Қазақ ұлттық киімдері
Презентация қосу
Қазақ
ұлттық
киімдері
Қазақ халқының қол өнері көне заман тарихымен бірге дамып,
біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшығы туысқан
Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де
ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы — киім тігу.
Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай,
қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі
ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан
қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін
ескінің көзі қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді
біреулерін қыз ұзату, келін түсіру тойларында ойын-сауыққа
пайдаланады (қалындыққа сәукеле кигізу) , сондай-ақ көпшілігі
театрлардың арнаулы заказы бойынша тігіліп
жүр. Алматыдағы «Қазақстан» магазинінде, облыс
орталықтарында ұлттық киімдер (шапан, мәсі , бөрік, қамзол т.
б.) сатылады. Қазақтың ұлттық киімдері - Еуразия даласын қоныс
еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға
ұксамайтын киім үлілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі
Айыр қалпақ
Ерлердің киізден тігілген жеңіл бас киімі .
Айыр қалпақ жұқа етіп басылған ақ киізден тігіледі . Ол
негізгі екі бөліктен құралады. Олар — қалпақтық төбесі
және етегі (кейде қайырмалы деп те
айтады) . Қалпақтың төбесі төрт сайдан (бөліктен)
тұрады. Шебер пішілген төрт қиынды киізді арасына қара
барқыттан сыздық салып, қайып тігеді . Сонда қалпақтың
төбесі күмбез тәріздес болып шығады. Қалпақтың етегі
жалпақтығы төрт елідей етіп, дөңгелектеп қиып алынған
ақ киізден жасалады да, оны жоғарғы бөліктің (төбе)
етегіне сыздық салып қондырады. Сәнді болу үшін,
қалпақтың қайырмасының астыңғы жағы кейде қара
барқытпен көмкеріледі . Қалпақтың төбесіне қара не басқа
түсті шашақ тағын, төбесінің төрт сайы әр түрлі жібек
жіптермен кестеленеді . Ақ киізден тігілген айырқалпақ
Жарғақ шалбар
Иленіп, әбден
өнделген жұқа теріні қазақтар «жарғ
ақ» дейді. Қызғылт түске боялып,
түрлі-түсті өрнек салынған жарғақ
теріден тігілген шалбарды
«жарғақ шалбар» деп атаған. Бұл
сәнді киімді кезінде
батырлар, бектер мен билер, сал-
серілер салтанатқа киген.
Тымақ
Қазақта тымақтың түрлері көп, соның
ең бағаласы –түлкі тымақ. Оның
маңдайы мен құлақтарының ішкі
жағына түлкі терісі тігіледі де, сырты
мақпалмен, пүлішпен немесе басқа
асыл маталармен сырылып
тысталады. Тымақтың төбесі төрт
немесе алты сай (бөлек) үшкіл (үш
бұрышты) киізден құралып, шошақ бо
Саптама етік
Қонышы тізені жауып
тұратындай
ұзын, табаны қалың сіріден
оң-солы жоқ, түзу болып
тігілетін аяқ киім.
Оны киіз байпақпен киеді.
Қысқы күнгі аязда ат үстінде
Кимешек
Жасамыс
(егде) әйелдер киетін
бас киім. Ол өн
бойы көкіректі жауып
тұратын тұтас матадан
тігілдеді. Ақ матадан бет
жағы ойылады. Жағы,
өңірі оқаланып
кестеленеді. Төбесіне
сәндік
үшін шылауыш немесе
күндік сияқты
Тақия
Ерлердің жеңіл бас киімі . Тақияның түрлері көп. Биік
төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Ерлер киетін
тақияда теңге, моншақ, ғана болмайды. Оның есесіне олар
«мүйіз», «ат ерін», «шырмауық» сияқты өрнектермен
кестеленеді, машинамен, қолмен «таңдай», «ирек», қабырға
тігістерімен әдеміленіл сырылады. Тақияны пүліштен, қыжыман
ал астарын жібек, сәтеннен тігеді. Биік төбелі тақия мен тегіс
төбелі тақияның тігілуі бірдей. Ал үшкір төбелі тақияны тіккенде
оның етегін жалпақтығын үш елі дей етіп тік төрт бұрыш етіп
қиып алады. Оның төбесі үш бұрыш формалы төрт не алты
сайлан құралады. Алдымен оларды тігісін ішіне қаратып
құрайды да, одан соң сайлардың етегін тақияның етегіне
қондырады. Тақия мыжылмай өз формасын сақтап тұру үшін
оның астары мен қос астарын беттестіріп жиі етіп сыриды. Одан
кейін тысын жауып, шетін басқа түсті матам ен әдіптен
көмкереді. Сайлардың және тақияның төбесі мен етегінің қоспа
Шапан
Қазақстан мен Орта Азия халықтарының ұлттық
киімі . Оны қалың адам арасына жүн, мақта салып,
астарлан немесе қос астарлан сырып тігеді. Ол
негізінен тік жағалы, ішінара қайырма жағалы да
болады. Шапан: сырмалы шалан, қаптал шапан,
қималы шапан деп бөлінеді.
Қызкеліншектерге арналған қималы шапанды
түрлі-түсті масатыдай тігіп, жаға-жеңіне, етегі мен
екі өңіріне зер ұстайды. Түйме орнына асыл тастар
орнатылған күміс қапсырма (ілгек) тағады. Қазіргі
кезде түрлі-түсті масатыдай екі өңірі мен жеңі
кестеленген немесе зер ұсталған жадағай
(арасына жүн, мақта салмай) шан айдар тігіліп
Қамзол
18- 19 ғасырларда қазақ халқы арасында
кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы
мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан
бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта
ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім
үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде
қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық,
әрі сәндік міндеттерін атқарады.
Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық
киім. Етектері мен жағалары тас, оқа,
Ішік
Ішік – сырты матамен
тысталып, түрлі аңның
терісінен жүнін ішіне
қаратып тігілетін қысқы
сырт киім.
Қолданылатын терісине
қарай олар: түлкі ішік,
қасқыр ішік, сеңсең
ішік,деп әртүрлі
аталады.
Назарларыңызғ
а рахмет!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz