Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали)


Slide 1

85 жыл

Slide 2

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) - қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Мұқағали Мақатаев

Туған күні

9 ақпан 1931(1931-02-09)

Туған жері

Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Шалкөде ауылы

Қайтыс болған күні

27 наурыз 1976(1976-03-27) (45 жас)

Қайтыс болған жері

Алма-Ата, Қазақ КСР, КСРО

Азаматтығы

Қазақ КСР

Ұлты

қазақ

Мансабы

ақын, жазушы, аудармашы

Slide 3

Өмірбаяны

Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Ақынның туған күні жөнінде екі түрлі ақпарат бар. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Екінші ақпарат: ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз. » Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші ту­ған күніне байланысты мынадай сөз айта­ды: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпан­да дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен». [1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаммедқали. [2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?") . Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

Slide 4

Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді

Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”) . Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.

Шығармалары өзбек, қырғыз, т. б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К. Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К. Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З. Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999) ], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т. б. ) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н. Тілендиев, Д. Рақышев, Ш. Қалдаяқов, І. Жақанов, А. Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев, Т. Рахимов, М. Рүстемов, Т. Мұхамеджанов, Ә. Тінәлиев, Б. Оралұлы, Т. Досымов, т. б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М. Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.

1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық) . 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай "Ақын, туған күнінмен!" деген Асқаров Алимжан өлең арнаған

Slide 5

2016 жылғы 9-ақпан сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейінде «Тарихи тұлғалар» атты оқу-ағарту бағдарламасы аясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің. . . » әдеби-сазды кеші өтеді, − деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ақпараттық-имидждік қызметі.

Кештің басты мақсаты − қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы музейге келуші қонақтарға әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.

Қаншама жыл өтсе де өміршеңдігін жоймай келе жатқан ақынның шығармашылығын кез келген жастағы қазақстандық сүйіп оқиды. Аталмыш кештің өтуі соған бұлтартпас дәлел болмақ.

Әдеби-сазды кеште музейдің жастар театр студиясы поэтикалық пролог жасап, музей қызметкерлері ақынның өлеңдерін орындайды.

Шараға Серік Тұрғынбеков, Ажар Ерболған сынды мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

Slide 6 Slide 7
Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Мұқағали Мақатаев (1931-1976)
Мақатаев Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлейменұлы
Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Мұқағалидің өлеңі
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ - ХХІ ҒАСЫР АҚЫНЫ
Мұқағали Мақатаев - Мен туған жер Қарасаз баурайдағы
Мұқағали өлеңдеріндегі шыншылдық, тазалық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz