Қазақстандағы банктік жүйенің дамуы мен құрылымы


Slide 1

Қазақстандағы банктік жүйенің дамуы

Slide 2

Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Slide 3

«Банк» деген ұғымы италиян сөзі «bank» ─ орындық, «айырбас орындығы ─ айырбас орны»

Slide 4

Банк (италянша bankо - үстел) - ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Slide 5

Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:

· Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;

· Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;

· Ақша айналымын реттеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;

· Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;

· Экономикалық және қаржылық кеңес беру.

Slide 6

Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.

Slide 7

Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер.

Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Slide 8

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді.

Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.

Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Slide 9

Қазақстан республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.

Slide 10

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйенің қалыптасуы, дамуы және реформалануы
Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы: саяси партиялардың дамуы мен мәселелері
Жапонияның ақша-несие саясаты және соғыстан кейінгі банктік жүйенің қалыптасуы
Саяси партиялардың мәні, функциялары және Қазақстандағы партиялық жүйенің дамуы
Экономикалық жүйенің типтері, модельдері және дамуы
Эндокриндік жүйенің дамуы және гормондық реттеу
Несие теориясы және Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйенің құрылымы мен қазіргі жағдайы
Саяси жүйенің ұғымы, құрылымы, қызметтері мен ұйым түрлері
Эмоцияның лимбикалық теориясы: лимбиялық жүйенің құрылымы мен қызметтері
Тәуелсіз Қазақстандағы парламентаризмнің дамуы және Парламенттің конституциялық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz