Химиялық заттарды енгізу арқылы стерилизациялау
Презентация қосу
Химиялық заттарды
енгізу арқылы
стерилизациялау
Орындаған: Омарова Ә Армия М
Топ: ССжМ 13-11
Тексерген: Тнымбаева Б
Стерилизациялау - өнімдерді
олардағы микроорганизмдерді
және олардың спораларын
толығынан жойып өңдеу әдісі
болып табылады.
Стерилизациялау тәсілдері
Стерилизацияның негізгі 3 тәсілі бар: жылулық, сәулелік, химиялық.
Жылулық( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға
сезімталдығына негізделген. 60С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин
қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың
вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз
байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық
стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.
Жылулық стерилизация қатарына құрғақ ыстықпен стерилизациялау жатады. Құрғақ
ыстықпен стерилизациялау ауалы стерилизаторларда немесе Пастер пешінде
жүргізіледі.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз
жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 160С-
та 120 минут жүргізіледі. Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және шыныдан
жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің
сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.
Жылулық стерилизациялаудың екінші бір түрі ыстық бумен стерилизациялау
болып табылады. Булы стерилизаторларда қысымды бумен өңдеу — стерилдеудің
әмбебап тәсілі.
Булы стерилизатор немесе автоклав – қабырғасы мықты, герметикалық жабылатын,
су буы және стерилдеуші камерадан тұратын металды цилиндр. Аппарат манометр,
термометр және басқа да бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталған. Автоклавта
жоғары қысым қайнау температурасын арттырады. Микробтарға жоғары
температурамен бірге бу әсер ететіндіктен споралар 120С-та жойылады.
Атмосфералық қысым мен температура жоғарылаған сайын стерилдеу уақыты
азаяды. Микробтар бірнеше секундта жойылғанымен, материалды өңдеу уақыты
ұзағырақ, себебі жоғары температура стерилденетін материалдың ішіне енуі керек.
Автоклавта таңу материалдарын, төсек, коррозияға төзімді металды құралдар,
қоректік орталар мен инфекциялық материалдарды стерилдейді.
Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен
қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф.
Булы стерилизатор
немесе автоклав –
қабырғасы мықты,
герметикалық
жабылатын, су буы және
стерилдеуші камерадан
тұратын металды
цилиндр.
Өнімдерді стерилизациялау түрлері
- жоғары температураға дейін қыздыру;
- иондаушы сәулелермен өңдеу;
- микроорганизмдердің жойылуын қамтамасыз ететін
химиялық заттарды енгізу;
- басқа тәсілдер немесе тәсілдер комбинациясын,
мысалы алдымен химиялық зат енгізіп, соңынан жо ғары
температураға дейін қыздыруды қолдану арқылы.
Стерильдеудің химиялық түрі– токсикалық газдарды, этилен оксидін,
этилен тотығы мен бромды метильдің қоспасын және формальдегидті
қолдану арқылы жүргізіледі.
Газдармен стерильдеу ваккум немесе әлсіз қыздыру арқылы қоршаған
ортадан ұшпалы дезинфицерлейтін заттарды жою әдісі.Газдармен стерильдеу
арнайы камерада 18-80С температурада бумен жүргізіледі. Тәжірибе жүзінде
стерилдеу құралы ретіндеэтилен тотығын, формальдегидті, озонды пайдалана
отырып, әртүрлі, оның ішінде термолабильді материалдардан жасалған
бұйымдарды стерильдейді.
Сәулемен стерильдеу– гамма сәулелермен немесе жеделдетілген электрондар
көмегімен жүргізіледі. Гамма сәуле көзі – арнайы гамма қондырғылардан алынатын
радиоактивті изотоптар болып табылады. Электронды сәулеленуді алу үшін
электронды жылдамдатқышты қолданады. Стерильдеудің тағы бір әдісі – сүзгіден
өткізу немесе фильтрлеу болып табылады. Әр түрлі сүзгілер көмегімен, әсіресе
нитроцеллюлозаның коллоидты ерітінділерінен дайындалған мембранды
ультрасүзгілердің көмегімен сұйықтықтағы қарапайымдардан арылуға болады.
Қайнату – стерилизациялау әдісі ретінде стандартпен ескерілмеген. Бірақ үйде
осы стерилизациялау әдісін қолдануға болады. Краннан алынған суды
қолдануға болмайды. Су қайнатылған немесе тұзсыз болуы керек.
Стерилизациялаудың аяғына дейін шприцтің құрамындағы бөлшектердің сумен
толық жабылуын қадағалау керек.
Бұл әдіспен ұсақ хирургиялық құралдар, шприц, заттық үстелше және т.б.
Құралдар стерилизацияланады. Оларды су құйылған арнайы стерилизаторларға
орналастырады. Судың қайнау температурасын жоғарылату үшін 1-2% натрий
бикарбонатын қосады. Қайнату уақыты 30 мин. Бірақ бұл әдіс толық
стерилизацияны қамтамасыз етпейді, себебі кейбір вирустар (гепатит вирусы)
мен бактерия споралары толық жойылмауы
Стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалау
Бактериологиялық әдіс – ең нақты, бірақ уақытты көп қажет етеді. Бұл әдіс
стерилизацияның дұрыс жүруін қадағалайды.
Техникалық әдіс – манометрмен дұрыс жұмыс істеуді, камераға максимальді
термометр орналасқандықтан периодті түрде температурасын тексеруді талап
етеді.
Термиялық әдіс — күнделікті өткізіледі. Ол құрамында құм тәрізді заттардың
түсін өзгертіп, олардың белгілі бір температурада еруіне негізделген.
Стерилизацияны қадағалау үшін қолданады: Температураны, қысымды,
уақытты, өлшеу; химиялық тестілер; термохимялық индикаторлар және
биотестілер.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz