Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы




Презентация қосу
Құстардың инфекциялық
бронхиті ауруының
сипаттамасы, диагностикасы,
алдын алуы.
 
 

Орындаған: Айдын А.
ВМ-304
Тексерген: Сарбаева Д.   
 
Жоспар
Кіріспе
1.Құстардың инфекциялық бронхиті ауруына сипаттама.
Негізгі бөлім
2. Құстардың инфекциялық бронхиті ауруының қоздырушысы
3. Індеттік деректер.
4. Патогенезі
5. Төзімділігі
6. Клиникалық белгілері.
7. Балау.
8. Ажыратып балау
9 Сынама алу, зерттеу тәсілдері.
10. Емдеу
11. Имунитет
12. Ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары.
13. Құстардың жұқпалы бронхит ауруынан таза
емес пункттерде және эпизоотиялық ошақтарда
жүргізілетін шаралар.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Тауықтардың жұқпалы бронхиті (ТЖБ)-
Вronhitis infectiosa avium- аса жұғымтал ауру,
балапандардың тыныс алу жолдарының және
тауықтардың көбею мүшелерінің зақымдалуымен,
жұмыртқалағыштығының төмендеуімен
сипатталады.
Таралуы. Құс шаруашылығы өркендеген елдердің
барлығында кездеседі.
Ауру қоздырушысы- Coronoviridae
тұқымдастығына, Coronovirus туысына жатады, бір
жіпшелі, сызықшалы, геном стратегиясы «оң жіпті»
РНҚ вирус. Бұл күрделі вирус, Сыртқы липопротеидті
қабықшасы бар, пепломерлері «түйреуіш» тәрізді.
Вирустың көлемі 75-100 нм, капсид симметриясы
спираль тәрізді. Жұқпалы бронхиттің екі
гликопротеинді антигені бар: сыртқы S және
мембранды М
Індеттік деректер. Жұқпалы бронхитке
барлық құстардың топтары бейімді, бірақ 20-30
күндік жас балапандар жиірек ауырады. Індет
жаңа басталған кезде ауру көбнесе
балапандардың арасында көбірек кездесіп, бара-
бара жас және сақа құстарғада ауысады. Ауру
қоздырғышының бастауы- ауру және ауырып
жазылған құстар. Олар вирусты кеңсіріктен аққан
сорамен, көздің жасымен саңғырықпен,
жұмыртқамен бөліп шығарыа таратады. Ауырып
жазылған құстарда вирус сақтаушылық 105 күнге
дейін созылады.
Жұқпалы қоздырғыш көзі ауру және ауырып
жазылған құстар вирусты 3 ай ішінде мұрыннан,
көзден, сілекей сұйықтарымен аққан және көңмен,
жұмыртқамен бөліп шығарады
Өлекседегі өзгерістер. Бронхылар мен
кеңірдектің кілегей қабықтары қабынып,
қызарады, қан құйылады. Бронхылардың
қуысында фибринді шөгінділер кездеседі,
кеңсірік қуысы мен көз асты қолтығының
кілегейлі қабығы қабынады. Бронхитке
басқа аурулар асқынғанда өкпе ауа
қапшықшалары және басқа мүшелердің
зардаптанғаны байқаалады.
Ажыратып балау. Жұқпалы бронхитті
Ньюкасл ауруынан, жұқпалы
ларинготрахеиттен, шешектен,
респираторлық микоплазмоздан ажырату
керек.
Балау індеттанулық деректерді,
клиникалық және серологиялық
зерттеулердің нәтижелерін талдауға
негізделеді. Зертханаға аурудың
клиникалык белгілері айқын білінген 5-10
балапанды, 60 күннен асқан әр жастағы
15-25 тауықтың қанын жібереді.
Зертханадаауру балапандарды сойып
кеңірдектің, көмейдің, өкпенің кесінділерін
вирусты бөліп алу үшін тауық эмбрионына
жұқтырады сау балапандарға биосынама
қояды. Арнайы антигендермен қан
сарысуының диагностикалық жинағын
пайдаланып вирусты бейтараптау
реакциясы, диффузды преципитация және
қосалқы гемоглютинация реакцияларын
Сынамалар алу тәсілдері
Зертханада вирусологиялық зерттеуге өлген құстарды
тұтас немесе кеңірдек кесінділері, мұрын қуысынан алынған
кілегейлі қабығы, бүйрек жіне аналық жыныс бездері
жіберіледі.
Серологиялық зерттеуге 10-15 бас құстан екі рет
арасына 14-21 күн салып қан алып жіберіледі.
Зерттеу әдістемелері
Тауық эмбриондарын зақымдау (биосынама қою).
8-10 күндік тауық эмбрионындарына, зерттелетін
вирустық материалды 0,2 мл мөлшерінде аллантойс
сұйығына енгізіледі де 24 сағат 37С термостатқа қояды, күн
сайын овоскоп арқылы тексеріп отырады. 3-4 күн өткен соң
1/3 тауық эмбриондарын өлтіріп 4С суытып барып қауызын
ашып аллантойс сұйығын жинап аладыда келеесі пассажға
қолданылады. Ал, 7-8 күннен кейін қалған ТЭ
микроскопиялық өзгергенділігін қарайды.
Тауық эмбриондары жұқпалы бронхиттен 2-8 күн
аралығында өледі және айқын өзгерістер білінеді.
Тауық эмбриондарында бейтараптау реакциясын қою (БР).
Қан сарысу сынамаларын жұмысқа қолдану алдында 56С
температурада 30 минут су моншасында қоздырғыш
белсенділігігнен арылтады.
Зерттеуді өткізу. Реакцияда 10-7 ЭИД 50/13 кем емес вирус
қолданылады. 10 -3 тен 10 -8 дейін он мәрте вирус сұйылтылуын
дайындайды. Сұйылтылған вирустың, өзіндік антисарысудың жіне
сыналатын қан сарысуларына тең мөлшеріне араластырып,
қоспаны 1 сағатқа бөлме темперетурасына қояды. Әрбір
сұйылтылудан 9 тәулік тауық эмбрионын аллантоис қуысына 0,2
см3 мөлшерінде енгізеді. Зақымдалған тауық эмбриондарын
күнделікті түрде 3-7 тәулік бойы овоскоппен қарайды, алғашқы 24
сағат ішіндеде өлгендерді есепке алмайды.
Нәтижені талдау.
3-8 тәулік өткен соң, зақымдалған тауық эмбриондарының әр
тобының инфекциялық қасиеті анықталып ИД 50 есептелінеді.
Вирустың бақылау қатарының титрі мен вирустың сыналатын
сарысу қоспасының титрі логарифмдер арасындағы айырмашылық
бейтараптану индексін білдіреді. Бейтараптау индексінің мәні 1,0-
ге дейін болғанда, реакция нәтижесі теріс делінеді, 1,1-ден 2,0-ге
дейінгі- күмәнді, 2,1-ден жоғары- оң нәтиже дейді.
Агар гелінде зерттеуді ДПР қою
Әдістің мәні, ауырып жащылған құстан агар гелінде
диффузды преципитация реакциясымен тәндік антиденелерді
айқындау.
 
Зерттеуді өткізу.
Ыстық гел агарын Петри аяқшаларына құйып, қатқаннан
соң штамппен ұяшықтар жасалады. Әрбір ұяшық түбіне
антигенді, өзіне бейімделген штаммен зақымдалған, өлген
тауық эмбриондарының гомогендеген хорионаллантоисты
қабықтарынан алады. Препицитацияланған өзіндік
антисарысумен айқын білінетін, нақты реакция көрсететін ХАҚ
таңдалынады: бақылау сарысулары және теріс сарысулармен,
антигенге бақылау қойылады.
Нәтижені талдау.
Бірінші нәтижені талдаудың алдында, бақылауды қарайды,
егер антигенмен оң сарысудың арасында преципитация сызығы
пайда болса реакцияның дұрыс қойылғанның белгісі. Содан соң
антигенмен зерттелетін қан сарысуларының арасында да
преципитация сызығы байқалса нәтижені оң дейді.
Емдеу әдістері жоқ. Бірақ ауру жаңа
біліне бастаған кезде антибиотиктерді
қолдану арқылы ауруды асқындырудан
сақтауға болады. Антибиотиктерді
аэрозоль түрінде қолдану.
Имунитет. Ауырып жазылған құстарда
имунитет пайда болады, ол жұмыртқа
арқылы балапандарға да беріледі. Бірақ
балапандардағы мұндай имунитеттердің
ұзақтығы 2-3 аптадан аспайды. Аурудан
арнайы сақтандыру үшін әлсіретілген тірі
вирус-вакцина бар, онымен балапандарды
10 күннен бастап иммундайды.
Ветеринариялық-санитарлық таза аймақтарда
жүргізілетін алдын-алу шаралары
Құстың жұқпалы бронхит вирусынан шаруашылық
қожалықтарын қорғау және енгізбеу мақсатында құс
фабрикаларының және құс фермаларының басшылары мен
мамандары кешенді алдын-алу шараларын қатаң түрде
орындауға міндетті.
Құс фабрикаларының және құс фермаларының арасында құс
жұқпалы бронхитінен таза емес шаруашылық
қожалықтарымен шаруашылықтық байланыс жасауға рұқсат
етілмейді.
Құс шаруашылығын жинақтауда тек қана клиникалық сау
құстың инкубациялық жұмыртқалары қолданылады.
Барлық құс қораларда, құстар ұстауға ауа алмасу
тұрақтылығын бақылау керек. Зиянды газдардың
концентрациясы тиісті шамадан аспау керек: аммиак 15
миллиграмм кубтық метрге, күкіртті сутегі 5 миллиграмм
кубтық метрге, көмір қышқылы - 0,25 пайыз көлемі
бойынша ауа дымқылдығы 60-70 пайыз болу керек.
Құс қораларын жинақтауда, тек қана бір жастағы құстар
болу керек
Құстардың жұқпалы бронхит ауруынан
таза
емес пункттерде және эпизоотиялық
ошақтарда
жүргізілетін шаралар
Құстардың жұқпалы бронхиті ауруының балауын
анықтағанда шаруашылық қожалығының
малдәрігер маманы (құс фабрикасының) жедел
ауданның малдәрігерлік инспекторына хабарлайды
және аурудың өршуіне қарсы шара қолданады.
Аудан бас малдәрігерлік инспекторымен бірігіп
ауруды жою шаралар жоспарын құрады.
Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы анықталған
шаруашылық қожалығын (құс фабриканы) құстың
жұқпалы бронхитынан таза емес деп жариялап
және оған шек қоюды енгізеді.
Таза емес шаруашылықта (құс фабрикасында) жол
берілмейді:
таза шаруашылықтарға инкубациялық жұмыртқаларды
және эмбриондарды шығаруға;
тірі-құсты басқа шаруашылықтарға шығару және оны
сатуға;
құс, азық-түлік және жұмыс құралдары таза емес құс
қоралардан таза қораларға ауыспауға;
құстың жұқпалы бронхитіне бейім құстарды басқа
шаруашылық қожалықтарынан, құс қоралардан әкелуге;
жас құстарды жұқпалы бронхиттан айыққаннан кейін
құстарды асыл тұқымды табындарын жинақтауға.
Бөлек құс қорада (бөлектенген залда) ауру және нашар
құстарды қансыз әдіспен құртады да, техникалық әдіс
бойынша жояды. Қалған құстарды ветеринарлық-
санитарлық ережелерге сәйкес құс өңдеу, құс комбинатына
сою үшін тапсырады.
Бірнеше ауру көрінуі жағдайда ауру және әлсіз құстарды
сараптайды, күн сайын мұқият тазалау өткізеді, ауру және
нашар құстарды ет-сүйек ұнға өңдейді
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
1.Ш.Б. Мырзабекова «Ветеринариялық
вирусология» Алматы 2004 (239-240б)
2. Ермағамбетова С.Е. «Вирустық
инфекцияларды зертханалық балау» Алматы
2008 (103-105б)
3.Бакулов И.А. «Індеттану және
микробиология негіздері» Алматы 1993 (352-
354б)
4. Т. Сайдулдин «Індеттану және
жануарлардың жұқпалы аурулары» Алматы
2009 (447-449)
5. WWW.GOOGLЕ.KZ
6. WWW.OPERA.RU
7. Яндекс
Назар
аударғандарыңы
зға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпралы бронхиті, вирусты гепатиті, синуситі, тұмауы, орнитозы
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті, жұқпалы бронхиті, вирусты гепатиті
Құстардың дорсальды аурулары
Сібір жарасының клиникасы, диагностикасы және емі
Ауески ауруы
АУРУХАНА ІШІНДЕГІ ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҰҒУ ЖОЛДАРЫ
ГИПОБИОТИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕР
Аусыл ауруының диагностикасы
Вирустардың ерекшіліктері
Аурудың белгілері
Пәндер