Ерітінділер мен еріткіштер: түрлері, қасиеттері және дайындау технологиясы


Slide 1

Ерітінділер дайындау технологиясы

Орындаған:

Топ:

Тексерген:

Slide 2

Жоспар.

Ерітінділер, еріткіштер дегеніміз не? Ерітінділер туралы жалпы ұғым.

Ерітінділердің бөлінуі.

Ерітінділердің қасиеті

Түрлері

Ерітінділердің дайындау технологиясы

Slide 3

Ерітінділер - кем дегенде екі құрамдас бөліктен тұратын біртекті (гомогенді) жүйелер. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекулалы-диспрестік жүйелерді айтады. Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады.

Еріткіштер - әр түрлі заттарды ерітіп ерітінділер түзуге қабілетті химиялық қосылыстар, жеке органикалық қосылыстар немесе олардың қоспалары. Еріткіштер деп, әдетте, сұйық күйдегі құрамдас бөлікті, ал құрамдас бөліктердің барлығы сұйық болса, онда концентрациясы жоғары бөлікті айтады.

Slide 4 Slide 5

Ерітінділер туралы ұғым. Заттардың агрегаттық күйлеріне байланысты ерітінділер былай бөлінеді: Газ күйіндегі ерітінділер қатарына: газдар қоспасы - ауа, тұман, мұнай бетіндегі газ күйіндегі көмірсутектер қоспасын жатқызуға болады. Сұйық ерітінділер - сұйық бойында еріген қатты, сұйық, газ заттары, теңіз, мұхит сулары, бензин, керосин, бояулар және т. б. дүниеліктер. Қатты ерітінділер түрі - құймалар (болат, шойын) түрлі минералдар. Табиғатта таза зат өте сирек кездеседі, көбісі қоспа, ерітінді түрінде ұшырасады. Жан - жануарлар, өсімдік дүниеліктерінде орын алатын биохимиялық, физикалық және химиялық құбылыстар сұйық ерітінді түрінде өтеді. Сұйық ерітінділер - еріткіш бір немесе бірнеше затты еріту арқылы алынатын болғандықтан, бұлардың түзілу табиғатын талдау барысында екі түрлі көзқарас бар - физикалық және химиялық

Slide 6

Қанықпаған ерітінді - еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын ерітінді.

Қанық ерітінді - белгілі бір температурада затты одан әрі еріте алмайтын ерітінді.

Аса қанық ерітінді - сол температурадағы ерігіштігіне сәйкес еруге тиісті мөлшерден артық затты еріген күйде ұстай алатын ерітінді. Аса қанық ерітінді тұрақсыз, еріген заттың аз мөлшерін ғана ерітіндіге салса, артық еріген зат тез кристалданады.

Сұйық ерітінді - еріген зат аз ерітінді.

Қою ерітінді - еріген зат көп ерітінді.

Концентрленген ерітінді - өте қою ерітінділер.

Slide 7

Қаныққан

Қанықпаған

Аса қаныққан

Slide 8

Ерітінділердің бетіндегі бу қысымы және оның қату температурасы таза еріткіштікке қарағанда төмендеу, ал қайнау температурасы жоғарылау болады. Сонымен қатар ерітінділерде осмос қысымы байқалады. Ерітінділердің бұл қасиеттерінің барлығы тек еріген заттың молекулалар санына ғана тәуелді. Олардың өзгерістері Вант-Гофф және Рауль заңдарымен сипатталады.

Slide 9

Ерітінділер Бейеу, Стандарт және Сулы ерітінділер деп бөлінеді.

Сулы ерітінділер (нағыз ерітінділер) - инъекцияға, ішуге, сыртқа қолдануға арналған, бір немесе бірнеше дәрілік заттарды еріту арқылы алынған сұйық дәрілік түр.

Бейеу ерітінділер - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрәләк түр. Еріткіш ретінде бейеу ерітінділерінде бейеу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т. б) қолданады. Бейеу еріткіштердің қолдануы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.

Стандарт ерітінділер - белгілі (қышқыл, сілті, тұз, формальдегид және басқалар) стандартты фармакопеялық сұйықтар.

Slide 10

Бейеу ерітінділер және оларды дайындалу технологиясы

Бейеу ерітінділер сыртқа қолдануға арналған дәрілерге жатады, кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция жасауға арналған ерітінділер.

Бейеу ерітінділерге қойылатын талаптар

Қажетті әсер алу үшінмедициналық белгіленуіне сәйкестігі;

Дәрілік заттардың толық еруі;

Механикалық қоспалардың болмауы;

Дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына сәйкестігі;

Сақталу кезіндегі тұрақтылығы;

Бейеу ерітінділердің сапасы, оларды дайындаудың технологиялық тәсілдерін таңдау көп жағдайларда дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты. Бейеу ерітінділер физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес болып бөлінеді.

Бейеу еітінділердің технологиясы : еріту, фильтрлеу, орамдау, безендіру сатыларынан тұрады. Әр сатының озіндік ерекшеліктері болады.

Slide 11

Назарларынызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Дәрілік суспензияларды дайындау технологиясы мен қасиеттері
Ерітінділер: түрлері, қасиеттері және концентрациясы
Иммобилденген ферменттер: түрлері, қасиеттері, қолданылуы және дайындау технологиясы
Ерітінділер: анықтамасы, құрамы, түрлері және электролиттік қасиеттері
Фарфорлық және биокерамикалық массалар: құрамы, қасиеттері және стоматологиялық дайындау технологиясы
Көкөніс салаттары және винегреттер: дайындау технологиясы, рецептер мен тағамдық қасиеттері
Химиялық реактивтер: стандартты және нормальдық ерітінділерді дайындау тәртібі мен технологиясы
Қымыз: тарихы, құрамы, дайындау технологиясы және емдік қасиеттері
Түйе мен шұбат: биологиялық ерекшеліктері, емдік қасиеттері және дайындау технологиясы
Ерітінділер және электролиттік процестер: теориясы, қасиеттері және қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz