Ортағасырлық Батыс Еуропа мәдениеті: қалыптасуы, кезеңдері және ықпалы


Slide 1

Ортағасырлардағы Батыс Еуропа мәдениеті

Орындаған:Утемуратова А.

Slide 2

Орта ғасырлар - эллиндік-классикалық мәденіеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы - «романдық бастаудан» нәр алатын Батыc Рим империясының мәдени дөстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және тағы да басқалары. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыc Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларыньщ мәдени өміріңце өз жалғасьш тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыc Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениетганушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытгы қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылады. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған.

Slide 3

Мыңжылдық «Орта ғасырлар» дәуірі негізінен үш кезеңнен тұрады.

Бірінші, «Бастапқы Орта ғасырлар кезеңі» - дәуір бастауынан басталып - X-XI ғасырға дейін созылады;

екінші, Жоғарғы (классикалық) кезең - XI ғасыр мен XIV ғасыр;

ал үшінші, «Кейінгі орта ғасырлар кезеңі» - XIV ғасыр және XV ғасыр аралықтарын қамтиды.

Slide 4 Slide 5 Slide 6

Ежелгі Римнің және бұрынғы варварлық тайпалардың мәдени көркемдік дәстүрлерін дамытып, жетілдірудің арқасында романдық және одан кейін жасампаз готикалық стильдер қалыптасты. Сөйтіп, өнердің театр, музыка, әдебиет, сәулет өнері, кескіндеме, мүсін өнері сияқты салалары жаңа түр, жаңа мазмұнға ие болды. Дәл осы кезеңде француздардың алғашқы ұлы поэтикалық шығармасы - «Роланд туралы жыр (XII ғасыр) » шығарылды. Дүниежүзілік әдебиеттің асыл мұрасына айналған бұл тамаша туындыда рыцарлық ерліктер барынша мадақталып, монархқа вассалдық дәріптелді.

Slide 7 Slide 8

Батыс еуропалық ғалымдардың ежелгі гректер мен эллиндік философтардың, әсіресе Аристотельдің ғылыми еңбектер мен танысуы - ғылым жолындағы табанды ізденістердің бастамасы болды. Соның нөтижесінде орта ғасырлық философиялық ұлы жүйе - схоластика пайда болды.

Slide 9

Кейінгі орта ғасырлар дәуірінде классикалық кезеңнен басталған еуропалық мәдениеттің қалыптасу процесі одан әрі жалғасты, бірақ оның даму барысында толып жатқан қиындықтар мен кедергілер кездесіп отырды. Тек XIV-XV ғасырлардың аралығында ғана Батыс Еуропа бірнеше апатты аштық жылдарын бастан кешірді. Бубондық сүзек («Қара өлім») сияқты эпидемиялардың салдарынан халық жаппай қырғынға ұшырап отырды, ал мұндай қасіретті жағдайлар өз кезегінде мәдениеттің дамуына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Үзаққа созылған жүз жылдық соғыста халық әбден титықтап, мәдениеттің дамуы тежелді. Бірақ, дәл осындай сындарлы кезеңде де қалалар өркендеп, ауыл шаруашылығы мен сауда, қолөнер ұдайы даму үстіңде болды. Рухани өмірдің жандануына, ғылымның, өнердің, философияның және тағы да басқа жаңа арнамен дамуына қолайлы жағдайлар туды. Мұндай алға басушылықтық көптеген көріністері, әсіресе Италияда байқалды. Сондықтан да болар, Италия ұлы мәдени төңкеріс - Ренессанс мәдениетінің орталығы болды.

Slide 10

Ренессанс.

Slide 11

Батыс Еуропа өнері

Slide 12 Slide 13 Slide 14 Slide 15 Slide 16

5 ұлы сәулет стильдері

Slide 17
Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропа және Ислам әлеміндегі ортағасырлық философия: қалыптасуы мен ықпалы
Батыс Еуропа философиясы: ортағасырлық кезеңдер, бағыттар және негізгі өкілдер
Батыс Еуропа ғылымының дамуы мен ортағасырлық университеттердің пайда болуы
Батыс пен Шығыстың ортағасырлық ғылымы және ислам философиясының ықпалы
Қайта өрлеу мәдениеті: тарихы, гуманизм және Еуропа мәдениетіне ықпалы
Батыс Еуропаның ортағасырлық мәдениеті мен білімінің дамуы
XVII-XVIII ғғ. Батыс Еуропа эстетикасы: абсолюттік монархия мен классицизмнің қалыптасуы
Ортағасырдағы Қазақ даласындағы түркі мәдениеті және оның Еуропа мен Ислам мәдениеттеріне ықпалы
Ортағасырлық Еуропа қалаларының әлеуметтік-экономикалық және мәдени рөлі
Ислам философиясы және теологиясы: қалыптасуы, даму кезеңдері және Орталық Азиядағы ықпалы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz