Жылқы аноплоцефалятоздары, ветеринариялық шаралары



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы:Жылқы аноплоцефалятоздары, ветеринариялық шаралары
Дайындаған: Қилашев Е. Ж.
Тобы: ВМ - 305
Тексерген: Ахметжанов О. Н
Семей 2017

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Таспа құрттар
2. 2. Жылқы аноплоцефалидозы
III. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Жануарлар ағзасында гельминт (құрт), кене, жәндік және қарапайымдардың ықпалынан туындаған дерттерді инвазиялық немесе паразитарлық аурулар деп атайды. Паразит (тоғыштар) деген сөздің түпкілікті мағынасы - бір ағзаның екінші ағза есесінен күнелтуі. Жер бетіндегі 1, 5 млн. жануар түрінің 60-65 мыңға жуығы паразиттер болып табылады. Қазіргі уақыттағы тоғышарлардың көпшілігі ертеде еркін өмір сүрген ағзалардан өздерінің эволюциялық даму сатысында қажетсіз дене мүшелерінен (аяқ, ас қорыту жүйесі, т. б. ) айырылып (регресс), керісінше, керекті мүшелерді (бекіну, сору, жыныс жүйесінің шектен тыс көп тұқым шашуы, т. б. ) иеленген.

Таспа құрттар
Таспа жалпақ құрттардың ықпалынан болған инвазиялық ауруларды цестодоздар деп атайды. Таспа құрттар табиғатта екі сатыда кездеседі. Ересек, дамып жетілгендері әдетте сүтқоректілердің (үй жануарлары, етқоректілер) ішкі мүшелері мен ағзаларында тоғышарлық етсе, балаңқұрттары сүтқоректілерде, омыртқасыздарда мекендейді. Мысалы, айналмада (тентек, ценуроз) қойдың миында балаңқұрты (құрттың басы суға толы көпіршік) мекендесе, ит, қасқыр, түлкі секілді етқоректілердің аш ішеінде ересегі (денесі бунақталған) дамиды. Немесе, мониезиозда ересегі қойдың аш ішек тоғышары болса, оның балаңқұрт сатыы кездесетін жәндіктің (сауытты кене) денесінде сақталып дамиды.

Сондықтан, цестодтардың ересеске сатысындағылардың дене бітімі бунақталған, ал балаңқұрттары суға толы көпіршік түрінде болады. Құрт денесінде басы, мойны және бунақтары анық көрініп тұрады. Цестодтар - қосжыныстылар, яғни аналық және аталық мүшелері бір бунақта орналасады. Құрттың басы (сколекс) тікендермен қаруланған (бекіну қызметін атқарады), мойны- өсу зонасы, ал қалған денесі бунақталыып, соңғысы жетіліп, піскен болып әдетте аталық мүшелері жойылып, жатыр ішін толығымен жұмыртқасы жайлайды.

Жылқы аноплоцефалидозы
Бұл гельминтоздардың қоздырғыштары - Апорlосерһаlа таgпа, А. perfoliata және Раrапорlосерһаlа татіllапа - таспа құрттары болып табылады. Құрттың бірнеше түрі ащы ішектің соңғы үлесінде, екінші түрі-бүйенде не қартада кездеседі, ал үшінші түрі - он екі елі ішекте орналасады. Аноплоцефалиделерді жылкыдан басқа есек пен қашырдан табуға болады. Құрттардың аралық иесі сауытты орибатид кенелері.

Қоздырғышы.
Цестодалардың ұзындығы түрлеріне қарай әртүрлі келеді. Сколекстері қарусыз, бірақ сорғыштары дамыған, жәй көзге айқын көрініп тұрады. Құрттардың мойны аса жетілмеген. Көпшілігінің бунақтарының ені ұзындығынан 2-3 есе артық болады. Жыныс мүшелері бунақтың сыңар бүйірінен ашылады. Апорlосерһаlа таgпа жылқы денесінде кездесетін таспа құрттар- дың ішіндегі ең ірісі, ұзындығы кейде жарты м-ге жетеді, сколексі домалақ, қосжынысты буылтықта еннің саны 400-500-ге дейін барады. А. perfoliata ұзындығы 3-7 см, сколексі текше тәрізді және оның артқы жағынан әрбір сорғышты қоршап тұрған 4 қал- қаншасы бар. Р. татіllапа ұзындығы 1-4 см, сколексі сопақ, енінің саны 100-ге жақын. Аноплоцефалиделердің жұмыртқаларының диаметрі 65-95 мкм, сақина секілді дөңгелектеніп келеді, ішінде алмұрт сияқты құрылғысы бар.

Өсіп, өнуі
Бұл құрттардың аралық иесі орибатид топырақ кенелері. Мал нәжісімен бөлініп шыққан құрт жұмыртқаларымен зақымданған буынаяқтылар денесінде 5 ай мөлшерінде цистицерко- ид (жануарға жұқпалы балаңқұрт) пайда болады. Жылқы жайылым- да олармен зақымданады. Жылқы ішегіңде балаңқұрт бірнеше апта өтісімен ересек цестодаға айналып, 3-5 айға дейін тіршілік етеді.


Эпизоотологиясы.
Аноплоцефалидоз еліміздің көптеген аи- мақтарында ұшырасады. Бұл цестодозбен көбінесе құлындар қатты ауырады. Дертке көп жағдайда бір жасқа дейінгі төлдер жиі зақымданады. Қазақстанның Оңгүстік-Шығыс аудандарында ішқұрт ауруы жыл бойы кездеседі, көктем, жаз айларында жиірек байқалады, ал қыста өте сирек тіркеледі.

Аурудын өрбуі.
Таспа құрттар ішекті бітеп, қоректік затты сіңіруге кедергі келтіреді және қорытылмай қалғандарының сыртқа шығуына бөгет жасайды. Соның салдарынан ішек кейде түйіліп қалады. Ішекте пайда болған улы заттар қанға сіңіп, бүкіл денеге жайылып, оны уландырады, жүйке жүйесіне зардабын тигізеді.

Сырт белгілері ішектегі құрттың көп-аздығына байланысты, құлын мен тайда, құнан мен дөненде айрықша білінеді. Малдың шөпке зауқы болмай, іші кебеді, тынымсызданады, өсу қарқыны тежеледі, жүрек соғуы мен тыныс алуы жиілейді, дел-сал болып өлімге де ұшырауы мүмкін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz