Конфуцийлiк-даосистiк мəдениет


Slide 1

Конфуцийлiк-даосистiк мəдениет Орындаған: Утемуратова А

Slide 2

Конфуцийлiк-даосистiк мəдениет Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мəдениетiнiң қалыптасуна ерекше ықпал жасады. Қатайлықтар болмыс құпиялары мен өмiр мен өлiм мəселелерiнен гөрi жарылқаушыларға бас иiп, оларға елiетеудi өздерiнiң қасиеттi парызы деп санады. Қытай елiнде о дүниедегi рахат өмiрдi уағыздаушылардан гөрi, осы нақты өмiрдiң мəн-мағынасын түсiне отырып “өмiр үшiн өмiр сүруге” үйретушiлердi ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дəстүрлi қытай мəдениетiнiң өзiндiк бет-бейнесiнiң қалыптасуына дiннен гөрi, салттық этиканың ерекше əсер етуi де осы жағдайға тiкелей байланысты болса керек.

Slide 3

Қытайлар да дүниежүзiнiң басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтерiне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қандай құрбандықтар да берiлетiн болған) . Бiрақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың iшiнен Ұлы Құдай дəрежесiне жетiп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Əрине, дiннiң даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар əлемдiк басқа дiндерде де жиi кездеседi(мысалы Египетте) . Бiрақ Қытайда Ұлы Қытай Шандидi өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы жəне арғы ата-бабаларының, ата-тектерiнiң негiзiн қалаушы ретiнде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс - тiршiлiгiндегi барлдық мəселелердiң түйiнiн шешу - Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.

Slide 4

Қытай мəдениетi космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты iс-əрекетке шақырады, өйткенi адамның əрбiр iс-əрекетi, тiптi оның шығармашылық қасиеттерi де Аспанға, оның құдретiне тiкелей байланысты. Мұндай тəңiрлiк көңiл-күйдi қытайлықтар былайша бiлдiредi: “Мен сөйлеп тұрған жоқпын, мен баяндап тұрмын”. Ұлы уағызгер Конфуцийдiң көзқарасынша, адамм бойындағы қасиеттердiң барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын бередi, ал дарындылық- табиғаттағы шығармашылық процестердiң заңды нəтижесi болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесiмдiлiгi негiзiнде Аспанəлемiмен, оның табиғи iс-əрекеттерiмен байланыстырыла қарастырылатын əлеуметтiк -этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм жəне Конфуций iлiмiнде одан əрi түрленiп, толықтырыла түстi. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны қытай мəдениетiнiң рухани өзегiне айналған будда дiнi де кеңiнен пайдаланып, одан əрi дамыта түстi. Соның нəтижесiнде будда дiнi даосизм мен Конфуций iлiмдерiмен қосыла отырып философиялық-дiни үштiктi (сан цзяо) құрады.

Slide 5

Даосизм адамзатты табиғатпен бiрлiкке шақырды. Сонау көне заманда басталған бұл тамаша дəстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, күнi бүгiнге дейiн өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсетiп отыр. Сондықтан дақытай халқының мəдени туындыларында адамның табиғатпен байланысты жан-жақты көрсетiлiп, тамашабейнеленедi. Даосизiмнiң негiзiн қалаушы - Лао-Цзы өз заманында “кəрi дана” деген атаққа ие болған. Бұл дiни жүйе дiннен гөрi философияға жақындау болып келедi. Даосизм жергiлiктi дiн ретiнде бзб. У1 ғасырда қалыптаса бастаған.

Slide 6

Қытай мəденитетiнiң екiншi бiр қайнар бұлағы- Конфуций iлiмi болып саналады. Оның негiзiн қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун-ұстаз. Конфуций б. з. б. 551 ж, шамасында өмiрге келген. Бала кезiнен-ақ бiлiмге өте құштар болған Ұлы уағызгер көне заман тарихын қызыға оқып, ескi салт- дəстүрлердi өте жақсы көрген. Өмiр жолында талай қиындықтарды басынан кешiрген Конфуцийдiң бойында өзi өмiр сүрген ортаға көңiлi толмаушылық сезiмi белң алды. Ол елдегi бей- берекетсiздiктен құтылу жəне халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн дұрыс жолға қоюдың басты жолы- ата- бабалар дəстүрлерi мен заңдарына, көне-заман тəртiбiне оралу деп санады. Конфуцийдiң ойынша, бұл мақсатты жүзеге асырылу жолындағы шараларды əрбiр адам саналы түрде жүзеге асыруы, өз-өзiне жоғары талаптар қоя бiлуi жəне қабылданғане ережелер мен канондарды мүлтiксiз орындай бiлу шарт, мiне, сонда ғана қоғамда келелi өзгерiстердi жүзеге асыруға мүмкiндiк туады. Бұл-қағида - оның этикалық -əлеуметтiк бағдарламасының негiзi болып табылады жəне Қытайдың мəдени-тарихи дамуына ерекше ықпал жасады.

Slide 7

Конфуцийдiң “ата-бабларды” құрметтеу жəне “сяо” ережелерi қытайлықтарды жанұяны ыдыратпай, тату-тəттi өмiрге тəрбиеледi. Жанұя қоғамның негiзгi тiрегi деп саналды, жанұялық мүдделер жеке адамдардың мүддесiнен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жəй ғана сезiмдiк құбылыс деп санап, оны жанұя мүддесiнен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкiн, бiрақ бұл жағдай жанұяның тату-тəттi өмiр сүруiне ешбiр нұқсан келтiрмеуi жəне ерлi-зайыптылардың қоғам алдындағы əлеуметтiк -жанұялық парыздарын ойдағыдай өтеуiне ешбiр кедергi жасамауы керек болды.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы
МӘДЕНИЕТ МОРФОЛОГИЯСЫ МӘДЕНИЕТ
Келіссөз жүргізудің кейбір ұлттық ерекшеліктері
Алғашқы өркениеттер
Корея Республикасының түпкілікті, əрі негізгі халқы - корейлер
БӨЖ ЖҮЙЕ
Ежелгі Қытай мәдениеті
Мәдениет туралы түсініктердің тарихи эволюциясы
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Даосизмнің негізгі ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz