорасы мен
қапшығы капсуласы бар. Жануарлар денесінде, қанды және
сарысулы қапшық пайда болса, сыртқы ортада қоректік орталарда
15-42 С-та спора түзеді. Қоздырғыштың вегетативтік түрі – 60 С –та
15 минуттан соң, 70 С-та 1-8 минуттан соң, ал 100 С-та тез арада
өледі, - 15 С –та мұздатқан кезде 15 күнге дейін, тұздаған соң 1,5
айға дейін, суда бірнеше жылдар бойы, топырақта 50 жыл тіршілік
ете алады. 120-140 С-тағы ыстық бу спораларды 2-3 сағатта, 120 С-
та автоклавта ұстағанда 5-10 минутта, қайнатқанда – 1 сағатта, 400
С-та 20-30 секундта; күйдіргіш натрийдің 10 % ерітіндісі мен
формальдегидтің 2 % ерітіндісі – 2 сағатта; тікелей т үскен к үн
сәулесі спораларды 4 сағатта бұза алады.
Союдан кейінгі балау
Ірі қарада – ұша өте нашар қансызданған, қатпаған, бос, қан ұйымайды.
Тері астында әр түрлі мөлшерлі қанды ісік байқалады, әсіресе қарын,
жауырын, кеуде, желін аймағында, сонымен қоса шажырқайда, ішекте, ауыз
қуысының кілегей қабығында, лимфа түйіндері маңында астыңғы жақ
арасында жиі кездеседі, мойын және кеуде бұлшық еттері қанталайды. Лимфа
түйіндері үлкейіп, ісінеді, кесіп жарғанда, қызыл - кірпіш тәріздес не қою
қызыл түске боялған. Қанның құйылуы мүшелерде көп нүкте және жолақ
түрінде кездеседі. Көкбауыр өте ұлғайған, өте жұмсақ сыртқы қабығын
қырғанда қоймалжың сұйық пайда болады. Бауыр былжыраған, қан толып
кеткен, бүйрекке қан құйылғаны байқалады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағасы
Егер ауру септицемия түрінде кездессе малдарды союды
тоқтатады. Диагнозды анықтау үшін көкбауырдан, лимфа
түйіндерінен, құлақты және зақымданған мүшелерден
бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулерге
сынамалар жүргізіледі. Талдаудың қорытындысы келгенше,
барлық мүшелерді оқшаулайды. Егер де бактериоскопиялық
зерттеу топалаң бар деп тапса, ұшаны барлық мүшелерімен,
терісімен, бактериологиялық зерттеуді тоспай – ақ өртеп
жібереді.
Топалаңға шыққан малдың терісімен қатар болған терілерді
ережелерге сәйкес ветеринариялық – медициналық бақылау
қызметкерлерінің бақылауымен және нұсқауымен
зарарсыздандырады.
Пайдаланылған әдебиеттер

• Дүйсембаев С.Т. Ветеринариялық-
санитариялық сараптау: Оқулық.-
Алматы,2013.
• Макаров В. А. «Ветеринарно-
санитарная экспертиза с основами
технологии переработки
продуктов животноводства».
Москва, 1991 г.с. 463
Назарларыңызға
рахмет!!!
• Орындаған: Қилашев Е.Ж
• Тобы: ВМ-305
• Тексерген: Серикова А.Т

Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Құс шаруашылығы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Инвазиялық аурулар кезінде сойыс өнімдерін ветеринариялық- санитариялық сараптау және ветеринариялық-санитариялық бағасы
Саз құндыз шаруашылығы
Саз құндыздың жұқпайтын ауруларындағы ветеринариялық­ санитариялық сараптау
Пәндер