Ақтөбе облысы.Мәдени мұрасы,қайта қалпына келтірілген ескерткіштері


Slide 1

Ақтөбе облысы. Мәдени мұрасы, қайта қалпына келтірілген ескерткіштері

М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті

Slide 2

Көркем және сәндік-қолданбалы өнерінің Ақтөбе мұражайы отыздан астам жыл бойындағы тарихқа ие, ол 1981 жылы 2 шілдеде ҚазКСР Мәдениет Министрлігінің шешімімен ашылды. Бастапқыда мұражай Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің көркем көрмелерінің жиырмасыншы филиалы ретінде қызмет атқарған және Ақтөбе облысының көркем көрмелік залының мәртебесінде болған

Көркем және сәндік-қолданбалы өнерінің Ақтөбе мұражайы отыздан астам жыл бойындағы тарихқа ие, ол 1981 жылы 2 шілдеде ҚазКСР Мәдениет Министрлігінің шешімімен ашылды. Бастапқыда мұражай Қазақ КСР Мәдениет Министрлігінің көркем көрмелерінің жиырмасыншы филиалы ретінде қызмет атқарған және Ақтөбе облысының көркем көрмелік залының мәртебесінде болған

Slide 3

Ақтөбе қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Мысалы, қалада Кіші Жүз ханы - Әбілхайыр ханға ескерткіш, қазақ халқының батыры - Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесі, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр қыз - Әлия Молдағұловаға ескерткіш, 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш, т. б. бар.

Slide 4

Тама Есет батыр Көкіұлы

Жоңғарлармен шайқастарда Кіші жүз туын көтерген, Аңырақай ұрысында әскербасшысы ретінде біріккен қазақ қолының жеңісіне зор үлес қосқан.

Slide 5

Ақтөбе - Батыс Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қалалық әкімшілігінің орталығы.

Халық саны - 387 945 адам (1 қаңтар 2015) . Ақтөбе Батыс Қазақстан өңірінің ең ірі қаласы, Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша бесінші орында орналасқан. Ақтөбеде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлт - қазақтар. Олар қала халқының 75, 7 % құрайды. Үлесі бойынша екінші орынды меленген орыстар қала халқының 17, 34 % құрайды. Негізгі діни топтар - мұсылмандар (негізінен - сүнни) мен христиандар (негізінен - православтар) . Ақтөбе - дамып келе жатқан Ақтөбе агломерациясының орталығы (халық саны - 541 мың адам) . Қаланың ауданы - 297, 39 км². 1997 жылы таратылған Ақтөбе ауданының территориясы қала әкімшілігінің құзырына берілгеннен кейін әкімдік қарамағындағы жердің жалпы ауданы 2 338 км² дейін ұлғайды.

Slide 6

Алия Молдағұлова

Қазақ халқының даңқты қызы, Кеңес Одағының Батыры. Әлия - аты аңызға, ісі эпосқа айналған аруақты ерлердің, текті қыздардың кіндігін кескен, кір-қоңын жуған өңірдің перзенті. Қарақыпшақ Қобыландының, Асанқайғы мен Абат батырдың, Есет батыр мен Әйтекенің, "Әбіқайыр мен Бөкенбайдың, Ботагөз ару мен Исатай-Махамбеттердің, Асау мен Барақтың, Мөңке би мен Әжібай бидің, Арал батырдың рухы сіңген топырақ-құнардан өніп шықты. Бұл қасиетті қазақ жерінің қай тұсында да бар құнар. Рухтың құнары. Әлия ерлігі, Әлия болмысы - ұлт рухының сақталу заңының кезекті көрінісі. Асқақ һәм аяулы көрінісі.

Slide 7

1930-1950 жылдардағы репрессия құрбандарына арналған ескерткіш

Ескерткіш 1990 жылы 29 қыркүйекте жергілікті тұрғындар қаражатына орнатылды. Ескерткіш авторлары Б. Елімбаев және В. Тертерян. Орналасқан жері: Ақтөбе қаласы, Түйетөбе, Ақтөбе - Орск тасжолының 20-шы шақырымы. Ең жақын теміржол стансасы - Ақтөбе қаласында

Slide 8

Атауы

Қала атауының қазіргі Ақтөбе түріндегі жазылуы 1940 жылы қазақ тіліне кирил әріптерінің негізінде құралған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста. 1929- 1940 жылдары қала атауы латын әріптеріне негізделген қазақ әліпбиімен Aqtɵbe деп[1], одан бұрын араб-парсы әріптерін қолданған әліпбимен اقتوبە‎ түрінде жазылған[2] . Қытай және Таяу Шығыстағы қазақтар аудиториясына арнап шығарылатын басылым беттерінде қаланың араб әріптерімен жазылған нұсқасы осы күнге шейін қолданылады[3] [4] [5] .

1891 жылы Ақтөбе бекінісі (Акъ-Тюбе) Ресей империясының уездік қалаларының біріне айналғаннан бастап 1999 жылға дейін қаланың орыс тіліндегі атауы «Актю́бинск» (Актюбинскъ) түрінде қолданылып келді. 1999 жылдың 11 наурыз күні жарияланған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің қаулысына сәйкес қала атауының орыс транскрипциясы «Актобе́» болып өзгертілді Орыс тіліндегі жаңа атау Ресейдің мемлекеттік тіркеу, кадастр және картография Федаралдық қызметімен ресми түрде мойындалды[7] .

Қаланың қазақша атауы орыс тілінде «белый холм» мағынасын білдіргендіктен, кейде Ақтөбені орысша «Город на белом холме»[8] немесе «Беловершинск»[9] деп те атайды. «Ақтөбе» және осыған ұқсас елді мекен атаулары Қазақстан мен Ресейде (орыс. Ахтуба, Актюба) кең таралған.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
МӘДЕНИ МҰРА БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
Көне Түркі жазуларыны зерттелуі
МӘДЕНИ МҰРА
Жамбыл облысының туризм географиясы
Мәдени мұра- баға жетпес байлық
Көне түркі жазба ескерткіштері
АРХЕОЛОГИЯ
АРХЕОЛОГИЯ. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АРХЕОЛОГИЯНЫҢ ЖЕКЕ САЛАЛАРЫ
Қазақ халқының мәдени мұрасы
Президентінің мемлекеттік бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz