Жеке қорғаныс құралдары: жіктелуі және қолдану қағидалары


Slide 1

Жеке қорғаныс құралдары Орындаған: Кәрібай Б Тексерген: Акилова К. А.

Slide 2

Жеке қорғану құралдары - жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Жеке қорғану құралдарына газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шүлық, ерекше құрамдар сіңірілген киімкешек және т. б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нүсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шулық, колғап) болып табылады.

Slide 3

Жеке қорғаныс құралдары арналуына қарай келесі топтарға бөлінеді:

оқшаулағыш сырт киім;

тыныс алу мүшелерін қорғау құралдары;

арнайы қорғаныс киімі;

аяқты, қолды қорғау құралдары;

басты, бетті, көзді, есту мүшелерін қорғау құралдары;

биіктен құлаудан қорғайтын және басқа да қорғаныс құралдары;

теріні қорғайтын құралдар; аралас қорғаныс құралдары;

Slide 4

Тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдары -

сүзгіш, оқшаулағыш. Респираторлар. Қызметтік принцптеріне байланысты ТАОЖҚҚ сүзгіш және оқшаулағыш болып екіге бөлінеді. Сүзгіш құралдар ауадағы оттегінің жеткілікті болуы және зиянды заттардың шектеулі мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етсе, оқшаулағыш құралдар ауадағы оттегінің жеткіліксіз болуы және зиянды заттардың шектеусіз мөлшерде болуы жағдайында қорғанысты қамтамасыз етеді.

Slide 5

Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Көз бен бетті қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына ең алдымен, шаңнан, қатты бөліктерден, химиялық агрессивті емес сұйықтықтар мен газдардан, ультракүлгін сәуле мен басқа да қауіпті факторлардан қорғайтын қорғаныс көз әйнектері жатады.

Slide 6

Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдар

Кейбір авариялық құтқару жұмыстардың түрлері ( пневмо -құралдармен, монтажды пистолет және т. б. ) айтарлықтай шумен қоса жүреді. Есту органдарын қорғайтын жеке қорғаныс құралдарына шуға қарсы каскалар мен тығындар жатады.

Slide 7

Басты қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Қатты ұрылғаннан кейін немесе терең сырылғаннан кейін касканы ауыстыру керек. Касканың зақымдалуы алғашқы қарағанда байқаусыз болып тұрса да ауыстырылады. Сыртқы әсерлерден - ұсақ заттардың құлауы, жаздағы ашық күннің астында жүргізілетін жұмыс кезіндегі күн сәулесінен және т. б. басты қорғау үшін каскалар (фибрлі, виннипластты, дюралюминді, текстолитті, полиэтиленді, әйнекті пластиктен жасалған), шлемдер, шлемнің астынан киетіндер, бас киімдер, береттер, мен қалпақтарды пайдаланады.

Slide 8

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары

Теріні қорғайтын жеке қорғаныс құралдары (ТҚЖҚҚ) қорғау қызметі бойынша оқшаулағыш және сүзгіш болып екі топқа бөлінеді. Оқшаулағыш құралдардың матералдары газ бен сұйықтықтардың өтуіне жол бермейтін арнайы қабатпен (пленкамен) қапталған.

Slide 9

Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар.

Теріні қорғауға арналған қолда бар құралдар ретінде қарапайым, су өтпейтін плащтар мен жабулар, сондай - ақ калың әрі мықты материалдан жасалған пальтолар, мақталы күртешелер және т. б. Аяқты қорғау үшін резина етіктер, ботылар мен галоштарды пайдалануға болады. Егер олар жоқ болса, аяк киімді қалың қағазбен орап, сыртынан матамен қаптап тастау керек. Қолды қорғау үшін қолда бар барлық резеңке немесе теріден жасалған қолғаптарды пайдалануға болады .


Ұқсас жұмыстар
Әскери жағдайдағы жеке қорғаныс құралдары: жіктелуі, түрлері және қолдану тәртібі
Жеке қорғаныс құралдары: жіктелуі және қолданылуы
Жеке қорғаныс құралдары: түрлері, талаптары және қолданылуы
Азаматтық қорғаныс: халықты қорғау, паналау, эвакуация және жеке қорғаныс құралдары
Төтенше жағдайлар кезеңіндегі халықты қорғау: қағидаттар, қорғаныс құрылыстарына паналау, эвакуация және жеке қорғаныс құралдары
Жеке қорғаныс құралдары: анықтамалар, талаптар, түрлері және техникалық қызмет көрсету
Жеке қорғаныс құралдары: тыныс алу мен теріні қорғау құралдарының түрлері және сипаттамалары
Аспазшыларға арналған жеке қорғаныс құралдары, санитарлық киім талаптары және медициналық тексерулер
Азаматтық қорғаныс: қазіргі заманғы зақымдау құралдары, төтенше жағдайлардың түрлері және ұйымдастыру қағидалары
Жеке қорғаныс құралдарының материалдарына қойылатын талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz