ҚР-НЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ




Презентация қосу
ҚР-НЫҢ
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА
ҚАТЫСТЫ
ӨЗЕКТІ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
МӘСЕЛЕЛЕРІ

ОРЫНДАҒАН:
УТЕМУРАТОВА А.
Экологиялық мәселелер
Адамның жер бетіндегі табиғатқа әсер ету
ауқымдылығына байланысты адамзатты алаңдатып
отырған экологиялық мәселелерді, негізінен, үш
топқа бөледі:
Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай
мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс.
Оған атмосфераның, гидросфераның және
литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын
Аймақтық
атауға экологиялық мәселелер — жер
болады.
бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше
мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай
экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп
шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге
жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын
және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады.
Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және
Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады.
Жергілікті экологиялық
мәселелер — белгілі бір
жергілікті шағын аумақтың
табиғат байлықтарының жеке
тобын немесе бір ғана түрін
қорғаумен ерекшеленеді.
Мұндай мәселелер жергілікті
деңгейде (бір мемлекеттің өз
ішінде) шешуді қажет етеді.
Мысалы, Шарын шатқалындағы
геологиялық замандардан
сақталып келген шаған (ерен)
тоғайын қорғау немесе
Алакөлдегі реликті шағала
(қара мойнақ шағала) түрін
сақтап калу, Балқаш көлінің
экологиялық жағдайы және
т.б. атауға болады.
1.Қазақстан су қорларының
экологиялық мәселелер
2.Каспий аймағының экологиялық
жағдайы.
3.Арал теңізінің экологиялық
мәселелері.
4.Балқаш көлінің экологиялық
мәселелері.
5.Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
6.Экологиялық мониторинг
1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
Қазақстан Республикасының тұщы су қорлары орасан көп, алайда оның
аумағы бойынша судың орналасу деңгейі біркелкі емес. Өзендер –
республиканың негізгі су көздері. Ірі өзендер негізінен солтүстік-шығыста –
Ертіс өзені, батыста – Орал өзені, оңтүстікте – Сырдария өзені ағады.
Қазақстанның көптеген өзендері, әсіресе олардың салалары суының
аздығынан жазғы уақытта кеуіп, жеке көлшіктерге айналады және қар
еріген кезде ғана тасиды.
Республикада ірі көлдер (Балқаш, Теңіз, Қорғалжын, Құсмұрын, Зайсан,
Марқакөл, Алакөл) және мыңдаған кіші көлдер орналасқан. Республикада
барлығы 50000 таяу көлдер бар, олардың 32 % тұщы сулы, қалғандарының
суы жоғары минерализацияланған.
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған. Ең
ірі су көздеріне: Ертіс, Есіл, Іле, Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Асса өзендері
жатады. Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалып отыр.
Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи
ауытқуларына байланысты болып отыр. Экологиялық жағынан ең қолайсыз
жағдайда Қазақстанның басты су артериясы – Ертіс өзені қалып отыр. Оның
сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған. Негізгі ластаушы
заттар – мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейннің су ағыстарына түсетін негізгі
ластаушыларға иондық ағыс (28 мың тоннадан астам 1994 және 1995 ж.
шамамен 23 мың тоннаға жуық), азотты, органикалық қосылыстар (1,7 мың
тоннаға жуық) фосфор қосылыстары (1994 жылы 1,3 мың тоннадан астам
1995 жылы 800 тонна), цинк (42,6 және 24,9 тонна 1995ж) жатады.
Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы
дерлік су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп
Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий
теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз
экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына
байланысты болады. Ғалымдардың болжамдары
бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық
сызықтың 2400-2700 км ұзарып, су астында қалған
жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі
3. Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
мүмкін.
60-жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми
бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару
үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін
табиғи су ағысын 90%- тен астам қысқартып жіберді.
Теңіз ауданы 2,6 млн.га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін
жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті,
тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна
тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады.
Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттың өзгеруі
одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт
төмендеп кетті.
Балқаш – жартылай тұщы көл. Сарыесік
4. Балқаш
түбегі көлінің
Балқашты экологиялық
батыс және шығыс мәселелері.
бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі
Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы
болған. 1967 жылы Іле өзенінде Қапшағай
ГЭС-і салынды, ал 1970 жылы ірі Қапшағай
су қоймасы іске қосылды. Шілік өзенін бөгеу
нәтижесінде Бартоғай су қоймасы
жасалды. Балқаш көлінің бассейнінің
өзендерінен 1965-1986 жылдар аралығында
алынатын судың мөлшері 4,8-ден 5,6км3/
жылына артқан. Соңғы онжылдықта
Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ден астам
төмендеп, су бетінің ауданы 4,7 мың км2
кеміген.
Көлдің тұщы бөлігіндегі судың
минералдылығы артып келеді (1,2-ден 1,9
г/л, ал Балқаш қаласы маңында 2,2-ден 2,3
г/л дейін). Судың минералдылығы, өндіріс
орындары мен коммуналдық
шаруашылықтың шайынды сулары,
суармалы жерлердің қайтымды-дренаж
суларының келіп түсуінің артуы
нәтижесінде сумен қамтамасыз ету,
адамдардың демалу жағдайлары
5. Кіші өзендерді қорғау мәселесі.
Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі.
Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның өзендерінің
ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына
әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың
бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл
және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км.
Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың
өзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы
және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ, осы таудың сулы
өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың
тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз
пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
6.Экологиялық мониторинг.
Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және
антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта
жагдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау
жүйелері. „Мониторинг" деген термин "монитор" -
сақтандырушы, кадағалаушы деген латын сөзінен алынған. Бұл
термин БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм
конференниясының алдында (1972 жыл, маусымда) "бакылау"
ұғымын толықтыру ретінде пайда болды.
Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды
бақылау, бағалау және болатын өзгерістерді болжау.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының өзекті экологиялық мәселелері және тұрақты дамуы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ҚАТЫСУЫ
ЕҚЫҰ БАСШЫЛЫҒЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ НЕГІЗДЕРІ
Экологиялық сараптама
Қоршаған орта және адам қоғамының турақты дамуы
Адам денсаулығы қоршаған орта мен әлеуметтік ортаның туындысы
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары физикалық химиялық әдістері
РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМНІҢ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БАСЫМДЫҒЫ
Экологиялық аудит
Пәндер