Пайымдау және оның негізгі түрлері: дедукция, индукция, аналогия


Slide 1

Пайымдау

Пайымдау - ойлаудың екінші формасы болып табылады. Егер ұғымды әдетте «атоммен» салыстырса, онда пайымдау ойлаудың «молекуласы» болады. Пайымдау - ойлау процесінің белгілі бір сатысы немесе ой тұжырымдаудың түрі; басты бір мәселеге жауап қайтаруда бір-бірінен туындайтын ой-пікірлер туындысы. Пайымдау - ойлаудың алғашқы сатысынан оның тұжырымына өту жолы. Бірақ пайымдау туралы түсініктер бірден жүйеленбейді, бірін-бірі толықтыра да бермейді. Философия тарихында пайымдауды ғылыми танымға қабілеттілік (Кант), анықтамаларды шектейтін білімнің калыптасу кезеңі (Гегель) дейтін түсініктер бар. Пайымдау - құбылыстың себебі мен байланысын анықтайтын ақыл-ойдың құрамдас бөлігі, тіл табысудың алғашқы деңгейі. Пайымдау тәсілін сипаттау, жинақтау және дәлелдеу - логиканың негізгі міндеттерінің бірі.

Slide 2

Пайымдаудың негізгі 3 түрі бар

Дедукция

Индукция

Аналогия

Slide 3

Дедукция

Дедукция (лат. deductio - бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару. [1] [2]

Дедукция - білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты.

Мысалы : Біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек, олай болса балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытындыға келеміз.

Slide 4

Индукция

Индукция(лат. іnductіo - ой салу, бағыттау) - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.

Мысалы:Гүлдер сусыз өмір сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды десек, осы айтылғандарда жалпылап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете алмайды, деген қорытындыны жасаймыз.

Slide 5

Аналогия

Аналогия (гр. analogіa - сәйкестік, ұқсастық) - ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады. Ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.

Мысалы: И. Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын тапқанда аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстінлегі денелердің қозғалуы, әсіресе құлауы, мен аспан денелерінің қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде аналогияны келтіреді.

Slide 6

Назарларыңызға

Рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Фрэнсис Бэкон: эмпиризм, индукция және философиялық жіктелу
Фрэнсис Бэконның философиялық идеялары: эмпиризм, индукция және таным әдістері
Фрэнсис Бэконның эмпиризмі, индукция әдісі мен танымдағы елестер
Электромагниттік индукция және заттардың магниттік қасиеттері
9-сабақ: Пайымдау мәтіні - құрылымы, талдауы және 34-37 жаттығулар
Эмбрионалдық индукция және Г. Шпеманның тәжірибесі
Электромагниттік индукция және жарық: сабақ жоспары мен бағалау критерийлері
Магнит өрісінің негіздері: сипаттамалар, индукция, заңдар және зарядтардың қозғалысы
Электр заряды және денелердің электрленуі: элементар заряд, үйкеліс және индукция
Информатика пәні және оның негізгі мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz