Акциз


Slide 1

Акциз

Slide 2

Акциздер - бағаға қосылатын және сатып Акциз бюджет кірістерінің 2. 7. пайызын құрайды. Акциздерді өзінің айырмашылықты ерекшеліктеріне қарай монопольды Акциз әмбебаптық және жеке-дара акциздер деп Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді

Slide 3

Акциз салығы: • біріншіден, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген • екіншіден, қызмет түрлеріне салынады.

Slide 4

Акциз салығын төлеушілер ретінде акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында шығаратын, импорттайтын, көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын бұрын акциз төленбеген, акцизделетін тауарлардың конкурстық массасын өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады. Тәркіленген, иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, шикі мұнай, газ конденсаты өткізуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар акциздерді төлеушілер болып табылмайды.

Slide 5

Акцизделетін тауарларға акциз салығының ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) жэне (немесе) заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Мысалы: Алкоголь өніміне акциздер ставкасы адволорлық немесе заттай, не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.

Slide 6

Акциз салығының салық салу объектісі ретінде келесілер қарастырылады:

1) Акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

- акцизделетін тауарларды өткізуі;

- акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;

- алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

- жарғылық капиталға жарнасы;

- заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалануы;

- өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

- өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

- өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

Slide 7

2) Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) Бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

4) Конкурстық массаны, тәркіленген және (немесе) иесіз, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделген тауарларды еткізуі;

5) Акцизделетін тауарлардың бұлінуі, жоғалуы;

Айта кететін жағдай, акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бұлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды еткізу ретінде қарастырылады, соның есесіне акциз салығының объектісі болып табылады.

Slide 8

Акциз салығымен салынбайтын жағдайлар келесі тізімде қарастырылған:

1) Акцизделетін тауарлардың экспорты (салық Кодексінің 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе) ;

2) Этил спирті мен алкогол енімін ендіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі:

- ендірушінің аталған енімді ендіру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдік және фармацевтік препараттарды дайындау үшін;

- тиісті лицензиясы болған кезде мемлекеттік медицина мекемелеріне босатылатын этил спирті;

Slide 9

3) Жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, салық Кодекстің 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарлар, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;

4) 0, 1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар енім.

Slide 10

Импортталатын акцизделетін тауарлардың салық базасы тұрлаулы және адвалорлық ставкалар арқылы анықталады. Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде айқындалады. Ал адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық базасы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын акцизделетін тауарлардың кедендік құны ретінде айқындалады.

Slide 11

Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын тұлғаларға өткізілетін спиртке және шарап материалына белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.

Акцизделетін тауарларды өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін шикізатты сатып алу немесе оның импорты кезінде төлеген акциз сомалары осы шикізаттан дайындалған акцизделетін тауарлар үшін есептелген акциз сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып кету сомасы шегерімге жатпайды.

Slide 12
Ұқсас жұмыстар
Акциздер
Жанама салық
Акциз салығын төлеушілер мыналар
Салық және салық түрлері
Кедендік төлемдер мен салықтар
Салық салынатын табыс
Алымдар
Жергілікті бюджет
Салықтар және салық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық құқығы негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz