ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
Презентация қосу
ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҒЫ
ЖОҚ ТҰЛҒАЛАРҒА ОТБАСЫ
ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НОРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ
ОРЫНДАҒАН: УТЕМУРАТОВА А .К.
ТЕКСЕРГЕН: ҚАЙНАЗАРОВА М.Б.
Азаматтығы жоқ адамның Қазақстан
Республикасының аумағында некесін
қию ережелері сол адамның тұрақты
тұратын жері бар мемлекеттің
заңдарымен белгіленеді.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс
жерлерде тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтары арасындағы неке Қазақстан
Республикасының шетелдік мекемелерінде
қиылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде
Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында
қиылған некелер және Қазақстан Республикасының
азаматтары мен шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ
адамдардың арасында қиылған некелер олар аумағында
неке қиылған мемлекеттің заңын сақтай отырып жасалса,
Қазақстан Республикасында заңды ден танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары мен
шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар
арасындағы некені, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының аумағында
шетелдіктер арасындағы некені бұзу Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасының азаматтары мен шетелдіктер немесе
азаматтығы жоқ адамдар арасындағы некені бұзу тиісті
шет мемлекеттің заңдарын сақтай отырып жасалса,
Қазақстан Республикасында заңды деп танылады.
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Ерлі-зайыптылардың мүліктік емес және мүліктік жеке
құқықтары мен міндеттері аумағында екеуінің бірге
тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен, ал екеуінің бірге
тұратын жері болмаған жағдайда — аумағында екеуінің
бірге тұрған соңғы жері болған мемлекеттің заңдарымен
белгіленеді.
Әке (ана) болуды анықтау және даулау
бала туған кезде азаматы болған
мемлекеттің заңдарымен айқындалады.
Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен
міндеттері, соның ішінде ата-аналардың балаларын
асырап-бағу жөніндегі міндеті аумағында олардың
бірге тұратын жері бар мемлекеттің заңдарымен
белгіленеді.
Кәмелетке толған балалардың ата-аналарының
пайдасына алименттік міндеттемелері, сондай-ақ
басқа да отбасы мүшелерінің алименттік
міндеттемелері аумағында олардың бірге тұратын
жері бар мемлекеттің заңдарымен белгіленеді.
Қазанстан Республикасының аумағында шетелдіктердің,
азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылатын баланы асырап алуы, соның ішінде бала асырап
алудың күшін жою жоғарыда алдыңғы тақырыптарда өткен
талаптарды сақтай отырып Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы асырап алуды бала асырап
алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті орган
жүргізген ретте Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге
кеткенге дейін баланың тұратын аудандық (қалалық) атқарушы органнан
немесе оның ата-анасынан (олардың біреуінен)
бала асырап алуға алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан
Республикасында заңды деп танылады.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын
балаларды шетелдіктерге асырап алуға берудің тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шетелдіктерге асырап алуға берілген балаларға бақылау
жасауды Қазақстан республикасының шетелдік мекемелері
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан
Республикасының азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы
жоқ адамдар жөнінде тиісті мемлекеттердің заңдары бойынша
азаматтық хал актілерінің жасалғанын растайтын шет
мемлекеттердің құзыретті органдары берген құжаттар
консулдық негізде ресмилендірілген жағдайда Қазақстан
Республикасында жарамды деп танылады.
Басқа мемлекеттердің неке-отбасы заңдарының
нормалары оларды қолдану Қазақстан
Республикасының заңдарына қайшы келген жағдайда
қолданылмайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz