Лейкоз


Slide 1

Лейкоз

Орындаған: Айдын А. А, ВМ-304

Тексерген: Ибажанова А. С

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КАФЕДРАСЫ

Slide 2

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2. 1. Лейкоз дегеніміз.

2. 2. Лейкоздың жіктелуі.

2. 3. Тарихи дерек.

2. 4. Ірі қара лейкозы.

III. Қорытынды бөлім

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Slide 3

Лейкоз (Leucosis, грек. Leucos - ақ) - лейкемия, қанның ағаруы - қан торшаларын түзетін ұлпалардың ісік ауруы. Сырқаттық процесс әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда қан түзетін өсіп-жетілмеген торшалардың көбеюімен сипатталады. Қан түзетін ұлпа торшаларының қай түрінің ісіктік сипат алғанына байланысты лейкоздарды: лимфоидтық лейкоз, миелоидтық лейкоз және эритролейкоз.

Өсіп-жетілген қан торшаларының қанда молаюына әкелетін аурауды лейкоздың лейкемиялық түрі деп, олай болмаған жағдайда алейкемиялық лейкоз дейді.

Slide 4

иипааа

Қалыпты жағдайдағы

қан торшасы

2. Лейкоз

Slide 5

Лмифоидтық лейкоздың негізгі ерекшелігі, қан мен сүйек кемігінде қатерлі ісік торшалары сипатын алған лимфоциттердің болуы. Лимфалық түйіндерде ісік торшалары негізінен ішкі қабат пен синустарды, талақта - қызыл ұлпаны жайлайды, бауырда олар синусоидтарға енеді. Бұл торшалар басқа мүшелерде тамырлардың ішінде шоғырланады.

Лимфоидтық лейкозға лимфосаркоманың ұқсастығы бар.

Лимфосаркомаға бірінші кезекте:

Slide 6

Лимфоидтық лейкоз кезіндегі лимфоцитке толып қалған лимфа түйіндері.

Slide 7

- лимфоидтық жүйенің зақымдануы және лейкопения тән.

- анемия жиі байқалады.

- сүйек кемігі зақымдана бермейді.

- ісік торшалары лимфалық тамырлар арқылы таралып, ең алдымен лимфалық түйіндердің фолликулдарын, сыртқы және ішкі қабаттары аралығын жайлайды.

Лимфасаркома торшалардың морфологиясына қарай, торшалардың жетілуі тым төмен лимфасаркома, лимфобластық, лимфоцитарлық және гистиолимфоцитарлық саркома деп бөлінеді.

Slide 8

Миелоидтық лейкоз сүйек кемігінің зақымданып, онда жетілуі өте төмен миелобластардың немесе эозонофильдік бағыт алған торшалардың шамадан тыс молаюымен, осы торшалардың қанға енуімен сипатталады.

Сүйек кемігі

Сүйек кемігінде миелеобластардың шамадан тыс көбеюі

Slide 9

Эритролейкозға эритроциттерге және гранулоциттерге бағыт ала жетіле бастаған жас торшалардың ісіктік қасиет алып шамадан тыс молаюы тән.

Лейкозға көптеген жануарлар түрлері шалдығады. Ірі қара малдың лейкозы, тауықтар лейкозы және Марек ауруы шаруашылықтарға үлкен зиян келтіреді.

Гранулалар

Митохондриялар

Эритролейкозға ұшыраған торша

Slide 10

Ірі қара мал лейкозы

Ірі қара мал лейкозы созылмалы өтетін, қан түзетін және басқа мүшелер мен ұлпаларда қатерлі ісік ошақтарының пада болуымен, қанда лимфоциттер санының артуымен сипатталатын ауру.

Slide 11

Этиологиясы мен дерттенуі. Аурудың пайда болуы С-типінің вирусымен негізделген, онковирус атауымен қысқартылған (РНҚ-лы вирус) . Retroviridae түыстығына Onkarnoviridae туыстық тармағына жатады. Ірі қара малдың лейкоз вирусы бас әріптермен жазылады - ВЛКРС. Вирустың таралуының негізгі жолы - горизонтальді (жануардан жануарға) жұғады. Сонымен қатар, вирус жатырдағы төлге берілуі де мүмкін яғни (вирустың вертикальды таралуы) .

Ірі қара лейкозына сиырмен қатар буйвол, енеке, қой және ешкі бейім. Лейкозбен сиыр малының барлық тұқымың қай жастағысы болмасын ауырады. Әйтсе де ауру 4-8 жас аралығында жиі байқалады. Қара ала және қызыл тұқымды сиырлар бұл ауруға бейім келеді.

Slide 12

Ірі қара лейкозы екі түрге бөлінеді: энзоотиялық және спорадиялық. Энзоотиялық лейкоз бұл аурудың клиникалық және патологиялық анатомиялық белгілері айқын білінген түрі, негізінен ересек жануарларда 5-8 жас аралығында жиі байқалады.

Спорадиялық лейкоз сирек кездеседі, оған 3 жасқа дейінгі жас малдар шалдығады. Спорадиялық лейкоз 3 түрге бөлінеді: бұзаудың, тимустық және терідегеі.

Бұзаудың лейкозымен 6 айға дейінгі жануарлар ауырады. Ауырған бұзаулардың лимфа түйіндерін ісік жайлап, көптеген ішкі ағзаларға метастаз береді. Ауру белгілері білінгеннен кейін бірнеше апта ішінде мал өледі.

Slide 13

Тимустық лейкоз 6-18 ай аралығындағы жануарларда байқалады. Ісік негізінен айырша без тимуста шоғырланады да, малдың әмукесі қабынып тұрады. Ісінген ұлпа көкірек қуысына да жайылады. Ісік лимфа түйіндеріне де жайылады, бірақ, диафрагмадан ары орналасқан ағзаларға шаба қоймайды.

Тері лейкозы - бұл аурудың бірден-бір жазылатын түрі негізінен 1 жастан 3 жасқа дейінгі жас малда кездеседі. Тепіде ісінген ұлпалардың шоғырлануынан әр түрлі бұдырмақтар пайда болады да, бірнеше аптадан кейін сола бастайды. Жазылып кеткеннен соң қайтадан өрбуі сирек кездеседі.

Slide 14

Паталогиялық анатомиясы. Ауру көбінесе лимфоциттік лейкоз және лимфосаркома, сирегірек миелоидтық лейкоз және лимфогранулематоз түрлерінде байқалады. Көбінесе лимфалық түйіндер, талақ, сүйек кемігі, бауыр, жүрек, бүйрек, ұлтабар, қаңқа бұлшық еттері зақымданады.

Лимфоциттік лейкозға шалдыққан малдың лимфалық түйіндерінің көлемі артады, кейде еңгезердей болған олардың салмағы бірнеше кг жетеді. Тіліп қарағанда ақшыл немесе сұрғылт түсті, босаңсыған паренхима томпайып көтеріледі, өлі телімдер мен қанталаулар байқалады.

Slide 15

Талақтың да көлемі ұлғаяды, кей малда ұзындығы 1 м, көлденеңі 20-25 см, қалыңдығы 8-10 см-ге дейін жетеді. Мүшенің тілік беті кедір-бұдырлы тұтас қызыл болады немесе көлемі тым ұлғайған ақшыл түсті фолликулдар есебінен шұбарланады. Миокардта пайда болған сұрғылт түсті, әртүрлі өлшемді ісік ошақтары эпикард жағынан да, эндакард жағынан да көрінеді, жүректің көлемін ұлғайтады. Жүрекшелер қабырғалары кейде ісік ұлпасының есебінен түгелге дерлік ағарып кетеді. Бауырда ақшыл түсті ісік ошақтары болуы мүмкін, мүшенің көлемі үлкейіп, түсі сұрғылт немесе ақшыл-қоңыр тартады.

Slide 16

Көкбауырды тіліп қарағандағы паталогиялық анатомиялық өзгеріс

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Созылмалы лейкоз
Ірі қара мал лейкозы
Сиыр лейкозы
Созылмалы лейкоздар
Жедел лейкоз
КАН ЖӘНЕ ҚАН ТҮЗІЛУДІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ
Қан аурулары кезінде ауыз қуысы кілегей қабатының өзгерістері. Клиникасы, диагностикасы, салыстырмалы дигностикасы, емі
Жүкті әйелдер гемостаз жүйесі және оларды зерттеу
Ісікке қарсы иммунитеттің туындауы
Қанның қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz