Ислам Даму Банкі




Презентация қосу
Ислам
Даму
Банкі

Ізтілеу Ж.
Ислам даму банкі
Ислам Даму
Банкі
Ислам даму банкі, ИДБ
(араб.: ‫الب نك ال سلمي للتنم ية‬,
ағылш. Islamic Development
Bank, IsDB) — халықаралық
қаржы даму институы,
1973 жылдың 18
желтоқсанында өткен
мұсылман мемлекеттерінің
қаржы Министрлерінің
Бірінші Конференциясының
ниеттері туралы
Декларациясына сәйкес
құрылған.
Ислам Даму Банкі

Ислам даму банкі көбінесе ауылшаруашылығын
сумен қамтамасыз ету, канал тарту тәрізді
агротехникалық және инфрақұрылымды дамыту
мақсатындағы жобаларды қаржыландыруды
әдетке айналдырған.
Ислам Даму Банкі
ИДБ қызметін 1975 жылғы
20 қазанда бастады.
1995 жылдан Қазақстанда
ИДБ жұмыс істеп келеді.
1997 жылғы тамызда Алматы
қаласында ТМД-да,
Моңғолияда, ҚХР-да,
Шығыс Еуропа аймағында
орналасқан ИДБ мүше елдері
және мұсылман
қоғамдастықтары үшін
аймақтық офисі ашылды.
Ислам Даму Банкі
ИДБ мақсаты Шариғаттың қағидаттарына сәйкес
ИДБ мүше емес елдердегі мұсылман қауымдары
және мүше елдердің мұсылман қоғамдастықтарының
экономикалық дамуына және әлеуметтік прогресіне
көмек көрсету болып табылады. Мүшелерінің
құрамына 52 мемлекет кіреді. ТМД елдерінің ішінде
ИДБ мүшелері Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан,
Тәжікстан және Түрікменстан болып табылады.
Ислам Даму банкі
Аймақтық кеңселері үшеу, олар – Рабат қаласында
(Марокко), Куала-Лумпур (Малайзия) және Алматы
(Қазақстан) қалаларында. Ислам Даму банкінің орталық
пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында
орналасқан.
Банктің жарғылық қоры 6 миллиард ислам динарына тең.
Ислам Даму Банкі
ҚазақстанРеспубликасы 1996 жылғы 16 мамырда
ИДБ-ның 1974 жылғы 12 тамызда Джидда
қаласында қол қойылған Құрылтай шартын
ратификациялады.
Ислам Даму Банкі

Банк 2000 - 2003 жылдары Астана қаласында өз кеңсесін
ашу, Қарағанды - Астана автожолы бөлігін, Астана -
Бурабай автомобиль жолын қайта салу, Астанада ұлттық
кітапхана үйін салу, пошта байланысын жетілдіру, т.б.
жобаларды қаржыландырған.
Ислам Даму Банкі
Оған мүше мемлекеттердің банктің жарғылық
капиталындағы үлестері төмендегідей: Сауд
Аравиясы -16,6%, Ливия – 6,7%, Кувейт – 8,3%, ал
Гамбия, Қырғыз, Мозамбик, Түрікменстан,
Тәжікстан,
Қазақстан, Мальдив, Суринам, Джибути, Комор
елдері біріккенде 0,4% құрайды.(Қосымша
1,2,3,4.)
Ислам Даму Банкі
Ислам даму банкін құрғандағы негізгі мақсат:
шариғат негізіне сүйене отырып, ИКҰ-ға мүше
болған және болмаған мұсылман елдеріне
экономикалық даму және әлеуметтік ілгерілеуі
үшін қаржылай көмек көрсету.
Ислам Даму Банкі
ӘсіресеИКҰ-ға мүше болған экономикасы нашар
Дамыған мұсылман елдеріндегі жобаларды
қолдауға көбірек көңіл бөлу.
1996 жылы банк 2 мыңға жуық жобаларды
қаржыландырды, оның ішінде сауда-саттық пен
арнайы көмекке бай-ланысты 12 млрд. ислам
динары жұмсалды.
Ислами банк жүйесінің принциптері:
1) Шариғат заңдарын орындау – Исламдық
банктердің айнымас, ажырамас қағидасы. Бұл
қағидалар өздеріне тиісті принциптер бойынша
іске асады. 2)Ысырап жасамау;
3) Заңсыз және ретсіз монополияға тиым салу;
4)Тауарға қойылатын бағаның шектен тыс қымбат
болмауы;
Ислам Даму Банкі
5)Шариғат пайдалануға тыйым салатын заттар мен
тауарларды жасауға және сатуға тыйым салу;
6)Ұрланған және ұқыпсыз заттарды сатуға тиым салу;
7)Алдап-арбамау, алаяқтық жасамау;
8)Бастапқы капиталдың шариғат үкімдеріне сай адал
жолмен келуі.
Ислам Даму Банкі
Жарғы капиталына ең көп үлес қосқан (Сауд
Аравиясы, Ливия, Түркия, Кувейт, Иран, Біріккен
Араб Эмираттары, Индонезия, Пакистан)
мемлекет ішінен 5 ел бір атқару директорын
тағайындайды, ал 6-ын қалған мемлекеттер
сайлайды.
Ислам Даму Банкі
Басқарма бастығы өз араларынан 8 жыл мерзімге банк
Президентін сайлайды. Сайланған Президент -
атқарушы директордың төрағасы, Басқарманың
төрағасы, сонымен қатар, ол банктің
әкімшілік аппаратының да төрағасы болып есептеледі.
Атқарушы директорлар кеңсені үш жыл басқарады, одан
кейін жанадан сайлауға түседі.
Ислам Даму Банкі
Ресми банк тілі - араб
тілі, ал қарым-қатынас
үшін ағылшын және
француз тілдері болып
табылады.
Ислам динары
Халықаралық валюта
қорының арнаулы
несиелендіру
құқығының бірлік
өлшеміне парапар
банктің есептік бірлігі
болып табылады.
Ислам Даму Банкі
Мұдараба
Мұдараба, негізінде, капиталы
бар мен тәжірибесі бардың бірлігіне
негізделеді: олардың бірініші тарабы капитал
ұсынса, екіншісі тәжірибесі мен басқаруды
ұсынады. Бұның себебі «халал» (заңды)
пайда табуда; аталған пайда олардың
арасында алдын ала жасалған келісім
бойынша үлестіріледі, сонымен бірге
шығындарды капиталдың иегері тартады.
Капитал салушы Раб-әл-Мәәл, ал банк
Мұдариб деп аталады.
Ислам Даму Банкі
Иджара
Жалға беру – бұл активтерді сату
емес оның пайдасын немесе
пайдалану құқығын сату не
белгілі бір сыйақыға айырбастау.
Ол шарт ретінде белгіленуі мүмкін,
яғни жалға беруші біреудің
пайдалануына белгілі бір дүниеден
немесе қызметтерден түсетін
пайданы келісілген жалға беру
төлемдерге айырбастап белгілі бір
мерзімге ұсынады.
Ислам Даму Банкі

Истисна
Бұл сатып алушы (Мустасни)
сатушыдан (Сани)
болашақта келісілген мерзімде
дайындалатын немесе
салынатын
активті белгілі бір бағаға
(Истисна құны) сатып алуы
туралы Шарт. Истисна құны
алдын ала немесе бірнеше
кезеңмен активтің жасалуы
кезінде немесе жеткізілу
кезінде не жеткізгеннен кейін
төленуі мүмкін.
Мұрабаха
Тауарды өзіндік құнына келісілген
пайда мөлшерін қосып сату. Пайда мөлшері
тауардың өзіндік құны немесе жалпы сомманың
белгілі бір пайыздық көлемі ретінде есептелуі
мүмкін.
Мүшарака
Бұл екі немесе одан да
көп тараптардың инвестициялауға капиталмен
қатысуға келісетін шарты. Пайда түскен жағдайда,
пайда қатысушылар арасында келісілген пайыз
бойынша есептеліп, үлестіріледі. Кез-келген
шығын туындаған жағдайда, шығын
қатысушылар арасында олардың капиталдық
үлестеріне сәйкес бөлінеді.
Уакала
Банктер Уакаланы ірі салымдар үшін
жиі қолданады. Капиталы бар клиент өз атынан
инвестициялар жасауға Ислам банкін өз агенті
ретінде тағайындайды яки өз қорын басқару
жарнасын төлейді немесе төлемейді .
Қазіргі кездегі
ислами банктер

Осы күндері бүкіл әлем
бойынша 50-ден астам елде
300-гежуық ислами банк
қызмет етеді.
Олардың активтері шашамен
700 млрд. -1 трлн.
АҚШ долларына тең, қызмет
ету аумағы тек қана араб
елдерінде ғана емес, сондай-
ақ, АҚШ, Канада,
Ұлыбритания және
Австралияда таралған.
Әлемдегіалдыңғы қатарлы банктер – JP Morgan,
Deutsche Bank, ABN Amro, IAG, Citibank Chase
Manhattan және Hong Kong & Shanghai Banking
Corporation – өздерінің құрылымында ислами
банкке арналған арнайы бөлімдерін ашқан.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Ислам даму банкі туралы
Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым
Исламдық қаржыландырудың Қазақстандағы даму мәселелері
ҚР ИСЛАМДЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ДАМУ МОДЕЛЬДЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫН БАҒАЛАУ
Ислам банкингі
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні бойынша СӨЖ
Халықаралық және Еуропалық қайта құру банкі
Банк операциялары
Орталық банк
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ОЛАРДЫҢ НЫСАНДАРЫ
Пәндер