Қазіргі заман мәдениетінд егі буддизм


Slide 1

Қазіргі заман мәдениетіндегі буддизм Орындаған: Утемуратова А.

Slide 2

Буддизм

Буддизм - [санскритше - buddha күнәдан арылған, әулие] - дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б. з. б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам үстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т. Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Даналардың үш қат қауашағы") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекешеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы қүдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен қүтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады.

Slide 3

Сондықтан нәпсінің тілегінен қүтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет:

өмір - азап;

азап нәпсіден туады;

нәпсіні ауыздықтаса, азаптан қүтылады;

нәпсіден қүтылудың төрт сатысы бар:

жүректің оянуы;

ниет, ақыл, ойды түзету;

мінез-қүлықты түзету;

адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаб- батқа жету (аһимса - адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бірі көрінісі) .

Slide 4

Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу ай- налымынан қүтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б. з. б. V ғ. - б. з. басы) ; екінші, бодхисаттава - қүтқару- шы көмегімен қүтылу; үшінші, махая- на (б. з. V ғ. -ына дейін) кезі. Махаяна не- гізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ. -дан кейін) . Ол ваджраяна деп аталады.

Slide 5

.

.

Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тува АССР-лерінде түрады. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын қүтқарудың қамын ойлауы керек. Бүл - қанаушылармен келісуді уағыздайтын Буддизм діннің реакциялық жақтарынан бірі. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады. Буддизмң таралуы синкретикалық мәдени комплекстердің қүрылуына эсер етті. Бүлардың жиынтығы будда үйымы - 1950 ж. қүрылған буддашылардың дүниежүзілік бауырластығы.

Slide 6

Будда - будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі - Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 - 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.

Slide 7

Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа(дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер я жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.

Slide 8

Буддизм және саясат

Бір- біріне белгілі бір қатынастағы әлеуметтік феномендер. Буддизмнің қоғамдық өмірге және адамның өмірлік міндеттерін анықтауы тікелей осы діни сеніммен тығыз байланысты. Оның аса маңызды ережесі түрмыс пен азап шегуді үқсастыруында. Буддизм қоғамдық қатынастарды өзгертуге, оны жақсартуға күш салмайды. Ол адамдарға қауымдастықтың мүшелері ретінде жақсы күйде көрінуі үшін түзелуге міндеттемейді. Буддизм адамды өзі туған, өмір сүріп отырған әлеуметтік шындықтан алшақтатуға тырысады. Осы орайда, буддизмде әлеуметтік док- тринаның барлығын шартты түрде ғана мойындауға болады.

Slide 9

Будда кезеңінің өнері

Бхархуттағы символикалық күмбез қоршауындағы көп пішінді бейнелер жазық бедерлі болып келеді. Бұл қоршаудың бұрыш-бұрыштары мен қақпасы діңгектеріндегі якшалар, деваталар бейнелері олардан гөрі биіктеу бедерленген, халық арасында ерекше құрметке бөленген бұл құдайлар аттары да осы жерлерге жазылған. Бедерлі көріністердің көпшілігінің осындай жазулары бар, олар джатакалар мен Будда өмірі кезеңдерінен алынған көріністер болып табылады. Қоршауда бұдан басқа символдық-сәндік пішіндер мен өсімдіктер бейнелері салынған медальондар, сол сияқты осы буддалық ғимаратты тұрғызушылар мен қамқоршыларының жекелеген бедерлі «суреттері» бар.

Slide 10

Осылайша бейнелеу стилі Маурьялар кезеңі өнерімен салыстырғанда әлдеқайда көне стиль болып келеді. Алайда, бұлай бағалаған күнде де, мұндай үлгілерді жасаушы суретшілер Үндістанның басқа жерлерінде жұмыс істегенін, ең бастысы, олар әмір жүргізуші әулеттер тапсырмасы бойынша емес, монахтар қоғамы немесе солардың қалалық көпестер мен қолөнершілер топтарынан шыққан қолдаушылары үшін қызмет еткенін ұмытпаған жөн.

Slide 11

Жартастан ойып жасалған ең ежелгі храмдар чайтьялар көлемі мейлінше шағын, оның үстіне ешқандай да әшекейлері болмайды, бұлар Барабарада (Бихарда) орналасқан және, түрлі болжамдарға қарағанда, Маурьялар билеген кезеңге жатады. Бұған мысал ретінде өзінің кіре берістегі әшекейлерімен әйгілі Ломас Риши үңгірін алуға болады. Ол аджвиктер сектасы тұратын және діни ғұрыптармен айналысатын жер болған. Ориссадағы Бхуванешварға жақын орналасқан, джайни монахтары тұрған үңгір-монастырьлар да ең көнелердің қатарына жатады.

Slide 12

Жартастағы храмдар, дәлірек айтқанда, чайтьялар мен вихарлар негізінен Батыс Үндістанда орналасқан, олар мұнда будда монахтары ұшін Батыс Гаты жоталарында ойып жасалған. Мәселен, тіпті біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырда салынған Бхаджадағы үңгір-монастырь да осында, мұндағы чайтьяның жартастан ойып жасалып, әбден жылтырата өңделген символикалық күмбезі де бар. Храмның шағын вестибюлі қабырғалык ірі бедерлермен әшекейленген, ал жартастың сыртқы жағына көп қабатты ғимаратты бейнелейтін өрнек ойылған; сыртқы сәулеттің мұндай алдамшы көріністері жартастағы осы алуандас храмдардың бәріпе тән және әредік өзгерістерге түскеніне қарамастан, Гупттар дәуіріне дейін дерлік сақталған

Slide 13
Ұқсас жұмыстар
Діннің анықтамасы
Үнді мәдениеті
Мұғалім туралы жалпы мәлімет
Дін анықтамалары
ЕЖЕЛГІ ДҮНИЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Ортақ идея
Ислам діні туралы
Буддизм философиясы
Буддизмнің өзіндік ерекшелігі
Буддизм діңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz