Паскаль тіліндегі қайталану операторлары: FOR, WHILE және REPEAT


Slide 1

Қайталау операторы

СӨЖ

Орындаған: Әрмия Айжан

Тексерген: Шекербекова Ш. Т.

Slide 2

Жоспары: 1. Циклдік операторлар 2. Параметрлі қайталау операторы: for 3. Шартты тексеретін циклдік оператор:while 4. Шартты соңында тексеру арқылы қайталау жарлығы:repeat 5. Қорытынды

Slide 3

Көп жағдайда аргументтерінің әр түрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процесстерді ұйымдастыру үшін циклдік құрылымды алгоритмдер - қайталау операторлары қолданылады. Олар әр түрлі заңдылық негізіндегі ереже бойынша қолданылады. Цикл - белгілі бір әрекеттер тізбегінің бірнеше рет қайталанып орындалуы. Паскаль тілінде қайталау процессін жүзеге асыратын циклдік операторлардың 3 түрі бар: - арифметикалық цикл - FOR - шартын алдын ала тексеретін цикл - WHILE - шартты соңынан тексеретін цикл - REPEAT Егер шартын алдын ала тексеретін циклдегі операторды неше рет қайталау керек екендігі белгісіз болып, оның тек қайталану шарты берілсе, онда WHILE, REPEAT операторлары пайдаланылады. Ал FOR операторы қайталану саны алдын ала белгілі болған кезде қолданылады.

Slide 4 Slide 5

Параметрлі қайталау операторы: for Циклдегі операторларды қайталану саны алдын ала белгілі болған жағдайда - FOR операторы қолданылады. Бұл оператор параметрлі цикл операторы деп те аталады, өйткені қайталану саны функция аргумені сияқты циклдің параметрі атқаратын басқару айнымалысы арқылы беріледі. Параметр өзінің алғашқы мәнін соңғы мәніне дейін бірлік қадаммен өзгерту барысында циклге кіретін бір немесе бірнеше операторды қайталап орындауды атқарады. Оператор - FOR сөзінен басталатын оның тақырыбынан және цикл тұлғасынан тұрады. - FOR операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі: FOR < айнымалы> := to DO < оператор>; FOR < айнымалы> := DOWNTO DO < оператор>; мұндағы S1 және S2 - цикл параметрінің алғашқы және соңғы мәндерін анықтайтын өрнектер; for… do - цикл иақырыбын анықтайтын түйінді сөздер; < оператор> - цикл тұлғасы.

Slide 6

Мысалы: 1- ден 100-ге дейінгі сандарды экранға шығаратын программа құрыңдар. Program san; var i: integer; begin wtiteln (‘ 1- den 100- ge dein butin san’) ; writeln; for i:=1 to 100 do write (i:4) ; end.

Slide 7

3. Шартты тексеретін циклдік оператор:while Алдын ала берілген шарт бойынша қайталануды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (әзірше) және DO (орындау) түйінді сөздері қолданылады. Жазылу пішімі: WHILE <қайталану шарты> DO < цикл тұлғасы>; мұндағы қайталану шарты - диаграммада көрсетілген логикалық өрнек, цикл тұлғасы - қайталаны орындалып отырған қарапайым немесе құрама оператор. Цикл әрбір орындалар алдында қайталану шарты мәні есептелінеді, егер ол ақиқат- true болса, цикл тұлғасы орындалады да, шарт қайта тексеріледі. Қайталану шарты жалған - false болса, циклді орындау доғарылып, while операторынан кейінгі жолдар арқылы бастайды. WHILE операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі: WHILE <шарт> do begin <1- оператор; > <2- оператор ; > . end; Ескерту: егер шарт бірінші тексергеннен жалған болса, онда цикл орындалмайды.

Slide 8

Мысалы: Y = 3x+1, Мұндағы: х - 1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0, 5 тең. Program eseptey; var x, y: real; begin X:=- 1; while xn; writeln (p: 4) ; end.

Slide 9

Шартты соңында тексеру арқылы қайталау жарлығы:repeat REPEAT операторы. REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айымашылығы - қайталану шарты цикл соңында тексерніледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі - цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады. . Бұл оператор . REPEAT ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) түйіді сөздерін пайдаланады. Repeat операторының жазылу пішімі мен орындалуын төмендегідей түрде беріледі: REPEAT < оператор 1 >; < оператор 2 >; < оператор n>; UNTIL <шарт>; Бұл жерде операторлар REPEAT ( қайталау) және UNTIL ( дейін, шейін ) сөздерінің арасында орналасқандықтан, мұнда BEGIN және END сөздері жазылмайды.

Slide 10

Кейбір жағдайларда нәтижеге жету үшін белгілі бір әрекетті бірнеше рет қайталауға тура келеді. Мұндай қайталанатын әрекеттерді орындау үшін белгілі цикл түрімен жұмыс істейміз. Паскаль тілінде циклді ұйымдастыру үшін оларды түріне қарай екі түрге бөлеміз: қайталану саны белгісіз циклдер, қайталану саны белгілі циклдер. Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер true (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше false (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б. Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып; қосымша әдбиеттер: 1. Http://zerde-informa. Ucoz. Org/8-synyp/sabaktar/sabak_3. Htm 2. Http://bilimsite. Kz/informatika/4344 3. Https://kk. Wikipedia. Org


Ұқсас жұмыстар
Паскаль тіліндегі қайталану операторлары: For, While және Repeat түрлері мен қолданылуы
Паскаль тіліндегі қайталану операторлары: FOR, WHILE және REPEAT синтаксисі мен қолданылу мысалдары
Паскаль тіліндегі циклдік алгоритмдер: FOR, WHILE, REPEAT операторлары мен цикл параметрлері
Циклдік операторлар FOR, WHILE, REPEAT: теория, құрылымы және Паскаль тіліндегі қолданылуы
Қайталау операторлары (For, While, Repeat): сабақ жоспары, практикалық жаттығулар және бағалау
Таңдау және циклдық операторлар: CASE, WHILE, REPEAT, FOR
C тіліндегі циклдік алгоритмдер: шартты операция және While, For, Do-While операторлары
C/C++ тіліндегі циклдік операторлар: for, while, do...while, break және continue - теория, мысалдар мен практикалық есептер
Циклдік операторлар: for, while және do...while циклдерінің синтаксисі мен қолданылуы
FOR, WHILE және REPEAT циклдері: шартты тексеру түрлері және үш санның арифметикалық ортасын табу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz