Алғашқы өркениеттер



Алғашқы өркениеттер Орындаған :Нуриддин Наргиза

Алғашқы өркениеттер Ежелгi дəуiр мəдениетiне қарағанда алғашқы өркениеттер ғылымда тереңiрек жəне жан-жақты зерттелген. Бiрақ бұрын айтып кеткенiмiздей, осы өркениеттер жөнiнде еуропаорталықтық көзқарастар мəдениеттер типологиясында басым. Ертедегi Шығыстағы өркениеттер жөнiнде А. Тойнби мен О. Шпенглер де, Н. Данилевский мен И. Гердер де бiршама жаңсаққ пiкiрлер айтады. Адамзат тарихында өзiнiң өшпес iзiн қалдырған кейбiр ұлы мəдениеттерге тоқталып, оларды аксиологиялық сынақтан өткiзейiк. Дүниежүзiлiк өркениеттердiң iшiндегi алғашқылардың бiрi жəне мыңдаған жылдар бойы сүргенi- Египеттiң ертедегi өркениетi. Бұл қоғам Нiл өзеннiнiң төменгi аңғарында б. iз. б. 1У-Ш мыңжылдықтар аралығында пайда болып, б. з. б. 322 жылы Александр Македонский жаулап алғанға дейiн əрекет еттi.

Египеттiк өркениеттiң пада болуы туралы ғылымда əр түрлi пiкiрлер бар. Тойнби бойынша, афроазиялық далада өмiр сүрген тағы тайпалардың бiр бөлiгi шөлдiң қатал талабына орай көшпендiлерге айналған, ал тағы бiр бөлiгi Нiл, жəне Екiөзен аңғарларын игерiп, егiншiлiктi меңгерген. Кейбiр мəдениет тарихын зерттеушiлер египеттiк мəдениеттi ғарышкерлер орнатты немесе Атлантида мен Еуропадан келдi сияқты пiкiрлер туғызды. Бiрақ соңғы кездегi зерттеулер египеттiк мəдениеттiң африкалық түп-тамырларына басты назар аударады. Африка жерiнде тек Египет өркениетi ғана болған емес. Куш, Нубия, Гана, Нок, Санга сияқты мəдени бiрлестiктердiң болғаны жоғарыда айтылғанға дəлел.

Б. з. б 3000 жылдай бұрын Египетте бiртұтас мемлекет орнықты. Өз өркениетiн египеттиктер құдайдың əмiрiмен қалыптасты, Қасиеттi тəртəп пен ақиқат (Маат) алғашқы ретсiздiктен адамзат қоғамында жоғары үйлесiмдiкке əкелдi дейдi. Египеттиктер осы реттiлiктi əдiлеттiлiк жəне заңдылық деп түсiнген, оның негiзiн құдай жəне құдайдың жердегi өкiлi фараон қалайды. Ертедегi египеттiктер үшiн құдайлар, тек қалалар мен номдарды (аудандарды), тəртiп пен заңдылықты жасаушылар ғана емес, сонымен бiрге өнер мен мəдениеттi, ғылым мен магияны, жазу мен қолөнердi өмiрге келтiрушiлер. Ақылдылық құдайы - Тоту ертедегi Египет өркениетiнiң кепiлi ретiнде бағаланады.

Египет мəдениетiнiң тарихтағы өшпес iзi пирамидаламен байланысты. Оларды салудың негiзгi мақсаты фараондардың ерекше құдайылық құдiреттiлiгiн дəрiптеумен қатысты. Əлемнiң жетi кереметiнiң бiрi пирамидалар бiздi, бiр жағынан, адамның қолымен жасалған туынды ретiнде таңғалдырса, екiншi жағынан, осыншама күш-қайрат неге нақ осыған жұмсалды деген сұрақ туғызады. Египет мəдениетiнiң тағы бiр ерекшелiгi геопольдiк теологиямен белгiлi. Күн (Ра) - құдайлардың құдайы, ол алтын ұғымымен қосылып айтылады (алтын нұр шашқан күн) , ал Фараон өзiн Раның ұлымын деп дəрежелейдi. Египеттiктер Рамен қоса о дүниенiң патшасы, адамдар тағдырын шешушi, өлiп, қайта тiрiлген құдай Осиристi де пiр тұтқан. О дүниенi египеттиктер мəңгi маужыраған, ұйқы басқан; не су, не ауа, не махаббат лəзаттары жоқ күңгiрт қапас əлемi бейнесiнде түсiнген. Айталық, “Арфист” əнi атты көне ескерткiш туынды өлiм туралы ойламай, ешкiм қайтып келмеген бақи дүниенi аңсамай “əр тамаша күндi қуана қарсы алуға шақырды”.

Классикалық египет мəдениетi, əсiресе, Орталық патшалық (б. з. б. ХХП-ХУШ ғасырлар) кезiнде өзiнiң шарықтау шегiне жетедi. Осы уақыттағы пирамидалар өзiнiң аумақтығы жағынан ертедегi патшалықтар тұсындасалынғандардан шағын. Бұл кезде египеттиктердiң техникалық жетiстiктерi Фаюм оазисiндегi суару жүйелерiн жетiлдiруге, млнументалдық құрылыстарда жаңа саулеттiк формалар iздеуге бағытталды (лабиринт, күн храмдары, Нефертити кескiндемесi т. б. ) . Египет Шумер мен қатар адамзат тарихындағы алғашқы жазудың отаны. Тасқа қашалған петроглифтерден пиктрограммалық (суреттiк) жазуға, одан қазiргi идеограммалық (мағыналық) жазуға ауысудағы жалғастық бiр буын - египет иероглифтерi. Иероглифтiк жазу құдайдың сөзi деп есептелiнiп, қоғамдық өмiрдiң тiрегiне айналды.

Дүниежүзiлiк өркениеттiң тағы бiр бастауы аты аңызға айналған Шумер мəдениетiнен нəр алады. Афроазиялық даланың қатал табиғаты шумерлердiң арғы ата-бабаларын Тигр мен Ефрат өзендерiнiң аңғарларына қоныс аударуға мəжбүр еттi. Жалпы мəдениет тарихшылары шумерлер кiмнен шықты жəне қай тiл тобына жатады деген мəселел төңiрегiнде бiр тоқтамға келе алмай жүр. Соңғы зерттеулер шумерлiктердi протоалтайлық этнос деп есептеуге негiз бередi. Аталған өркениеттi шумерлiк бiр аңыз өзiнше түсiндiредi. Алғашқы хаос ретiндегi жойқын су тасқынының иесi албасты əйел Тиамат құдайлады құртқысы келдi. Оған қарсы шыққан бас құдай Марфук бұл албастыны өлтiрiп, оның билiгiндегi əлемнiң астыңғы жағынан жер қабатын, ал жоғарғы үстiңгi жағынан аспанды жасайды (Көне түрiктердiң Көк тəңiрi, Иер-Су, Ұмай аңызымен салыстырыңыз) . Осы аңыздан шумерлiктердiң шөлдi игерiп гүлденген өз жерiн жасағандығы да көрiнiп тұр.

Шумерлердiң тағы бiр аңызы дүниежүзiлiк алапат тасқын туралы. ХХ-ғасырдың 20-30 жылдары Шумер қалаларының орнын қазған археологтар б. з. б 4-мыңжылдықта ол жерде болған су апатының iздерiн тапты. Аңыз бойынша ақылды патша Знусудра. Эпики атты құдайдан су тасқыны туралы ескерту алып, үлкен кеменi дайындап адамзатты құтқарады. Египеттен бiзге пирамидалар жетсе, шумерлер адамзат тарихында өздерiнiң сыналық жазуымен құрметтi орын алады. Екiөзен аңғарынан табылған саз балшық тақтайшаларындағы 1. 5. миллиондай жазу əлем музейлерiнде сақтаулы тұр. Месопотамиялық жазу иероглифтер сиқты алдымен пиктограммаларды ыңғайлап, ықшамдау, нəтижесiнде қалыптасты. Алғашқы шумерлiк сына таңбалардың саны 1, 5 мыңдай едi, кейiн Вавилонда олар 300 шамасында түрақтанды.

Сына жазу арқылы бiзге жеткен адамзат мəдениетiнiң тамаша үлгiсiнiң бiiр-аккадтық “Гильгамеш туралы аңыз”. Онда адам өмiрiнiң мəнi мен маңызы туралы мəселе қойылып, өлiм мен өмiрдiң арақатынасы жөнiнде философиялық толғаулар айтылады. Яғни, сонау Шумер өркениетiнен бастап, адамзат өмiрдiң шектеулiлiгiнен мəңгiлiкке қарай ұмтылды. Қазiргi мəдениетте шумеро- вавилондық математика мен асттрономия өз iзiн қалдырды. Бiз əлi күнге дейiн шеңбердi 360 градусқа, сағатты 60 минутқа 60 секiндқа бөлген шумерлiк есептеу жүйесiн қолданамыз.

Шумер өркениетiнiң тағдырына келсек, осы мəдениет иелерi шуменрлiктердi басқа халықтар жаулап алғаннан кейiн де жоғалып кеткен жоқ. Шумер жерiн б. з. б. 3-мыңжылдықтардың аяғында семит тайпалары аккадтықтар жаулап алғаннан кейiн Вавилон, Ассирия мемлекеттерi орныққаннан соң да шумер тiлi дiни-мəдени құрал ретiнде өз мағынасын сақтап қалды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz