Өндірістік мал шаруашылығындағы ветеринариялық менеджмент және жоспарлау


Slide 1

Өндірістік мал шаруашылығындағы ветеринариялық менеджмент

Slide 2

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер

2. 2. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының салалары

2. 3. Ветеринарияда шараларды жоспарлау

III. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Мал шаруашылығы - ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т. б. ) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т. б. ) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т. б. ) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т. б. ), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т. б. ) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.

Slide 4

Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер

1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.

2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.

Slide 5

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары бірнеше салалардан тұруы, көпсалалы болуы, сондай-ақ бір ғана салада мамандандырылуы да мүмкін (құс фабрикалары, жылыжай комбинаттар және басқалары) .

Slide 6

Сала - ауыл шаруашылық өндірісінің бөлімі. Саланың айрықша белгілері:

өнім құрамы (ет, сүт, астық және т. б. ) ;

еңбектің қолданылатын жарақтары мен құралдары (астық өндіруге комбайн қажет, сүт өндіру кезінде сауу агрегаттары керек) ;

өндірістің технологиясымен ұйымдастырылуы;

еңбеккердің кәсіби ерекшеліктері.

Slide 7

Жоспарлау - ветеринариялық істі басқару функцияларының маңызды бөлігі мен оны ұйымдастыру үшін қажетті бірден-бір маңызды элемент.

Slide 8

Ветеринарияда шараларды жоспарлау схемасы

Slide 9 Slide 10

Ветеринариялық шараларды құрастыру кезінде келесі жайттар ескеріледі

ветеринариялық шаралардың жоспары максималды түрде малшаруашылығының дамуына септігін тигізетіндей болуы керек;

жоспарлар бірқатар жылдар бойғы ветеринариялық статистика деректерін пайымдап, қорытындылау ісіне сүйенеді; жоспарлар алдында малшаруашылығына қызмет көрсету жағдайын жан-жақты бағалап, өткен жылдардағы шаралардың тиімділігін айқындап алу керек;

барлық жоспарланатын жұмыс түрлері нақтылы, сандық шамада көрсетілетіндей, орындалуының күнтізбелік мерзімдері айқындалған болуы керек; ветеринариялық шаралар жоспарлары шынайы болуы тиіс, яғни жұмыс күшімен және қамтамасыз етілген (мамандар, материалдық-техникалық және қаржылай ресурстар) болуы тиіс.

Slide 11

Қорытынды

Сонымен, нарықтық қатынастарға өту жағдайында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына өндірістік қызмет көрсету тиімділігінің дамуы маркетинг және өзара тиімді экономикалық қатынастарға негізделе отырып, ауыл шаруашылығы өнім өндірісінің тұрақты өсуінің және тұрақтандырудың, ауыл шаруашылығы саласын жаңа қазіргі заманғы индустриалдық негізге өткізудің маңызды факторы болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірістік инфрақұрылымдық кәсіпорындардың экономикалық тетіктерінің әрекет етуінен басқа кәсіпорындардың ішіндегі және сыртқы - ресурстармен жабдықтаушылар мен өндірістік қызметті тұтынушылардың арасындағы өзара экономикалық іс-әрекеттер жиынтығын қамтитын ұйымдастыру тетіктерін қарастыру қажет.

Slide 12

Қолданылған әдебиеттер

С. Тойкин., Ө. С. Сұлтанов., Ауылшаруашылық экономикасы мен менеджменті., Семей, 2014

Интернет желісі

http://massaget. kz/forum/viewtopic. php?f=233&t=6116

http://adilet. zan. kz/kaz/docs/V13N0004317

Slide 13

Назарларыңызға рахмет!!!

Орындаған: Қилашев Е. Ж

Тобы: ВМ-305

Тексерген: Жексенаева А. Б


Ұқсас жұмыстар
Өндірістік мал шаруашылығы кешендерінде ветеринариялық шараларды жоспарлау және ветеринариялық өңдеудің технологиялық картасын әзірлеу
Мал шаруашылығындағы індетке қарсы шараларды жоспарлау және іске асыру
Етті қайта өңдеу кәсіпорындарындағы ветеринариялық менеджмент
Ветеринариялық медицина бойынша ШҚО Жарма ауданы Шалабай ЖШС асыл тұқымды шаруашылығындағы өндірістік іс-тәжірибе есебі
Кеден оргаларындағы ветеринариялық бақылау және менеджмент
Етті қайта өңдеуші кәсіпорындағы ветеринариялық менеджмент және санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Мал шаруашылығында жалпы профилактикалық шараларды ұйымдастыру және ветеринариялық-санитариялық тексеру
Ветеринариялық індетке қарсы шараларды жоспарлау және карантин мен шектеу тәртібі
Мал етін ветеринариялық-санитариялық сараптау және ауру мал етін анықтау әдістері
Медициналық ұйымдарда сапа менеджмент жүйесі: бизнесті жоспарлау және SWOT талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz