Қазақстан дағы ғылым мен білім



Қазақстандағы ғылым мен білім

Қазақстандық ғылымның ертеңі республикадағы білім жүйесіне де тікелей байланысты. Қазақстанда басқарудың тікелей негізгі қағидаларына сүйенген, әрі қаржыландыру жағынан мемлекеттік және мемлекеттік емес болып есептелетін еуропалық типтегі білім беру жүйесі қанат жайып келеді.
1995 жылғы Конституция бойынша (30-бап) баршаға бірдей міндетті болып есептелетін толық орта білім алуды мемлекет тегін жүргізеді. Әйткенмен, мектеп бітірген жас жеткіншектің одан әрі қандай оқуға түсуі (мемлекеттік немесе жеке) өз еркі мен қалауына байланысты. Этностық ерекшеліктердің есепке алынуына орай, республикада оқу, білім алу 7 тілде жүргізіледі.

1997-1998 оқу жылынан бастап жалпы білім беретін мекемелерде ақпараттандыру мен компьютерлендіру бағдарламасын орындау міидеттелінді. 2001жылы мектептерді компьютерлендіру толығымен аяқталды.
Бүгінгі таңда республика аумағында жеке меншік және мемлекеттік көптеген оқу орындары білім беру жүйесін сыбайлас жүргізуде. 1995-1998 жылдар аралығында жеке меншік оқу орындары 41-ден 88-ге дейін өсті.
2001 жылы жеке меншік мектептер мен олардағы оқушылар саны 1996 жылғымен салыстырғанда үш есеге артты.

Мамандар даярлауды жаңарту мен жақсарту үшін «Дарын» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылу үстінде. Бұл бағдарлама жасөспірімдер мен жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі білім органдарының негізгі стратегиялық іс-шараларын белгілейтін болады.
«Дарын» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің дарынды жастарға берілетін мемлекеттік сыйлығы. Ол жасы 35-тен аспаған, қоғамдық-әлеуметтік, мәдени қызметтерімен халыққа танылған дарынды жастарға 2 жылда бір мәрте, ғылым, архитектура, өнер, әдебиет, журналистика, спорт, халық шығармашылығы салалары бойынша беріліп отырады. 1992 жылдан бастап беріліп келеді. Сыйлықты берудегі мақсат - қазақстандық жастардың ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызметіне мемлекеттік тұрғыдан қолдау көрсету, олардың шығармашылық ізденістеріне, қоғамдық бастамаларына және тұлғалық қалыптасуына кеңінен мүмкіндіктер ашу.

Ерекше дарынды балаларды шетел оқу орындарына жіберіп отыру мақсатында 1993 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. 1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.

Қазір - бәрі бизнес: жұмысқа орналастыру, тендер ұтуға дәнекер болу, үйленетін жастарды табыстыру, жол ашу, дем салу - бәрі-бәрі бизнес. Болашақта үлкен табысқа жетуге кепілдік беретін жеке меншік мектептер де - үлкен бизнес екен. «Forbes Kazakhstan» ақпараттық порталы биыл екінші рет Қазақстандағы ең табысы көп мектептердің тізімін жариялап отыр. Алматы мен Астана қалаларында 54 жекеменшік мектеп бар. Әрине, бұл мектептерде қарапайым жұмысшы мен ауылдағы шопанның баласы оқымайды. Бұл мектептерде негізінен билік пен бизнес өкілдерінің балалары оқиды. Мұндай мектептердің рейтингісі жылдық табысы негізінде жасалған. Әрине, бұл мектептердегі білімнің сапасы да жоғары. «Қымбат - хикметсіз болмайды, арзанның сорпасы татымайды» деген нақыл босқа айтылмаған болар.

Бірінші орын - Haіleybury Almaty. Жылдық табысы - шамамен 2, 7 миллиард теңге. Бұл 15 миллион долларға жуық сома. Оқу үшін айлық төлемақы - 516 мың теңге. Оқушылар саны - 575. Бітірушілер ҰБТ тапсырмаған. Мектептің негізін салғандар - Сержан Жұмашев (жыл бизнесмені), Нұржан Сұбханбердин, Айдан Кәрібжанов, Әльфия Қуанышева және бірқатар компаниялар. Haіleybury Almaty - Қазақстандағы ең қымбат мектеп.


Үшінші орын - «Мирас» халықаралық мектебі. Астана қаласында. Жылдық табысы - шамамен 1, 4 миллиард теңге. Оқу үшін айлық төлемақы - 417 мың теңге. Оқушылар саны - 370. ҰБТ бойынша орташа балл - 99, 4 (2014 жыл) . Мектептің негізін салған - Динара Құлыбаева, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім қоры.

Назарбаев Зияткерлік мектептері - ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулымектептер желісі. Бұл мектепте "критериалды бағалау" деп аталатын бағалау жүйесі қолданылады. Зияткерлік мектепте білім берудің екі моделі жүзеге асырылады. Бірінші модель - Жаратылыстану - математикалық бағыттағы Эксперименталды Ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үштілді ортада оқиды.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz