Өнердің генезисі.Эстетика және Эстетикалық идеал



Өнердің генезисі. Эстетика және Эстетикалық идеал. Орындаған: Утемуратова А.

Бүгінгі таңда қазақ халық педагогикасындағы сал-серілік дәстүр арқылы тәрбие берудің ұлттық сананы қалыптастыруға, эстетикалық тұрғыдан кәмалатқа жетілуінің басымдылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр.
Ұлттық сананың бір құрамы этномәдени тәрбие беру бүгінгі таңда қайта жаңғырту үдерісінен өтіп отыр. Сөйтіп, әлеуметтік-мәдени бағыттағы өзгерістерге сәйкес жоғары сынып оқушыларын эстетикалық талғамға тәрбиелеудің және этномәдени білімдендірудің концептуалдық негізіне байланысты бірнеше педагогикалық тірек, субстанция болатын ұғымдардың мәні айқындалды: теория, генезис, прагматика, мәдениет, өнер, білімдендіру, оқыту, тәрбиелеу, эстетикалық талғам, парадигма, принцип, заңдылық, стратегия.

Теория грек сөзінен алынған tyecorio (энциклопедиялық, философиялық сөздіктерде) байқау, зерттеу, сонымен қатар ұлттық сана-сезімді, эстетикалық талғамды айқындайтын, жинақтайтын дүниетаным, мұраттар жүйесі деп көрсетіледі.
Генезис - сал-серілік өнердің шығу тарихы.
Прагматика - сал-серіліктің ізгілікті өнегесін іс-әрекетке қосу.
Мәдениет - оқушылардың сал-серілік өнерінен үлгі алуы.
Өнер - сал-серілікке қатысты нысандарды іріктеу.
Қағида - сал-серілік өнер арқылы тәрбие берудегі жүйеленген, сабақтастық принциптерді қолдану.
Жоғарыдағы ұғымдар этномәдени тәрбие берудің негізіне бағдар жасауға қозғаушы күш.

Эстетика грек. aіsthetіkos - сезіну, сезімдік - адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым.

Тарихы
Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын - Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т. б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі - шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз абс., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады.

Эстетика мәселесі мен міндеттері
Эстетика мәселесі мен міндеттері көбінесе келесі жәйтпен айқындалады. Адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады:
объективті шындықтағы эстет. ұғым
субъективті эстет. үғым (эстет. сана)
өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде) .
Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды.

Эстетикалық категориялар
Негізгі эстет. категориялар - сұлулық пен сұрықсыздық, асқақтық пен пасықтық, трагед. және комед. болса, олар қоғамдық байланыста, адам өмірінің әрбір саласында - өндірістік-еңбек пен қоғамдық саяси қызметте, табиғатқа көзқараста, мәдениет, тұрмыста, т. б. жағдайларда дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып түсінудің көрінісі ретінде байқалады. Эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің субъективті жағы - ішкі сезімдерді, талғамдарды, бағалауды, күйзелісті, идеяларды, мұраттарды Эстетиканы объективті өмірлік процестер мен қатынастарды көрсете бейнелеудің өзіндік формасы ретінде қарастырады.

Эстетика - философиялық ғылым.
Эстетика - философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" - сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.

Эстетика және өнер
Өнер - мәдениеттің маңызды саласының бірі. Сондықтан болар, "өнер - мәдениет айнасы" деген қанатты сөздің қалыптасқандығы. . . Өнердің шынайы мәнінің діңгегі - сұлулық, әсемдік. Сұлулык, әсемдік - адамды ерекше бір жан ләззатына бөлейтін сезім тудырар қасиет. Соның нәтижесінде, өнер көңіл күйді, сезімді білдіреді, соларға тікелей байланысты. Өнер адамды имандануға, жан дүниесімен біртұтас нұрлануға бастайды. Өнердің басты мақсаты - қандай да бір жетілу, кемелдену үлгісін, мұратын (идеалын) беру әрі соған адамды талпындыру, құштар ету.

«Эстетикалық идеал - материалды адам құбылыстардың тамаша сұлулық идеясы, рухани, интеллектуалдық, моральдық және көркем әлем» . Яғни, табиғат, қоғам, құқықтары, еңбек және өнер тамаша сұлулық идеясы болып табылады.

Эстетикалық мәдениет
Эстетикалық мәдениет өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым болып табылады. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің ілгерілмелі дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өзінің консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқыраудың белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын ғұрыптық, көркем безендіруді, тұрғын үйдің интерьерін және т. б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі.

Эстетикалық мәдениеттің қабаттары көп жағдайларда субъекттің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін қолдану нәтижесінде құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т. б. қолдануды талап етуі мүмкін. Тіпті музыкант немесе суретші өз ойын жеткізу үшін техникалық құралдарға жүгінеді

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz