Эпзоотологиялық анализ негіздері.Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі



Эпзоотологиялық анализ негіздері. Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі
Орындаған: Қилашев Е. Ж.
Тобы: ВМ 305
Тексерген: Байгазанов А. Н.

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. Эпзоотологиялық анализ негіздері
2. 2. Жұқпалы ауруларының эволюциясы және жіктелуі
III. Қолданылған әдебиеттер

Эпизоотологиялық анализ негіздері
Ірі қара мал туберкулезі бойынша 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі эпизоотиялық ахуалды талдау жұмыстары көрсетуінше республикада 94 сау емес елді-мекендерде аталған ауру тіркелінген.
Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша жалпы елді мекендерге шаққанда 1, 2% құрайды, оның ішінде, Ақмола облысында - 2 (0, 23%), Қарағанды - 13 (2, 3%), Қостанай - 48 (6, 5%), Жамбыл - 11 (4, 7%), Ақтөбе - 7 (1, 5%), Батыс-Қазақстан - 3 (0, 6%), Павлодар - 7 (1, 4%), Солтүстік-Қазақстан - 3 (0, 6%) елді мекен тіркелген.


Осы талданып отырған уақыт ішінде ірі қара мал туберкулезіне оң диагностикаланған 50 оқиға тіркелінген. Оның 20 оқиғасы 2007 жылы және 9 оқиғадан 2008, 2009 және 2011 жылдары тіркелінген. Туберкулез Қазақстанның 5 облыстарында тіркелінген: Ақтөбе - 1, Жамбыл - 2, Қарағанды - 13, Қостанай - 9 және ең көбі Павлодар облысында - 25. Осы кезде Павлодар облысында, талданып отырған толық 5 жыл ішінде туберкулезбен ауырған жануарлар 2010 жылды есептемегенде жыл сайын тіркелініп отырған, бұл жергілікті орындарда өткізіліп отыратын профилактикалық және эпизоотияға қарсы шаралардың тиімсіздігі немесе жартылай тиімді екендігін көрсетеді.

Статистистикалық деректерге талдау жүргізе және сау емес елді мекендер үлесі, эпизоотиялық индексі мен эпизоотиялық жағдай қауырттылығы сынды салыстырмалы эпизоотологиялық шамаларды есептей келе республика бойынша аталған ауру төмендеп келеді деп пайымдауға негіз бар. Мәселен бұл көрсеткіш 2000 жылы 0, 26% құраса, 2006 жылы - 0, 09%, ал 2011 жылы - 0, 04% тең болған. Он екі жылдық бақылау нәтижелері бойынша сау емес мекендердің орташа үлесі 0, 13% құрайды.

Құтырық ауруы бойынша

Эпизоотиялық жағдай қауырттылығы шамасында да төмендеу динамикасы байқалуда. Осылайынша, егер 2000-2001 жж. ол - 0, 2 болса, кейінгі 2002-2006 жылдары - 0, 1 тең болған, ал 2007-2011 жылдары - 0, 04 коэффициентіне жеткен.

Эпизоотиялық қауіп

Ауруды анықтау жолдары
Мысалы: сарыпқа қарсы күресу шараларының ең басты шарты ауруды дер кезінде дұрыс анықтау болып саналынады. Малдардың сарыпын негізінен бактериологиялық, серологиялық, аллергиялық, биологиялық әдістердің көрсеткішіне қарай отырып және де, эпизоотологиялық деректермен бірге аурудың клиникалық белгілерін ескере отырып анықтайды.

Бактериологиялық әдіспен диагноз қою
Бұл әдіспен ауруды анықтау үшін сырқат немесе сарыппен ауырады-ау деп күдіктенетін малдардан алынған патологиялық материалдарды мысалыға: сарыптың салдарынан іштен өлі түскен төлдің ішкі органдарымен бірге, төлдің қарнындағы қоректік заттарын, төлдің шуын, қағанақ сұйығын, іш тастағанда бөлінетін сұйық заттарын және де ауырып өлген малдың бауыр, көкбауыр, бүйрек, жүрек артүрлі бездер сонымен бірге зәрін, сүтін таза күйінде зерттеуге болады.
Бактериологиялық әдістің негізгі мақсаты жоғарыда аталған патологиялық заттардан сарыптың қоздырғышын (бруцеллаларды) арнайы жасанды қоректік орталарда өсіріп, бөліп алу болып саналады.


Бұл әдіс негізінен 3 кезеңнен тұрады:
1. Бактериоскопия. Ол үшін зерттеуге экелінген патологиялық заттардың бірнеше жерінен шыны бетінде жұқпа дайындалады. Жұқпаларды Грам немесе Козловский әдістелесінің көмегімен бояулайды.
2. Бруцеллаларды бөліп алу. Бұл кезеңнің мақсаты тексерілуге түскен паталогиялық заттардың кесінділерін құрамында 3%-тік глицерин және 0, 5% -тік глюкозасы бар, бауыр-ет агар қоректік ортасында арнайы ультракүлгін сәулелерімен тазартылған бокста егіп, белгілі температурада (37° С) термостатта 2 тәулік көлемінде өсіріп бөліп алу болып саналады. Егілген қоректік ортада бөтен микроорганизмдердің өсіп шығуын тежеу үшін, алдын ала қоректік ортаға (агарға) генцианвиолеттің 1%-тік су ерітіндісі 1:2 қатынаста қосылады. Бруцеллалардың таза төсіп шығуы үшін ең бастысы егілген пробиркалармен Петри табақшаларында 5-10% көмірқышқыл газы және ортаның рН-ы 7, 2 немесе 7, 4 болуы қажет.
3. Биологиялық зерттеу әдісі. (Биологиялық әдіспен диагноз қою деген бөлімде) .

Аллергиялық диагноз қою
Аллергия деген сөз грек тілінен аударғанда алло - бөтен немесе басқа, эргон - әсер деген мағына береді. Ал енді жалпы медициналық және малдәрігерлік тұрғыдан алып қарағанда аллергия дегеніміз ол - организмнің аллендерге өзгеше жауап қайтаруын аллергиялық реакция деп атайды. Ең бірінші аллерген-туберкулинді Р. Кох 1890 жылы ашқан. Аллергиялық реакциялар әрқашан өзіндік тән болғандықтан оны малдардың маңқа, сарып, туберкулезсияқты жұқпалы ауруларына диагноз қою үшін кеңінен қолданылып келеді. Аллергиялық әдіс әсіресе сарыппен көптеп бері ауыратын малдарды анықтауда өте бағалы. Сонымен бірге, бұл әдістің көмегімен сарып ауруының жасырын түрін анықтауға болады.

Серологиялық әдіспен диагноз қою
Аурудың басталғанынан оның патогенетикалық сатыларының пайда болып, және де кеселдің асқынуына дейін, мал организмдерінде әр түрлі иммуналогиялық өзгерістер болып жатады. Сондай өзгерістің, ең бастысы, организмге түскен бактериялық микробтарға жауап ретінде сол малдың қанында өзіндік тән антиденелердің түзілуі болып есептелінеді.
Антиденелер қолайлы жағдайларда өздеріне тән антигендермен байланысқа түсе алады. Сондықтан да оларды әртүрлі серологиялық реакциялармен анықталып соның нәтижесімен аураға диагноз қоюға мүмкіндік туады.

Жұқпалы аурулар
Жұқпалы аурулар - зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды.

Олар:
ішектің;
жоғарғы тыныс жолдарының;
қанның;
сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.

Ішек аурулары вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.
Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz