Адам құқықтары тұжырымдамасы тарих және қазіргі заман
Презентация қосу
Адам құқықтары
тұжырымдамасы: тарих және
қазіргі заман
Курс: 2
Топ: В15ЮПСО-1
Орындағандар: Утемуратова А.К. Нуриддин Н.Б.
Тексерген:Мамедова П.И.
1-бап
1. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Адам құқықтары — адамның өз
мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру
мүмкіндігі.
Адам құқықтары табиғи және әлеуметтік болып екіге
бөлінеді.
Табиғи құқықтар Әлеуметтік
дегеніміз — құқықтар дегеніміз
— адамның мемлекетпен
адамның тіршілік өзара әрекеті процесінде
етуінен туындайтын пайда болатын (мысалы,
(мысалы, өмір сүру, білім алуға, еңбек етуге,
еркіндікке жету, бақуатты өмір сүруге,
азаматтық алуға, сот
жеке басына
әділдігіне жүгінуге, еркін
тиіспеушілік т. б.) жүріп-тұруға, мүліктерді
құқылары. иеленуге) құқықтары.
Адам құқығы концепциясы Біріккен
Ұлттар Ұйымы құрылмай тұрып
пайда болған болатын, алайда, осы
форумның құрылғанынан кейін ғана
адам құқығы ресми және жаппай
тануға ие болды.
МОТ, ЮНЕСКО және БҰҰ
жүйесінің басқа ұйымдарының
және аймақтық халықаралық
ұйымдардың шешімдерін
айтпағанда, тек БҰҰ-ның өзі
адам құқықтары бойынша 60-ге
жуық декларациялар мен
конвенциялар құрастырып,
қабылдады.
Адамның негізгі құқықтары мен
бостандықтарын бекітетін, аса
маңызды алғашқы халықаралық-
құқықтық құжат 1948 жылғы 10
желтоқсанда БҰҰ Бас
Ассамблеясымен қабылданған,
Адам құқықтарының жалпыға
ортақ декларациясы болып
табылады.
Декларация бойынша, барлық
ерлер мен әйелдер білуге тиісті,
адам құқықтары мен
бостандығына негіз болатын 30
бап бар.
Декларация адам
құқықтарының қазіргі
заманғы тұжырымдаманың
негізін салды және оның
халықаралық
қатынастарда таралуына
ықпал етті . Сонымен
қатар, бұл декларацияны
нақтылайтын халықаралық
деңгейдегі басқа
декларациялар,
конвенциялар және
хаттамалар қабылданды.
Бүкіл әлемде 10 желтоқсан Адам
құқықтары күні ретінде атап өтіледі.
Қазіргі таңда адам құқығын қорғау және
құрметтеу әлемдік қауымдастыққа
жүктелген ең маңызды міндеттер қатарына
жатады. Адам құқығын қорғау бойынша
халықаралық ұйымдардың қызметі
бұрыннан және түрлі формаларда жүзеге
асырылуда. Бастамасы 1919 ж.
Халықаралық еңбек ұйымын құрумен
Ұлттар Лигасының тиісті Конвенциясын
қабылдаумен қаланды.
1945 ж. БҰҰ құра отырып,
мемлекеттер Жарғының 1 бабында,
ұйымды құрудағы мақсаттардың бірі
«нәсілге, жынысқа, тілге және дінге
бөлместен адам құқығы мен негізгі
бостандықтарына деген құрметтеуді
дамыту мен кеңейту» болып табылады
деп келісті.
1946 жылы құрылған БҰҰ-
ның адам құқықтары
бойынша Комиссиясы
Декларация негізінде адам
құқығы саласында
маңызды халықаралық
құжаттар құрастырды.
1966 ж. БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясы Азаматтық және
саяси құқықтар туралы
Халықаралық пактті (1976 ж. 23
наурызда 35 мемлекет
бекіткеннен кейін күшіне енген)
және Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтар туралы
Халықаралық пактті (1976 ж. 3
қаңтарда күшіне енді) қабылдады
.
1966 жылы азаматтық және саяси
құқықтар туралы Халықаралық пактпен
қоса осы Пактке Факультативтік
хаттама қабылданды. Факультативтік
хаттамада 1977 ж. азаматтық және
саяси құқықтар туралы Халықаралық
пакт негізінде құрылған БҰҰ-ның адам
құқықтары бойынша Комитетінің
уәкілеттігін жүзеге асыру тәртібі мен
қызметінің регламентациясы бар.
Факультативтік хаттама өз күшіне 1976
жылы енді.
Ассамблея ОАР мен Намибиядағы апартеидты адамзатқа қарсы
қылмыс ретінде айыптап, 1973 жылы 30 қарашада, 1976 жылы 18
маусымда күшіне енген, апартеидке жол бермеу туралы
Халықаралық конвенцияны қабылдады. 1968 жылы адам
құқықтары бойынша Халықаралық конференция халықаралық
спорттық федерациялар мен ассоциацияларды ОАР-ды апартеид
жойылғанға дейін өз мүше елдер қатарынан алып тастауды
шақырды. 1971 жылы Бас Ассамблея бұл ұсынысты мойындады
және спорттағы нәсілдік дискриминацияны жою үшін уақытша
ережелер енгізді. 1977 ж. 14 желтоқсанда мемлекеттерді апартеид
саясатын жүргізетін кез келген елмен спорттық байланысын
тоқтатуға шақырып, спорттағы апартеидке қарсы Халықаралық
декларация қабылдады.
2002 жылдан бастап БҰҰ мекемелері
мүше-елдерде ішкі және сыртқы
саясатта «құқық қорғаушылық қадам
тұжырымдамасын» (Human Rights
Based Approach) басқару идеясын
белсенді насихаттады.
Құқық қорғаушылық қадам
тұжырымдамасы 2003 жылы толықтай
құрастырылды.
2006 жылдан бастап адам
құқықтары бойынша Кеңес
мемлекеттер төрт жылда бір
рет тапсыратын адам
құқықтарының жағдайы
жайлы ұлттық есеп берудің
жаңа тәжірибесін - адам
құқықтары бойынша әмбебап
кезеңдік баяндама (Universal
Periodic Review) енгізді.
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес
қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған
ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш.
Монтескье, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Т.
Джефферсон, Т. Пейн және т.б. жатады. Олар
адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш
анықтап, белгілеп берді. Осылардың ішіндегі ең
құндылары Америка Құрама Штаттарының
Тәуелсіздік Декларациясына енді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz