Нарықтық жағдайда өндірістік кәсіпорындардың шаруашылық қызметі
Презентация қосу
Нарықтық жағдайда
өндірістік
кәсіпорындардың
шаруашылық қызметі
Орындаған: ТКШИ 15-15 Нұрат
Гүлназ
Тапсырған: Абуталипова
Жұлдыз
Нарықтық экономика
еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-
жабдығына меншік нысандарының
көптігі, нарықтық баға белгілеу,
шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасындағы шарттық қатынастар,
мемлекеттің шаруашылық қызметке
шектеулі түрде араласуы қағидаттарына
негізделген экономика, яғни тауарлар
мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны
бағдарламалау және реттеу саласы
нарықта біріктірілетін экономика.
Кәсіпорынның өндірістік
құрылымы
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы дегеніміз
кәсіпорынның өндірістік бөлімшелерінің құрамы мен
көлемдерін, олардың өзара байланыстарының түрлерін,
қуаттары мен жұмысшылар саны бойынша ара қатынасын
қамтитын өндірістік процестің ұйымдастыру түрі.
Өндірістік жүйелердің өндірістік құрылымы дегеніміз оған
енген кәсіпорындардың құрамы, көлемдері, ара
қатынасы, өзара байланыстары мен орналасуы.
Кәсіпорындардың өзара өндірістік байланыстарының түрі
олардың өндірістік жүйеге интеграциялау түріне
байланысты: 1. Тік интеграция кезінде кәсіпорындар бір
бірімен біртұтас өндіріс процесімен байланысқан. 2.
Көлдеңен интеграцияда әр кәсіпорын белгілі өнім
номенклатурасын өндіруге мамандандырылған.
Өндірістік құрылым кәсіпорындардың тиімділігі
мен бәсекеге қабілеттілігіне елеулі әсер етеді,
өйткені өндірістің ырғақтылығы мен өнім
шығарылымының бір қалыптылығына әсер
етеді, өндіріс шығындарын анықтайды,
нәтижеде кәсіпорынның таза табыс деңгейіне
де ықпал етеді. Өндірістік құрылымның екі түрі
ажыратылады: 1. Кешендік ӨҚ (көп сатылы) –
мұнда кәсіпорында өндіріс процесінің барлық
сатылары бар: дайындау, өндеу және шығару
сатылары. 2. Мамандандырылған ӨҚ (бір, – екі
сатылы) кезінде бір немесе екі саты жоқ, олар
бойынша өндіріс процесі басқа
кәсіпорындардан бірлескен жеткізілімдер
түрінде қамтамасыз етіледі.
Өндірістік құрылымның алғашқы элементі болып
жұмыс орны табылады. Ол бір немесе бірнеше
жұмысшылардың қызметімен, негізгі жабдықтау
мен қосалқы құрылғыларымен, еңбек заттарымен
қамтылған цехтің өндірістік ауданының бөлігі.
Жұмыс орнында өндіріс процесінің белгілі бөлігі
орындалады. Жұмыс орындары келесі түрлерге
бөлінеді: мамандандырылған, яғни жұмыс орнында
3–5 детале–операциялар бекітіледі, және әмбебап
– мұнда детале–операциялар мүлдем бекітілмеген
немесе олардың саны аса көп (20 астам).
Өндірістік учаске дегеніміз технологиясы бір қалыпты
операциялар немесе өнімнің 1–2 түрін шығару бойынша әр
түрлі операциялар орындалатын жұмыс орындарының
жиынтығы. Учаскелер екі принцип бойынша құрылады: –
Технологиялық принцип. Учаскеде бір қалыпты жабдықтау
орналасқан, жұмысшылар бір қалыпты операциялар
орындайды – мұндай учаскелер ұсақ сериялық және
даналық өндіріске сәйкес келеді. – Заттық–бекітулі
принцип. Мұндай учаскеде әр түрлі жабдықтау
қолданылады, жұмысшылар өнімнің белгілі түрлерін
өндіруде мамандандырылады. Мысалы, тасқынды линиялар,
олар көп сериялық және жаппай өндіріске сәйкес келеді.
Цех бірнеше учаскелерді біріктіреді – ол өнімнің немесе
оның бөлігін өндіруге, немесе өндіріс процесінің белгілі
сатысын орындауға мамандандырылған кәсіпорынның
әкімшілік–оқшауландырылған бөлігі. Цехтің түрлері екі белгі
бойынша ажыратылады:
1. Бағытталуы бойынша: – негізгі цехтар – негізгі
профильдік өнімді немесе өндіріс процесінің аяқталған
бөлігін өндіретін. Өндіріс процесінің сатылары бойынша
негізгі цехтар дайындау, өндеу және шығару түрлеріне
бөлінеді; – қамтамасыз етуші цехтар – негізгі цехтар үшін
қосалқы өнімді өндіретін (энергетикалық шаруашылық,
құрылыс цехі); – қызмет көрсетуші цехтар – негізгі және
қамтамасыз етуші цехтар үшін өндірістік қызметтер
көрсететін (жөндеу цехі, көлік және қойма шаруашылығы);
– тәжірибелік–эксперименттік цехтар – жаңа өнім түрлерінің
макеттері мен тәжірибелік үлгілерін жасап сынайтын; –
қосалқы цехтар – қосалқы материалдарды өндіріп өндейтін,
сонымен бірге өндіріс қалдықтарынан өнім шығаратын
цехтар; – көмек етуші цехтар – зауыт территориясын
жинайтын, ауыл шаруашылықтық өнім шығаратын цехтар.
2. Мамандандырылуы бойынша: – Технологиялық – мұнда өндіріс
процесінің белгілі бөлігі орындалады. Мұның негізгі кемшілігі өнімнің
жоғары еңбек сиымдылығы және қолданылатын ресурстардың
тиімділігі аз, нәтижеде өндірістің шығындары жоғары, өндірістік
циклдің ұзақ болуы мен өндірістің пайдалылығы төмен. – Заттық
(бөлшектік–тораптық) құрылым кезінде әрбір цех бір немесе бірнеше
конструкциясы ұқсас өнімдерді шығаруда мамандандырылады, және
номенклатурасы тұрақты өнімнің жаппай өндірісіне сәйкес келеді.
Мұның артықшылығы прогрессивтік жоғары өндіргіш айрықша
жабдықтауды енгізу мүмкіншілігі (автоматтандырылған тасқынды
линиялар, икемді өндірістік жүйелер). Бірақ таза түрде заттық құрылым
сирек кездеседі, сондықтан аралас құрылым түрі кең тараған. – Аралас
(заттық–технологиялық) – мұнда дайындау цехтардың технологиялық
құрылымы, өндеу цехтарының – бөлшектік–тораптық, ал шығару
цехтарының – заттық құрылымы бар.
Кәсіпорынның экономикалық
даму концепциясы
Қазіргі кезде кәсіпорынды дамытудың экономикалық
концепциясы нарықтық бәсеке және жоғары экономикалық
тәуекелдіктер жағдайында оның экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету үшін жеткілікті бәсекеге қабілетті даму
қарқындарына байланысты. Бұл концепцияның пайда болу
себебіне экономиканы реформалау мәселесі жатады.
Сондықтан мұндай реформалау концепцияның негізіне,
біріншіден, қайта құрылымдау (реструктуризация),
екіншіден, кәсіпорын экономикасын қайта құру салынады.
Мұның нәтижесінде тиімді басқару механизмі, кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығын арттыру мен акционерлер,
кәсіпкерлер мен мемлекеттің құқтарын қорғау механизмі
құрылу тиіс.
Қазақстан экономикасын реформалауы келесі
принциптерге негізделеді: – мемлекеттік
унитарлық кәсіпорындардың (ауыр және кен
өндіруші өнеркәсіптің базалық салалары),
акционерлік қоғамдардың (өндеуші, өеркәсіптік,
құрылыс және ауыл шаруашылықтық
кәспорындар), шағын кәсіпорындар мен
фирмалардың (сауда, қоймалық шаруашылықтар
және т.б.) орынды ұштастырылуы; – отандық
кәсіпорындарды қалпына келтіру мен дамытуға
және меншікті ресурстарды пайдалануға
бағыттау; – нарықты дамыту негізінде
экономиканы әлеуметтік бағытта реформалау; –
төлеуге қабілетсіз ірі және шағын
кәсіпорындарды, олардың өміршеңдігі мен
бәсекеге қабілетін қалпына келтіру мақсатында
қайта құрылымдау (кішірейту).
Қайта құрылымдаудың мақсаты – кәсіпорынды нарықтық
ортада бастапқы кезеңде өнімнің бәсекеге
қабілетсіздігінен, тауарлық–материалдық запастардың
өсуінен пайда болатын дағдарыстық жағдайдан шығару.
Кең мағынада қайта құрылымдау дегеніміз қарыздар мен
капиталдық салынымдарды бөлу, өндірістік сатыларды
жеке кәсіпорындар мен фирмаларға бөлу, оларды қосу
арқылы өндірісті кішірейту, залалды өндірістерді жою
және пайдалылығы төмен өндірістердің бейінін өзгерту.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымын өзгерту нәтижесінде
кадрлік саясаттың, кәсіпорын мүлігін бағалаудың,
инвестициялық саясаттың, ішкі өндірістік нарықтық
қатынастардың мәселелері шешіледі. Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпорынды басқарудың
экономикалық әдістері де өзгереді: нарықты зерттеу
(маркетинг), нарықтық бағалардың, қаржы мен несиенің
ынталандырушы ролін арттыру, қаржылық тепе–теңдік
пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен
өтімділікті қамтамасыз ету, кәсіпорын бөлімшелерінің ішкі
өндірістік экономикалық қатынастарын тереңдету.
Кәсіпорынның бизнес–
жоспары
Бизнес–жоспар дегеніміз кәсіпорынның өндірістік–қаржылық
қызметінің пайдалылығын арттыру бойынша оны дамытудың
бағдарламасы. Оның тағайындауы – қабылданған стратегия
мен концепцияға, мақсаттар мен міндеттерге сәйкес
экономикалық дамудың басқару құжаты. Б–Ж жобасын
әзірлеуі кәсіпорынның перспективті даму стратегиясын
анықтаудан басталады. Қабылданған стратегияға сәйкес
экономикалық концепция әзірленеді, оған жаңа техника
(жаңа өнім) шығаруды игеру және жаңа инвесторлар мен
акционерлерді тарту, жаңа техника өндірісін игеру,
сатылымдар көлемін арттыру, жаңа нарықтарды басып алу
және т.б. арқылы нарықта тұрақты жағдайды қамтамасыз
етуді негіздеу кіреді.
Стратегия мен концепцияға сай Б–Ж
мақсаттары мен міндеттері анықталады. Б–
Ж–да сапалы және пайдалы, сондықтан
бәсекеге қабілетті өнімді өткізу нарығын
басып алудың стратегиялық мақсаттары
анықталады. Оған жету үшін келесі
міндеттер шешілуі тиіс: – кәсіпорынды
дамытудың экономикалық жағынан
мақсатқа сай бағытын негіздеу; –
болжалды қаржылық нәтижелерді
негіздеу; – инвестициялық бағдарламаны
әзірлеу процесінде қаржыландыру көздерін
анықтау; – бизнес–жоспарды жүзеге асыру
жөнінде шараларды әзірлеп экономикалық
жағынан негіздеу.
Б–Ж келесі бөлімдерден (жоспарлардан)
құрылады:
1 Бөлім. Тұжырым–түйіндеме барлық
бөлімдерден алынған қысқа
қорытындылардан құрылады (жобаның
мәні, мақсаттары мен тиімділігі, қойылған
міндеттердің шешу мүмкіндіктері,
сондықтан мақсатқа жету, қаржыландыру
көздері, инвестициялаудан түсетін
потенциалды артықшылықтар:
сатылымдар көлемі, шығындар, пайданың
нормасы, капиталдық салынымдар мен
инвестициялық шығындардың қайтарылу
мерзімдері және т.б.).
2 Бөлім. Тауар (өнім, қызметтер). Мұнда
нарықта өткізілетін тауардың
басқалардан сапасы, бағасы мен
пайданың нормасы бойынша, сондықтан
тауардың бәсекеге қабілеттілігі бойынша
қолайлы айырмашылығы көрсетіледі.
3 Бөлім. Өткізу нарығы. Маркетингтік
зерттеулер мен өнімнің нарыққа
делдалдар арқылы немесе оларсыз
жеткізу жөнінде жасалған келісім
шарттардың негізінде күтілетін
сатылымдар көлемі, сонымен бірге негізгі
тұтынушылар мен бәсекелестер
анықталады.
4 Бөлім. Маркетинг стратегиясы. Мұнда
болжалды өткізу жүйесі, өткізу бағасы,
жарнаманы ұйымдастыру мен өткізуді
артыру бойынша шаралар (тұрақты сатып
алушыларға жеңілдіктер, сатудан кейінгі
қызмет көрсету, кепілдіктер)
қарастырылады.
5 Бөлім. Өндірістік бағдарлама. Мұнда
шикізат, материалдар мен техниканың
қажеттілігі анықталады. Өндірістік
қуатты пайдалану кезеңдері мен
нарықтық сұраныс шегінде бәсекеге
қабілетті өнім шығаруды арттыру
мүмкіндіктері анықталады.
6 Бөлім. Өндірісті ұйымдастыру.
Ұйымдық–өндірістік құрылымға,
технологиялық схемаға негіздеме
беріледі, кадрлар қажеттілігі ұсынылады
және еңбек ақы жүйесі таңдалады
7 Бөлім. Кәсіпорынның ұйымдық–
құқықтық нормасы – құқықтық мәртебесі,
меншік түрі, кәсіпорынның түрі,
инвесторлар мен демеушілердің
құқықтары.
8 Бөлім. Қаржы жоспары. Мұнда
инвестициялар, қаржыландыру көздері,
қаржы құралдарын тарту шарттары
анықталады.
9 Бөлім. Жобаның пайдалылығы. Оны
экономикалық көрсеткіштер арқылы
анықтау – инвестициялық шығындар,
негізгі және айналым капиталдарына
инвестиция құйю, үлес капитал
салынымдары, пайдалану мен өткізу
шығындары, табыстар, салықтар, қарыз
құралдарының көлемдері мен қайтару
мерзімдері, өнімнің пайдалылығы, пайда
және оның нормасы.
Кәсіпорынның өндірістік–
шаруашылықтық қызметі
Жалпы түрде кәсіпорынның өндірістік қызметінің
тиімділігі ресурстардың ең аз шығындарымен ең жоғары
нәтижелерге жетуді білдіреді. Тиімділіктің жалпы
көрсеткіші болып максимум пайданың өндірістің құнына
қатынасы табылады, оны тиімділік коэффициенті арқылы
көрсетеді: maxКжт=П/(Sнөқ·На+Sаөқ/Кақ +Sжк), мұнда:
П – өнімді өткізуден түскен пайда; Sнөқ – негізгі
өндірістік қорлардың орташа жылдық баланстық құны;
На – орташа амортизация нормасы; Sаөқ – айналым
өндірістік қорларының құны; Кақ – айналым
құралдарының айналымдылығының коэффициенті; Sжк –
жұмыс күшінің құны (еңбек ақы).
Өндірістің экономикалық тиімділігі өнімнің материал
сиымдылығы (Мс), қор сиымдылығы (Қс), капитал
сиымдылығы (Кс) мен еңбек сиымдылығының (Ес) жеке
көрсеткіштерімен құрылады. Сондықтан олардың төмендеуі
өндірістің экономикалық тиімділігінің жалғыз көзі болып
табылады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық
нәтиже түрінде салықтар мен төлемдерді төлегеннен кейін
қалған өнімді өткізуден түскен таза пайда көрсеткіші
алынады. АҚ (акционерлік қоғам) жағдайында
экономикалық нәтиже ретінде өткізуден түскен таза пайда,
еңбек ақы (ЕА), әлеуметтік сақтандыру (ӘС) мен
дивидендтерден (Д) құрылатын таза табыс қарастырылады.
Бұл нәтижені қамтитын шығындар капиталдық салынымдар
немесе инвестициялар деп аталатын бір жолғы
шығындарға жатады. Сондықтан, өндірістің пайдалылығын
арттыруға бағытталған шаралардың тиімділігі жөнінде
сөйлегенде, экономикалық тиімділік таза пайда немесе таза
табыстың бір жолғы шығындарға қатынасы түрінде
анықталады: ЭТкс=Пт/Кс немесе ЭТ=Тт/Кс, мұнда: ЭТкс –
капиталдық салынымдардың экономикалық тиімділігі; Пт –
салықтар мен төлемдерді төлегеннен кейін қалған өнімді
өткізуден түскен таза пайда; Кс – капиталдық салынымдар
немесе инвестициялар (капиталдық салынымдарға
тағайындалған қаржы ресурстары); Тт – таза табыс: Тт = Пт
+ЕА+ӘС+Д.
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтағанда
таза пайда немесе таза табыс барлық өндіріс
ресурстарын (материалдық және оларға
теңестірілген ресурстар және негізгі өндірістік
қорлар) пайдалану шартында құрылады.
Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін
бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады: –
өнімнің немесе жеке бұйымның бірлігіне
шаққандағы материалдық және оларға
теңестірілген ресурстардың шығындары; – айналым
құралдарының айналымдылығы (айналымдар саны).
Негізгі өндірістік қорлар мен капиталдық
салынымдарды пайдаланудың тиімділігі қор
қайтарымы (Қорқ) және капитал қайтарымы (Капқ),
қорлардың пайдалылығы (табыстылығы) және бір
жолғы капиталдық шығындардың экономикалық
тиімділігі (ЭТкс) арқылы бағаланады: Қорқ =Өөт/
(Нөқ+Аөқ) және Капқ =∆Өөт/Кс, Пқор =Пөт/
(Нөқ+Аөқ) және ЭТкс =∆Пөт/Кс, мұнда: Өөт –
өткізілген өнім; Нөқ және Аөқ – негізгі және
айналым өндірістік қорлары; Пқор – қорлардың
пайдалылығы; Пөт – өткізуден түскен пайда.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz