ҚР ҰБ бақылау және қадағалау қызметтері
Презентация қосу
ҚР ҰБ бақылау және қадағалау
қызметтері
Орындаған: Шамбылбек С.А.
Тексерген: Қайназарова М.Б.
Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау
жөніндегі өкілеттіктері
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының
банк қызметі, сақтандыру және сақтандыру қызметі,
валюталық реттеу мен валюталық бақылау, төлемдер және
төлем жүйелері, зейнетақымен қамсыздандыру, бағалы
қағаздар нарығы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік,
мемлекеттік статистика, кредиттік бюролар және кредиттік
тарихты қалыптастыру, пошта, Қазақстанның Даму Банкі,
микроқаржы ұйымдары, коллекторлық қызмет туралы
заңнамасында белгіленген талаптарды тексерілетін
субъектілердің сақтауын бақылауды жүзеге асырады, сондай-
ақ осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарына сәйкес және өздерінің бақылау функцияларын
жүзеге асыру барысында көрсетілген талаптарды
бұзушылықтар анықталған жағдайда, әкімшілік іс қозғайды
не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де
шараларды қолданады.
Қазақстан Ұлттық Банкі басқа
мемлекеттердің орталық банктерімен,
бақылау және қадағалау органдарымен,
халықаралық және өзге де ұйымдармен
ынтымақтастық жасайды және Қазақстан
Республикасының халықаралық шарты,
құпия ақпарат алмасуды көздейтін шарт
негізінде құпиялылық жөніндегі
талаптарды ескере отырып, бақылау мен
қадағалау функцияларын жүзеге асыру
үшін қажетті бағалы қағаздар нарығында
коммерциялық құпияны, банктік құпияны,
сақтандыру құпиясын немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпияны құрайтын
ақпаратпен алмасуға құқылы.
ҚРҰБ дербес не басқа
мемлекеттік органдарды және
(немесе) ұйымдарды тарта
отырып, тексерілетін
субъектілердің қызметіне
кешенді түрде не олардың
қызметінің жекелеген
мәселелері бойынша тәуекел
дәрежесін бағалау негізінде
тексерулер, ішінара жоспардан
тыс және құжаттамалық
тексерулер жүргізеді.
Тәуекел дәрежесін бағалау
негізінде тексеру – Қазақстан
Ұлттық Банкі тексерілетін
субъектіге барып жүзеге
асыратын және Қазақстан
Ұлттық Банкі тексерілетін
субъектіге қатысты тәуекел
дәрежесін бағалау негізінде
тағайындайтын тексеру.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде субъектіні тексеруді
Қазақстан Ұлттық Банкі жылына бір реттен жиілетпей
жүзеге асырады.
Тексерілуге жататын субъектілердің тізбесін Қазақстан
Ұлттық Банкі тексерілетін субъектілердің қызметіне
байланысты тәуекелдерді бағалауды ескере отырып,
жартыжылдық негізде жасайды.
Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде
тексерілуге жататын субъектілердің
тізбесін Қазақстан Ұлттық Банкінің
Төрағасы не Қазақстан Ұлттық Банкі
Төрағасының тиісті бұйрығының негізінде
өзге де уәкілетті лауазымды адамдар
бекітеді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің жоспардан тыс тексеруі
тексерілетін субъектіге бара отырып, мынадай жағдайларда:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен ұсынылатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
және мемлекеттік органдардың сауалдарының келіп түсуіне,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын, қаржы
қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін
бұзушылықтар туралы өзге де ақпараттың келіп түсуіне
байланысты;
2) Қазақстан Ұлттық Банкі бақылау және қадағалау
функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы
заңнамасы талаптарының бұзылғанын және қаржы қызметтерін
тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің
бұзылғанын анықтаған жағдайда;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық және
экономикалық қауіпсіздігіне, оның қаржы
жүйесінің тұрақтылығына қатер төнген кезде;
4) алдыңғы тексеруде анықталған Қазақстан
Республикасы заңнамасының талаптарын
бұзушылықтардың жойылуын бақылау
мақсатында жүзеге асырылады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz