Ірі қара малының қант қызылшасымен улануы


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы:Ірі қара малының қант қызылшасымен улануы.

Дайындаған: Қилашев Е. Ж.

Тобы: ВМ - 305

Тексерген: Ығиева А. С.

Семей 2017

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Сипаттамасы

2. 2. Клиникасы

2. 3. Емі

III. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Сипаттамасы

Қант қызылшасында азот қышқыл тұздарынан, белгілі бір жағдайда, азотқышқыл қосылыстары - нитриттер түзіледі. Сонымен қатар қант қызылшасының құрамында 0, 14-0, 19 % мөлшерінде сапониндер болады. Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде малдардың улануы организмге қалыптан тыс қанттың келуінен болатыны дәлелденген. Солай бола тұрса да, қант қызылшасындағы нитриттер мен сапониндердің де әсерлерін ескерген жөн.

Slide 4

1-сурет. қант қызылшасы

Slide 5

Мысалы, егер сиырға 12-15 кг қант қызылшасы берілсе, онда одан организмде 4-5 кг таза қант түзіледі екен. Ал күйіс қайыратын малдардың организмінде, дәлірек айтқанда месқарында, ондағы микроорганизмдердің ферменттерінің әсерінен крахмал, қант тәрізді көмірсутектерінен ұшатын май қышқылдары - пропион, сірке, май; түзіледі.

Slide 6

Бұл процестің аралық метаболиті ретінде сүт қышқылы түзіледі. Ал белгілі бір себептерден организмде қант көп түзілген жағдайда ол толығымен ақырғы өнім - ұшатын май қышқылдарына айналып үлгермейді де, организмде көп мөлшерде сүт қышқылы шоғырланады. Соның салдарынан мескарындағы жынның қышқылдығы жоғарылайды. Ондай жағдайда ол ортадағы рН 3, 7-4, 0 -ке дейін төмендейді. Мұндай ортада микрофлора қалыпты өмір сүре алмайды.

Slide 7

Олардың қызметі нашарлағандықтан алдыңғы қарыншақтардағы ас қорыту процесі бұзылады. Алдыңғы қарыншақтарда гипотония, атония белгілері пайда болады. Ары қарай сүт қышқылы қанға түседі, организмдегі сілтілік- қышқылдық тепе-теңдік бұзылады, ацидоз туыңдайды. Міне осыдан барып, негізінен сүт қышқылымен улану процесі дамиды.

Slide 8

2-сурет. қант қызылшасы

Slide 9

Уланған сиырлардың жалпы күйі нашар, месқарынның жирылуы әлсіз, көбінесе атония анықталады. Соның салдарынан месқарында жын жатып қалады, кейде газ бөлініп, тимпанияға апарып соғуы мүмкін. Уланған малдың дем алысы ауырлайды, жүректің жұмысы нашарлайды.

Лабораториялық зерттегенде кандағы сүт қышқылының мөлшері қалыпты жағдайдан 6-18 мг % -тің орнына 90-105 мг %-ке дейін жетеді, кетон заттары көбейеді, гипергликемия, гликозурия анықталады.

Slide 10

Өлекседегі өзгерістер.

Ішектердің кілегей қабықтарында

қабынудың белгілері бар

Бүйректердің милы қабаты қызарған

уроцистит.

Slide 11

Клиникалық белгілері

Уланған сиыр әлсіз, азыққа қарамайды, шөлдегіш келеді. Месқарынның жирылуы анықталмайды - атония, керісінше ішектердің жирылуы үдей түседі. Қан аралас іштің өтуі байқалады.

Улану көбінесе жіті түрінде анықталады. Уланған мал әлсіреп, жүректің жұмысы нашарлап барып өлім-жітімге ұшырайды.

Slide 12

Емі

Рациондағы кант кызылшасын алып тастайды. Мескарынға 5 л мөлшерінде марганец қышқыл калий ерітіндісін (1:1000) құяды. Оны 1 - 2 % соданың ерітіндісімен жууға болады. Бұл ерітіндіні ауыз қуысы арқылы беруге де болады. Венаға 100-140 мл 0, 5 % новокаин ерітіндісін; 5-10 % хлорлы натрий ерітіндісін 50 мг/кг мөлшерінде жібереді. 150-200 Бірлік инсулинді терінің астына, глюкозаны венаға жіберуге болады. Жүректің жұмысы нашарлағанда терінің астына кофеин ерітіндісін жібереді.

Slide 13

Сақтандыру шаралары

Ірі қара малына қант кызылшасын беру жөніндегі нұскауды қатаң сақтау керек.

Бірден 12 кг-нан артық беруге болмайды.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер

Малдың азытан уланулары:/К. Н. Қожанов, Г. Н. Тойкина-Семей, 2010.

Интернет желісі:https://kk. wikipedia. org/wiki/хрен

Интернет желісі

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Ферменттік препараттардың әсер ету механизмі
Жануарлардың гликозидтермен улануына токсикологиялық сипаттама
Ғылыми техникалық прогресстегі биотехнологияның алатын орны
Ветеринарияда пайдаланатын дәрілік заттар мен биологиялық препараттар
МИКОТОКСИКОЗДАР
Жануарлардың жануар тектес улы заттардан улануы
Құрамында глюкозиді бар өсімдікпен улану
Токсикологиялык маңызы және мөлшері
Мемлекеттік тілі - қырғыз тілі
Пестицидтер әсерінен туындайтын уланулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz