Сүттіген тұқымдастар


Slide 1

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: Сүттіген тұқымдастар

Дайындаған: Қилашев Е. Ж.

Тобы: ВМ - 305

Тексерген: Ығиева А. С.

Семей 2017

Slide 2

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1. Табиғатта таралуы

2. 2. Клиникасы

2. 3. Емі

2. 4. Алдын алу

III. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Сүттіген (ағылш. Euphorbia) - сүттіген тұқымдасына жататын бір не көп жылдық өсімдіктер мен шала бұталар.

Биіктігі 15 - 20 см, тамыры тармақталып, сабағы тік өседі. Қандауыр тәрізді жапырағы бүтін жиекті. Гүлдері дара жынысты, жасылдау сарғыш түсті. Маусым - тамыз айларында гүлдеп, шілде - қыркүйекте жеміс береді. Жемісі - үш ұялы қауашақ. Сүттігеннің көпшілік түрінің сабағы сүтті, шырынды болады, кейбіреуінің ұрығында іш өткізетін май бар. Өте улы өсімдік.

Slide 4

Қазірде азды-көпті улылығы бар сүттіген тұқымдастардың 66 түрі белгілі. Бұл өсімдіктердің ерекшелігі олардың сабағында, жапырағында және басқа да бөліктерінде сүт тәрізді сөлінің болуында. Сол сөлде жіті түрде әсер ететін улы зат -эйфорбин бар. Өсімдіктің сөлі адамдардың терісін ауыр түрде қабындырады, тіпті өлі еттендіреді де. Ауыз қуысы арқылы түскенде ауыз қуысының, жұтқыншақтың, асказанның кілегей қабықтарын қатты тітіркендіреді, ал сіңгеннен кейін орталық жүйке жүйесі мен жүрекке әсер етеді.

Негізгі бөлім

Slide 5

Табиғатта таралуы

Облыстың барлық аймақтарында өсетін 66 түрі бар. Соның ішінде, әсіресе талшық сүттігені (Е. vіrgata) Республиканың орманды, шалғынды жерлерінде, егістіктерінде жиі кездесетін арамшөп. Қазақстанның оңтүстік және шығыс облыстарының ормандары мен жабайы бұталарының арасында, құмды, сортаң, шөлейіт жерлерде өседі. Сүттігеннің өте қауіптілері - түйе сүттігені, құм сүттігені, күнбағыс сүттігені деп аталады. Дәрілік шикізат ретінде жиналмайды, мүмкіндігінше жайылымдарды тазарту үшін оларды тамырымен жұлып алып тастаған дұрыс. Ал қотырға, қышымаға қарсы қолданылатын дәрі тапшы кезде оның шөбінің тұнбасымен (1:20) осы аруларды емдеуге болады. Бірақ сақтық шараларын бұлжытпай орындау қажет.

Slide 6

1-сурет. молочай полевой

Slide 7

Клиникасы

Өсімдіктің уы барлық малдар үшін қауіпті. Әсіресе мал жайылымында өсімдік көп өскенде. Улану бірінші кезекте ас қорыту процесінің бұзылуымен сипатталады: малдың іші өтеді, құсады, шаншу пайда болады, терісі суиды, бұлшық еттері тартылады, дене қызуы төмендейді. Уланудың ауыр түрінде жүйке жүйесінің кызметтері бұзылады. Дем алысы, жүрек соғысы нашарлайды, ас қорыту жүйесінде геморрагиялык қабыну анықталады: қатты ауырсынғандық байқалады, нәжісте қан аралас болады.

Slide 8

2-сурет. Молочай беложилковый

Slide 9

Жылқыларда жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуы айқын білінеді, мал ұйқылы-ояу, тартылу, көздің қарашығының ұлғаюы аныкталады.

Шошқалардың терісі, құйрық, құлақ шеміршектері өлі еттенеді, көру процесі бұзылады.

Slide 10

3-сурет. Молочай Миля

Slide 11

Емі

Ең алдымен ас қорыту жүйесін тазалау керек. Асқазанды танин ерітіндісімен жуады, іш өткізетін дәрілік заттарды тағайындайды. Одан кейін ұйытатын, сіңіретін кілегейлі заттарды береді. Уланудың клиникалық белгілеріне қарай тиісті дәрілерді колданғанның нәтижесі жақсы. Сүт, кофе, түймедақ шайын берген дұрыс.

Slide 12

4-сурет. Танин

Қолданылуы.

Жылқы және ІҚМ-ға 10г-20кг; қой мен ешкіге - 2г-5кг; шошқаға - 1г- 2кг; итке - 0, 1г-0, 5кг - 2-3 рет күніне.

Slide 13

Алдын алу

Уланудың алдын алу үшін малды сүттіген көп өскен жайылымға жаймау керек, әсіресе ашыққан малдардан сақ болған дұрыс. Жайылымдардағы арамшөптермен күресу ұйымдастырған жөн.

Slide 14

Пайдаланылған әдебиеттер

Малдың азытан уланулары:/К. Н. Қожанов, Г. Н. Тойкина-Семей, 2010.

Интернет желісі:https://kk. wikipedia. org/wiki/Молочаи

Интернет желісі:www. google. kz/search?q=отравление+животных

Slide 15

Назарларыңызға рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қоянның іні
АСТЫҚ ТҰҚЫМДАСТАР
Тақтұяқтылар отрядының ерекшеліктері
Бұршақ тұқымдастар
Алқа тұқымдастар
Алқа тұқымдастар - кіріккенкүлтелі өсімдіктер
Құлқайыргүлділер тұқымдасының жемісі
Раушангүлділер тұқымдасы. Бұршақ тұқымдастар
Өсімдіктердің шөлге бейімделушілігі
Пияз тұқымдастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz