МОНОФУНКЦИОНАЛДЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ ИЗОМЕРИЯСЫ



МонофУНКЦИОНАЛДЫ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НОМЕНКЛАТУРАСЫ ЖӘНЕ ИЗОМЕРИЯСЫ
Орындаған:Жетенова Мадина сЕРІКҚЫЗЫ
Бт 16-18

ЖОСПАР:
I. Органикалық қосылыстарға түсінік.
II. Негізгі бөлім.
1) Органикалық Синтез.
2) Органикалық қосылыстар номенклатурасы.
3) Органикалық қосылыстар изомериясы.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Органикалық қосылыстарға түсінік
Органикалық қосылыстар - құрамында негізгі элемент ретінде әрдайым көміртек атомы болатын химиялық қосылыстар (көміртек оксидтері, көмір қышқылы және оның тұздарынан басқалары) . Адам ертеден табиғи бояу, қамыс қантын, әртүрлі майларды, т. б. пайдалана білген. Көміртек атомының өзара және көптеген өзге элементтердің атомдарымен химиялық байланысқа түсуіне орай органикалық қосылыстардың саны 5 млн-нан асты. Оларға органикалық химия зерттейтін изомерия құбылысы және әртүрлі күрделі өзгерулер тән.

Көмірқышқыл газы
Құрамында көміртек бар хлорциан

ОРГАНИКАЛЫҚ СИНТЕЗ
Органикалық синтез - органикалық химияның органикалық қосылыстардың түзілу жолдары мен әдістерін лаборатория және өндіріс көлемінде зерттейтін бөлімі. Органикалық синтездің дамуы органикалық заттардың құрылыс теориясы мен органикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері туралы мағлұматтар жинақталғаннан кейін (19 ғасырдыңдың 2-жартысы) басталды. Сол уақыттан бастап органикалық синтез жаңа органикалық қосылыстар алудың көзі ретінде органикалық химияның дамуында түпкілікті орын алып, зерттелетін нысандардың қатарын кеңейте түсті. Органикалық синтездің өзіндік мақсаты, тактикасы, стратегиясы және күрделі молекуланы дизайндау жолдары бар. Қарапайым молекулалардан күрделі молекула құрастыру сатылап жүреді, яғни барлық Органикалық синтезді бірнеше, кейде өте көп кезеңдерге бөледі. Осы процестің тиімділігін арттыру мақсатында соңғы жаңалықтар қолданылады. Органикалық синтез нәтижесінде хлорофиллдің, В12 витаминінің, биополимерлердің, т. б. құрамы мен түзілу әдістері белгілі болды.



Органикалық заттардың номенклатурасы
1892 жылы Женевада өткен химиктердің Халықаралық конгресінде алғаш рет заттардың химиялық құрылыс теориясына негізделген номенклатура қабылданды. Бұл номенклатураны Женева номенклатурасы деп атады. Женева номенклатурасы кейіннен пайда болған орынбасарлық номенклатураның алғашқы бір түрі еді. Бұдан кейін 1930 жылы Льеж ережелері номенклатурасы, ал соғыстан кейінгі жылдарда осы күнде өте жиі қолданылып жүрген IUPAC ережелері пайда болды. IUPAC- ИЮПАК- химияның Халықаралық одағының ережелері 1956 жылы бекітілді.
Бүгінде органикалық заттарды атауда үш түрлі номенклатура пайдаланылады:
1. Тривиалды номенклатура.
2. Рационалды немесе радикалды - функционалды номенклатура.
3. Орынбасарлық номенклатура.

Органикалық қосылыстардың изомериясы
Изомерия (изо . . . және грекше meros - үлесі, бөлігі) - құрамы мен молекулалық массасы бойынша бірдей, бірақ физикалық және химиялық қасиеттері әр түрлі болатын қосылыстардың (негізінен, органикалық) болуын сипаттайтын құбылыс. Мұндай қосылыстар изомерлер деп аталады.
Изомерия құбылысы, негізінен, органикалық қосылыстар арасында кең тараған. Ол құрылымдық және кеңістіктік (стереоизомерия) болып екі түрге бөлінеді. Құрылымдық изомерия бір-біріне молекуладағы атомдар арасындағы байланыстар ретіне, ал кеңістіктік изомерия атомдар арасындағы байланыс бірдей бола отырып атомдардың кеңістікте орналасуына қарай ажыратылады.

Құрылымдық изомерияның бірнеше түрі бар:
1) көміртек атомдарының өзара байланысының әр түрлі орналасуына тәуелді изомерия. Қанық көмірсутектер үшін изомерия бутаннан басталады: СН3 - СН2 - СН2 - СН3 (н - бутан), СН3 - - СН3 (изобутан) . Бутанның екі изомері болса, пентанда үшеу, ал С20Н42 қосылысы үшін 366319 изомер жазуға болады, яғни көміртек саны көбейген сайын изомер саны да арта береді;
2) көміртек атомының сутекке алмасқан топтары молекула құрамында әр түрлі орын алады. Мысалы, бутил спиртінің мынадай изомериясы бар: СН3 - СН2 - СН2 - ОН, СН3 - СН2 - СНОН -СН3;
3) метамерия - көп валентті атом мен құрамы және құрылысы әр түрлі радикалдардың байланысы. Мысалы, жай эфир үшін екі түрлі изомер жазуға болады: метилпропил эфирі СН3 - О- СН2 - СН2 - СН3, диэтил эфирі СН3 - СН2 - О- СН2 - СН3;
4) құрылымдық изомерияның ерекше түрі таутомерия (динамикалық изомерия) - қосылыстың екі не одан да көп изомерлі түрлерінің белгілі жағдайда бір-біріне жеңіл алмасу қасиеті. Мысалы: ацетосірке эфирінің молекуласы тепе-теңдіктегі қоспалар түрінде болады: СН3--СН2-СООС2Н5 СН3-=СН-СООС2 Н5.
Кеңістіктік изомерия геометриялық, оптикалық изомерия болып екі түрге бөлінеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz