Организмдер арасындағы қарым- қатынастардың типтері



М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Организмдер арасындағы қарым-
қатынастардың типтері

Организмдер арасындағы қарым-қатынастар өте күрделі және алуан түрлі. Оларды шартты түрде тікелей және жанама деп бөлуге болады. Тікелей байланыс қоректену жолымен анықталады, яғни, өзінің тіршілігіне энергияны кейбір жануарлар өсімдіктерді немесе басқа жануарларды қорек ету арқылы алады. Өз кезегінде олармен басқа азғалар қоректенеді. Жыртқыш-қорек немесе иесі-паразит жүйелеріндегі қарым-қатынас нәтижесі табиғи іріктелуді және бейімделуші қасиеттердің сақталуын қамтамасыз етеді, сөйтіп популяция санының динамикасын анықтайды

Жанамалық қарым-қатынаста бір азғалар екінші бір ағзаларға орта түзушілік, субстрат ролін атқарады. Мысалы, ормандарға жергілікті және Әлемдік орта түзуші қызметі тән. Олар топырақты және суды қорғап отырады. Сонымен қатар ормандарда ағаштардың сыртқы құрылысына байланысты пайда болатын ерекше микроклимат орман жануарларының, өсімдіктерінің өсіп-дамуына жағдай туғызып отырады. Су қоймаларында өсетін өсімдіктер ондағы тіршілік ететін ағзаларға өте қажетті оттегінің көзі болып саналады. Өсімдіктер басқа ағзалардың тіршілік ортасы болып та табылады. Мысалы, ағаш қабықтарында, тамырларында, жапырақтарында, сабақтарында, жемістерінде көптеген құрт- құмырсқалардың түрлері мен омыртқасыздар тіршілік етеді, ал ағаш қуыстары көптеген құстар мен сүт қоректі жануарлардың мекендейтін жері болып табылады

Бәсекелестік. Бір немесе бірнеше түрге жататын организмдер тіршілік ресурстары үшін езара бәсекелестікке түсуі мүмкін. Ч. Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің Маңызды әрі жоғары формасы ретінде бағалаған. Бүл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады. Мысалға, Көдімгі шыршалардың өздігінен сиреуін немесе кұмырскалардың Қырылып, өз популяциясын реттеуін келтіруге болады.
Жыртқыштық. Жыртқыштық - түрлер арасындағы байла-ныстың кең таралған, ең жоғары формасы. Ол кейде корек, мекен ететін орта, т. б. ресурстар үшін даралардың бірін-бірі өлтіруі, кууы, жеуі аркылы керініс береді. Жыртқыштык тіршілік ету организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үпгін - жырткыш алдымен жемтігін іздеп табуы кажет. Ал жемтік ез кезегінде жауынан корғану бейімше немесе жоғары бейімдеушілік касиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы дамып, организмде морфологиялык, физиологиялық, биохи-миялык, т. б. өзгерістер пайда болуы мүмкін.

Паразитизм. Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін тіршілік ортасы немесе қорегі ретінде пайдалану аркьілы тіршілік етуі. Паразиттік күбылыс организмдер арасында корек үшін тікелей жанасу аркылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процесс, әсіресе, вирус, бактерия, саңырауқұлақ, карапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сиякты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар жене өсімдік пен жануар арасындағы паразиттік күбылыс та жаксы дамыған. Паразиттер коректі тандауына, бейімделуіне карай: монопаразиттер, олигополипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреу-лері сырткы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте кауіпті ауру тарататын түрлері де баршылык. Бірак олардың кай түрінің болсын, табиғатта орны толмас рөлі бар. Мысалы, біздің жерімізде кездесетін зиянкес жануарлардың паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеу, ауыл щаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана кұмтыпқаннан паразиттердің 19 түрі табылған. Адамның ішек-карын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т. б. паразиттер қатарына жатады. Паразиттердің көптеген түрлері (жиі кездесетін маса, сона, құмыты, бүрге, кенелер) жүкпалы аурулар (сүзек, тырыскак, безгек, энцефалит, оба, т. б. ) таратады.

Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше, селбесіп, пайдалы тіршілік етуі симбиоз деп аталады. Мысалға, тақуа шаян мен актиния арасындағы селбесуді, сондай-ак балдыр мен саңырауқұлақтын селбесуі нөтижесінде кыналардың тіршілік етуін келтіруге болады. Комменсализм (серіктестік) симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Яғни бір түрдің коректік калдығымен екінші организм коректене отырып, оған ешбір зиян келтірмеиді. Кейде бір организм екіншісін қозғалу құралы немесе корғанышы ретінде де пайдаланады. Мысалы, ірі балықтардын желбезегінде үсақ балыктар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса, оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолга түседі.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz