Бирнавирутар туғызатын ауруларды диагностикалау




Презентация қосу
Бирнавирутар
туғызатын ауруларды
диагностикалау

Орындаған: Айдын А
Тексерген: Сарыбаева
Д
Тарихи деректер
Ауру алғаш рет 1956 жылы АҚШ-тың Гамборо
аймағында тіркелген. Алғаш рет тауықтың
инфекциялық бурситі АҚШ-ң Гамборо қаласында
сипатталды. Қазіргі уақытта: АҚШ, Канада, Мексика,
Англия, Германия, Франция, Үндістанда, Жапонияда,
Израилде, Оңтүстік Африка елдерінде
диагностикаланды.
Қоздырушысы
Биранвирустар тұқымдасы 1984 жылы пайда
болды, ол 2 туыстан тұрады:
Aquabirnavirus - бұл албырт балығының ұйқы
безінің некрозды инфекциялық вирусы
Avibirnavirus - құстың инфекциялық бурсит
вирусы
Вирустың морфологиясы мен химиялық
құрамы
Вирионның пішіні домалақ, диаметрі 55-60
нм. Геномы 2 жіпті РНҚ,молекулалық
салмағы 2-4х10Д. Капсиді 32 капсомерден
тұрады, капсидінің симметриясы куб
тәрізді. Вирус 90%-белоктан, 10%-РНҚ
тұрады.
Вирус төзімділігі
Вирус эфир мен хлорофорға төзімді, рН 12
сезімтал. +56◦С ол 5 сағат, ішінде +60◦С 30
минутта өледі, бөлме температурасында 52
тәулік өмір сүреді. Хлорамин (0,5%)
вирусты 10 минутта инактивтейді, ал
формальдегид (0,5%) 6 сағатта өлтіреді.
Вирустың антигендік құрылысы
Вирус құрамында 5 белок
анықталған:VP1-VP5. Вирус
штамдарының 2 серотипі бар: 1-
серотип балапандардан бөлініп
алынған, 6 типі бар. 2-серотип-
түйетауықтан бөлініп алынған, ол
балапандарға патогенді емес.
Вирусты бөліп алу және вирустың
орналасуы
Вирус фабриций қапшығында,
бүйректе, өкпеде шоғырланады,
мида, қанда да кездеседі. Бұл
бурсальды ұлпада 14 күнде, ал
басқа мүшелерде 7-10 күнде пайда
болады. Ағзадан вирус нәжіс
арқылы шығады.
Құстың инфекциялық бурситі
Жоғары кантогиозды тауық пен түйе тауықтың
вирустық ауруы,ол негізінен фабриций
қапшығының қабынуы және буын мен ішектің
зақымдалуымен сипатталады.Қоздырушыға
барлық жастағы тауықтар, әсіресе 2-11 апталық
бройлерлер балапандары сезімтал. Ауру әдетте
инфекцияланған су мен шөптен жұғады. Ауру көзі
қара қоңыз болуы мүмкін. Жаңа эпизоотикалық
ошақтарда ауру жіті және жітілеу түрде, ал
стационарда созылмалы және белгісіз өтеді.
Эпизоотиялық деректер
Табиғи жағдайда 2-15 апталық балапандар ауруға
сезімтал, әсіресе 2-4 апталық балапандар. Ауру кез-
келген жыл мезгілінде, әртүрлі климаттық жүйелерде,
тауық түріне тәуелсіз пайда болады. Ауру жоғарғы
өнімді шаруашылықтарда, әр жастағы құс бар жерде
пайда болады. Ауру көзі ауру немесе ауырып
жазылған құс- вирус тасымалдаушы көзі болып,
нәжісімен күндей вирусты бөледі. Сау құс пен ауру
тасымалдаушы көзі болы, нәжісімен күндей вирусты
бөледі. Сау құс пен ауру құсты бірге ұстағанда,
ластанған жем мен судан, нәжістен, насекомдардан
жұғады. Үйрек,түйе тауық вирус тасымалдаушы
болуы мүмкін.
Патогенезі
Құстың инфекциялық бурситі қоздырушы құс
ағзасына проральды жолдармен түскеннен кейін,
оны 4-5 сағаттан кейін лимфоидты клеткалардан
табуға болады. 11 сағаттан соң вирус фабриций
қабшығында көбейе бастайды. Құс организімінде
вирусемия қысқа, 2 күндей болады. Вирусты
барлық паринхиматозды мүшелерде, лимфа
түйінерінде және көп мөлшерде фабриций
қабшығында табуға болады, ол онда 2 аптадай
сақталады.
Ауру ағымы мен белгілері
Инкубациялық кезеңі 2-6 тәулік. Ауру аса жіті
болғанда, құстарда ауру белгілері кенеттен пайда
болады. 10-20% балапандар ауырып, соның 0,5-
15% өледі. Ауырып тұрған балапандарда
депрессия, азықтан бас тарту, діріл, диарея
беллгілері пайда болады. Құс ол жерін шұқи
бастайды
Аурудың жіті түрінде балапандар аурудың 3-4
күнінде өледі. Ауру 4-8 күнге созылады. Аурудың
жітілеу түрінде ауру белгілері көрінбейді, өлім-
жітім аз.
Патологиялық-анатомиялық
өзгерістер
Бұлшық ет, тері астында көптеген нүктелі
қанталаулармен сипатталады. Фабриций
қапшығының көлемі үлкейген, ішінде
желатинді экссудаты бар. Бауырдың ісінуі,
көк бауырдың некрозды әне атрофиялық
ошақтары байқалады. Аурудың алдын алу
үшін тірі немесе өлтірілген вакцина
қолданылады.
Ажыратып балау
Инфекциялық бурситті келесі аурулардан
ажыраиып балау қажет:
-Ішек кокцидозынан
-Ньюкасл ауруынан
-Бауырың май басуынан
-Гиповитаминоз А

Ұқсас жұмыстар
Тұқымқуалайтын ауруларды профилактикалау
Иммундық ферменттік талдау
Жүрек - қантамыр ауруларды диагностикалау
Жұқпалы емес аурулар
Зертханалық зерттеу әдістері
Асфавирустар туғызатын ауруларды диагностикалау
Гибридомды клеткаларды клондау
Медициналық - санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері
Хромосомды аурулар
Биогеоценоз құрылымы
Пәндер