Суицид




Презентация қосу
Суицид

Орындаған: Утемуратова А.К
Тексерген:Сулеймен М.А
«Өзін өзі өлтіру» деген түсінікке ХІХ ғасырда
«самоубиство: Социологический этюд» деген
еңбегінде француз социологы Эмилем Дюркгейм
классикалық тұрғыда анықтама берді. Өзінің осы
түсінік туралы пікірінде, тікелей немесе жанама
болса да, оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі
болып табылатын әрбір өтім жағдайын
жәбірленушінің өзі жасаса, және ол оның нәтижесі
туралы білсе, онда ол өзін өзі өлтіру әрекеті болп
табылады дейді. Өзін өзі өлтіру философиялық
(өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық
(психологиялық теріс бейімделу), әлеуметтік
(әлеуметтік жағынан өз орынын таппау),
медициналық (күрделі ауру, психикасының
бұзылуы), адамгершіліктік және құқықтық
проблемалардың жинақтауынан тұратын өте
күрделі, көп қырлы феномен.
Э.Дюркгейм бойынша суицидтің
түрлері

Эгоистік өзін-өзі өлтіру. Бұл
тектес өзін-өзі өлтірудің бірқатар
нұсқаларын талдау нәтижесінде
Дюркгейм өзімшіл суицидтік типке
мынадай анықтама береді: “Шектен
шыққан дарашылдық өзін-өзі өлтіруге
итермелеуші себептердің әрекетіне
жағдай жасай отырып, өзі де осы
тектес себептің бірі деп есептелуі
мүмкін. Ол адамдардың өзін-өзі
өлтіруге ұмтылысын тежейтін
кедергілерді жойып қана қоймай, өзі де
осы ұмтылысты өршітіп, өзін-өзі
өлтірудің арнайы түріне орын береді”.
Альтруистік өзін-өзі өлтіру. Өзін-өзі
өлтірудің бұл түріне, көбінесе, кейбір
халықтардың тарихтан белгілі қарт
адамдардың “өмір сүру қиындап кеткен
кезде” өзін-өзі өлтіру салты немесе
индуизмде қабылданғандай жесір
әйелдің күйеуін жерлеу кезіндегі өзін-өзі
өртеуін жатқызуға болады. Дюркгеймнің
ойынша, альтруистік суицид, яғни
топтық мүдде үшін өзін-өзі өлтіру, күшті
топтық қысым мен әлеуметтік
қолдаудың нәтижесінде болады.
Аномиялық өзін-өзі өлтіру. Бұл тип әлеуметтік
байланысты қоғам тарапынан реттеу сипатымен
ұштасады. Аномия - “әлеуметтік өзара
әрекеттестікті басқаратын нормалардың
жарылысымен сипатталатын әлеуметтік жағдай”
немесе “қоғам мүшелерінің едәуір билігі
міндеттеуші нормалардың бар екенін біле тұра
оларға жағымсыз немесе бей-жай түрде
қарайтындай күйі”.
Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың
пікірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді. Оның
біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда
адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді.
Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры
өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі —
жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды
таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне
өзгелердің назарын барынша аударуға бейім
тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны
қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп,
«өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер
осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі —
жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар
өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой
әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға
тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ
болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар
мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.
Суицидальды мінез-құлық мыналардан тұрады:

а)аяқталған өзін-өзі өлтіру,

ә)суицидальдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру),

б)ниет (өзін-өзі өлтіру идеясы)
Статистика көрсетіп отырғандай, өзін өзі өлтіруге ниет
қылған жасөспірімдердің көбі әл ауқаты нашар
отбасылардан шыққандар. Осындай отбасыларда ата
аналары арасында дау жанжалдар жиі болып тұрады,
сондай ақ ата аналары мен балалары арасындағы жанжал
көбінесе қол жұмсау арқылы жасалады, ата аналары
балаларына мейірімсіз болады, тіпті өшпенділік
танытатындар да бар. Өзін өзі өлтіруге шешім қабылдауға
ата аналардың жиі жұмыссыз жүруі мен отбасындағы
экономикалық проблемалар, ата анасынан ерте айырылу
немесе олармен қарым қатынасты жоғалту, ата насының
ауруы немесе әкесінің отбасынан кетуі де жатады.
Суицид жасаудың статистикасы
2016 жылғы 5 ай ішінде аумақтық басқармасымен статистикалық
мәліметтерді жасау фактілерін азаматтары суицидтік әрекеттер соңғы
талдау жүргізілді.
Талданып отырған кезеңде тіркелген саны АЖ СДТБТ фактілері туралы
өтініштер мен хабарламалар өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің
салыстырғанда өткен жылдың ұқсас кезеңімен бар қарқынын
төмендету 35% (20-дан 13), оның ішінде әрекет жасау өзіне қол жұмсау
50% - ға (10-нан 5) және түбегейлі суицид 20% (10-8-ге дейін).
Мәселен, Қарабалық АІІБ 2016 жылы 5 ай ішінде 8 фактісі жасалған
өзін-өзі өлтіру тіркелді, соның ішінде барлық суицид жасайтын ерлер.
Әйелдер мен кәмелетке толмағандар жасауда суицид фактілері
тіркелген жоқ.
2015 жылғы ұқсас кезеңінде 10 суицид фактілері жасаған әйелдердің
әрқайсысы 3 суицид фактісі, ерлер - 7 фактісі тіркелді.
2016 жылғы 5 айда ең көп жасау фактілері суицид тұлғалар бойынша
жасаған 45-тен 74 жасқа дейін – 6 болмысы, 2015 жылғы ұқсас кезеңіне
7 фактілері тіркелген. 2016 және 2015 жылға тұлғалар арасында
әрқайсысы 25 жасы 34 жасқа дейін 2- суицид тіркелген.
2015 жылғы ұқсас кезеңіне 10 суицид фактілері әйелдер әрқайсысы 3
суицид болмысы, ерлер - 7 болмысы жасағаны тіркелді.
2016 жылғы 5 айда ең көп жасалған суицид тұлғалар бойынша 45-тен
74 жасқа дейін – 6 болмысы, 2015 жылғы ұқсас кезеңіне 7 болмысы
тіркелген. 2016 және 2015 жылға 2 тұлғалар үшін әрқайсысы жасы 25

Ұқсас жұмыстар
Жалпы суицид туралы түсінік
Суицид туралы түсінік
Бір өкініштісі, суицид жасаушы еліміздің болашағы деп санаған жас буын өкілдері
Суицид және өмір. 9-11 сынып аралығы
ЖАЛҒЫЗДЫҚ - СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕЙТІН БІРДЕН БІР СЕБЕП
СУИЦИД ТУРАЛЫ
Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер
Дін әлеуметтануының дербес саласы ретінде қалыптасуы
Көп жағдайда өзін - өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу
Дюркгеймнің суицид әлеуметтануына қосқан үлесі
Пәндер