Ет өнімдері


Slide 1

Ет өнімдері

Орындаған: Аубакиров Ж. К

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Slide 2 Slide 3

ЕЕЕ

Slide 4

Ет өнімдері

Адам қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы зор. Ет құрамында экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты қажетті заттар болады. Малдың етінде, түліктің түріне, жынысына, жасына, тұқымына қарай адам ағзасына жақсы сіңіріле-тін 33-35%құрғақ зат, 10-20% ақуыз, 15-45%май, 1-5% минералды заттар, сондай-ақ А, Д және В тобының дәрумендері тағы басқа көптеген қажетті заттар бар. Ет өндіру және оны сатып алуда республика бойынша сиыр еті мен қой етінің үлес салмағы -85%, ал қалған 15% шошқа еті, жылқы еті және құс етіне тиесілі ТМД елдернде жалпы ет өндірісінде бірінші орында сиыр еті 43-45%, екінші орында шошқа еті, үшінші орында қой еті. Сонымен қатар ет ресурстары жылқы, қоян және ешкі етімен толығып отырады.

Slide 5

Ет өнімділігінің сандық және сапалық көрсеткіштері

Малдың еттілігін негізінен төменгі көрсеткіштер арқылы бағалайды дене бітімі мен сыртқы пішіні, тірілей салмағы, жұмсайтын азық мөлшері, тезжетілгіштігі, сойыс салмағы мен шығымы, ұша салмағы, шығымымен мен морфологиялық құрамы, сұрпы етінің химиялық және биохимиялық құрамы. Малдың ет өнімінің мөлшері мен сапасын оны сойғаннан кейін анықтайды. Сойыс және ұша шығымын олардың малды сояр алдындағы тірілей салмағына пайызыдық қатынасын есептеу арқылы анықтайды. Сойыс шығымы түліктің түріне байланысты әр түрлі болады

Slide 6

Ірі қара еті

Сиыр еті деп ірі қара малынан алынған етті атайды (сиыр, бұқа, өгіз, тайынша) .

Бұқа еті қоңыр-қызыл түсті, тығыз, қатқыл, ет талшықтары жуан және қысқа болып келеді. Еттің дәнекер ұлпалары мықты жетілген, қатқыл. Еттің өзіндік иісі болады. Пісірілген ет ұлпалары қатты, қара-қоңыр түсті. Тері асты әдетте майсыз, ақшыл түсті, қатқыл дәнекерлеуші ұлпалармен көмкерілген. Ішкі майлары ақ түсті.

Семіз өгіз еті қызыл, ет талшығы жіңішке, арасында майы бар. Тері астындағы майы сарғыш, ал ішкі майлары ақ немесе сарғыш түсті.

Сиыр еті ашық-қызыл түсті, өгіз етіне қарағанда жұмсақтау келеді. Ет талшықтары ұзын әрі жіңішке, хош иісті. Тері астындағы май ақ немесе сарғыш түсті, ал іш майлары ақ-сарғыш, сарғыш, қатқыл. Жас малдың еті ақшыл-қызыл түсті, ет талшықтары жіңішке, тері асты әдетте майсыз, іш майы ақ түсті, қатқыл.

Slide 7 Slide 8

Қой еті

Ашық-қызыл немесе қоңыр-қызыл түсті. Ол негізінен малдың жасына байланысты, еттің консистенциясы сиыр етіне қарағанда жұмсақтау, ет талшықтары қысқа. Қой етінің өзіндік иісі бар. Кәрі қой етінің иісі, ұшпа май қышқылдарының көп болуына байланысты, күштірек сезіледі. Жүндес қой етінен шайыр иісі білінуі мүмкін. Қозы еті ақшыл-қызыл түсті, иіссіз, жұмсақ. Тері астындағы майы ақ түсті, қатқыл, үгілмелі, ал іш майы ақ немесе ақсұр түсті, қатқыл.

Slide 9 Slide 10

Жылқы еті

Қою қызыл түсті, қатқыл, талшықтары қысқа, жуан. Тері астындағы майы әдетте мойында (жал) ғана кездеседі. Майы сарғыш түсті, жұмсақ қолда ериді.

Slide 11

Шошқа еті

Жас шошқаның еті қызғылт, кәрі малдың еті қызыл түсті. Еті жұмсақ, талшығы ұзын және жіңішке. Тері астындағы май (қоңдылығына байланысты өте көп жиналуы мүмкін) ақ, кейде қызғылт, жұмсақ, іш майы да жұмсақ, ақ түсті келеді.

Еркек шошқаның (қабанның) майы да, еті де қатты, жағымсыз иісті болып келеді. Жаңа сойылған малдың еті сақталған етке қарағанда әдетте қалың қою түсті болып келеді.

Slide 12

Етті мүшелеу

Бір ұшаның әр түрлі бөліктерінің тағамдық және биологиялық құндылығы, дәмдік қасиеті мен аспаздық тағайындалуы бойынша өзара тең емес. Қазіргі кезде сауда желіліеріне ет ұша, жартылай ұша несе сирек ұша болып келеді

Оларды дүкеннің қосымша бөлмесінде мүшелейді және сұрып бойынша іріктейді. Сиыр ұшасын 11 бөлікке бөледі Алынған мүшелерді 3 тауарлық топқа бөледі.

I сұрып сапасыбойынша ең жақсы мүшелер жатады жамбас, сан, белдеме, арқа, жауырын, қол еті және төс. Күйлігі 1 категориялы ет ұша массасының 88% құрайды.

IIсұрып мойын және шап еті жатады. Бұл мүшелердің шығыны жарты ұша массасының 7% құрайды.

IIIсұрып құндылығы төмен ұшалар жатады ауыз омыртқа, алдыңғы және артқы сирақтар. Олардың шығымы жарты ұша массасының 5% құрайды

Slide 13 Slide 14

Сиыр ұшасын мүшелеу

Slide 15

Субөнімдер

Субөнімдер - ірі қара және ұсақ малдар мен шошқалардың ұшасынан басқа мүшелері. Бұлар мал массасының 10-18% құрайды.

Жұмсақ субөнімдерге бауыр, жүрек, ми, желін, көмей, ет кесінділері жатады .

Ет сүйекті субөнімдерге тілі және миы алынған сиыр басы жатады.

Шырышты субөнімдерге шеміршек, ұлтабар, шошқа қарыны т. б жатады Жүнді субөнімдерге шошқа, қой бастары, құлақтары, еріндері, шошқа сирақтары жатады .

Субөнімдер мал түріне қарай ірі қара, шошқа, қой және тағы басқа малдардікі болып бөлнеді.

Ірі қара қой және шошқаның субөнімдерін тағамдық құндылығына қарай I және II категорияға бөледі.

Slide 16 Slide 17

Субөнімдер категориясы

I категорияға- барлық малдардың тіл, бауыр, бүйрек, ми және жүрегі, диафрагмасымен ет кесінділері, сиыр мен қойдың құйрығы жатады.

Slide 18

Субөнімдер категориясы

II категорияға тағамдық құндылығы неғұрлым төмен өнімдер - ми мен тілі жоқ бас, өкпе, өңеш еттері, көк бауыр, құлақ, үлкен қарын, кеңірдек, миы мен тілі алынбаған бас, қой мен сиыр ұлтабары, буындар, ерін сиырдың жалбыршақ қарны, аяқтары, шошқа асқазаны мен шеміршекті құйрығы.

Slide 19

Ұлттық ет өнімдері

Slide 20

Қазы

Қазы - сойылған жылқының майлы сүбе қабырғасы мен төстің етек майы . Ол жылқының арық-семіздігіне қарай бұлт қазы, пышақ сырты, шынашақ, бармақ, бір елі, екі елі, үш елі қазы, табан, сере, сынақ сүйем қазы өлшемдерімен аталады . Қазы аударылыр болған соң оның қабырғалы түрлерін -үлдірік қазы, етек қазы, телше дейді.

Кере қазы, сере қазы семіздің бармақ пен шынашақ арасына тең қазы.

Табалдырық қазы - аса қалың, айналдыруға келмейтін өте семіз қазы, кей жерлерде табан қазы деп аталады.

Би қазы - бүйен ішекке тыққан, шұжық тәрізді қазы .

Дөңбек қазы ішекке сыймағандықтан тілкем күйндегі қазы.

Slide 21 Slide 22

Шұжық

Шұжық - туралап, тұздалып, бұрышталып ішекке салынған майлы соғым еті. Сүрлеп ұзақ уақыт сақтауға болады.

Slide 23

Жал. Жая. Қарта

Жал - жылқының желке майы Оны мойын еттен сылап алады да, кертіп-кертіп кесіп, сарымсақ пен бұрыш салып, тұздап, құрғақ әрі салқын жерге іліп тастайды.


Ұқсас жұмыстар
Кеден одағы
Балық өндірісі
Шұжықтарды мұздату
Тамақ өнеркәсібінің шикізатты пайдалануына қарай бөлінуі
Пісірілген шұжық
Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және арттық салмақтың зияндылығы туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту
Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеу
Тамақ өндірістерінің жалпы технологиясы
ФУНКЦИОНАЛДЫ ТАМАҚ ӨНІМДЕРІ
Ет консервілері ассортименті және оларға қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz