Шошқа тілмесі. Тілме (Erysipelas Suum)



Шошқа тілмесі

Тілме (Erysipelas Suum) шошқалардың аса қатал жұқпалы ауруы.

Аурудың қоздырғышы - эрисипелотрикс инсидиоза (Erysipelothrix insidiosa) бактериясы, түзі немесе шамалы майысқан таяқша пішінді, қоршаған ортаға және шіруге төзімді. Грам оң. Қозғалмайды, спора және капсула түзбейді.
Жерге көмілген шіріген өлікте және шошқа мүшелерінде 10 - 12 ай, нәжіс қалдықтарда - 290 күн өмір сүреді.
Тұздау мен қақтау әдістері шошқа етін зарарсыздандырмайды. Тұздау кезінде - 6 ай, қақталған өнімде - 3 айға дейін сақталады.
Күннің тура сәулесі бактерияны 10 - 12 күннен кейін, күндізгі жарықта кептірген кезде 3 - 4 аптадан кейін өледі.
Тілме бактериясы жоғары температураларға және дезинфекциялық заттарға тұрақсыз. Дезинфекция үшін 2 - 3 пайыздық сілті натриін, 20 пайыздық - әкті қоспаларын, 10 пайыздық - хлорлы қоспаларды.

Жіті, жітілеу түрінде шошқаның:
ыстығы күрт көтеріледі,
терісінде тарғыл бөртпе шығады,
созылмалы түрінде тері өліеттеніп қабынады,
буындар мен жүректің ішкі қабығы қабынады,
қоздырғышы - бактерия Erysipelothrix insidiosa.
Бұл аурумен көбінесе 3-12 айлық шошқалар ауырады.


Адамда ауру катерсіз түрде өтеді - алақан мен саусақ терілері зақымданады.


Патогенезі.
Ауру алиментарлық жолмен залалды жемшөп, су арқылы жұғады, тек кейбір жағдайда зақымдалған тері арқылы жұғуы мүмкін. Бактерия тасушылық әсерінен де іштей ауру қозып тууы мүмкін. Бұған себептер организмнің ауруға қарсы күресу, тойтарыс беру қасиеттерінің бәсеңдеуі.

Малдың денесіне енісімен бактериялар қолайлы жағдайларға душар болады да, қанға ілесіп, тез өсіп-өнеді. Бактеремия дамиды. Ол орташа, біркелкі дамыса, онда індетті процесс бірте бірте жайылады, бұл аурудың жіті және жітілеу түрлеріне тән, өйткені бактеремия қарқындай түседі, қоздырғыш бүкіл ағзалар мен ұлпаларды жайлап алады. Бүкіл дененің уыттануы әсерінен иммунобиологиялық реакциясы күйзеледі, қан қағынады (сепсис) . Ауру өте тез өтуіне байланысты қысқа уақыт ішінде тілмеге тән клиникалық морфологиялық белгілері дамып үлгермейді. Теріде пайда болатын тарғыл бөртпені қоздырғышқа сезімтал организмнің өзіне тән аллергиялық реакцияның нәтижесі деп білу керек. Аурудың өте жіті түрінде сол бөртпелердің теріде шықпауы осы жағдайға байланысты.

Патологиялық анатомиясы.
Тілме қауырт (өте жіті), жіті, жітілеу және созылмалы түрде өтеді.
Аурудың қауырт түрі қанның тым жіті қағынумен сипатталады. Сондықтан тілмеге тән патанатомиялық өзгерістер дамып үлгермейді, яғни тері бөртпейді, сойылған өлекседе тек қана қанға толған ағзаларды, жіті домбыққан өкпені және бірен-саран сірі қабықтардағы қанталауды көруге болады. Ондай шамалы клиникалық анатомиялық өзгерістері бар ауруды ақ тілме деп атайды.

Тілменің жіті түріндегі патоморфологялық өзгерістер аурудың осы түріне тән. Теріде әсіресе құлақтар түбінде, мойында, төсте, құрсақта қошқыл-көшкілдеу дақ тәрізді бөртпелер пайда болады. Осындай дақтар бір-бірімен тұтасып, теріге жайылып кеткен. Осы жерлердегі шел гемоглобиннің сіңуі арқасында қызғылт түсті. Көкірек және құрсақ қуыстарында фибрин араласқан біраз мөлдір сұйық бар. Өрмек тәріздес фибрин қарынның, ішектің, үлпершектің және көкіректің сірі қабықтарына шөгіп жабысқан.


Тілменің жітілеу түрі.
Терінің сулы қабынып, күлдіреуіктердің пайда болуымен сипатталады. Бұл бөртпелер аурудың осы түріне тән өзгеріс. Олар ал-қызыл немесе қып-қызыл төрт бұрышты, кейде ромб тәрізді, әдетте ауру малдың төсінде, арқасында, жамбасында, құрсағында пайда болады, кесе-көлденең көлемі 1-4 см, зақымдалмаған тері деңгейінен 3-4 мм. көтеріңкі. Бөрткен жерлерде ақмөлдір күлдіреуіктерді көруге болады, олар эпидермис астында сұйықтың жиналу салдарынан пайда болған және қызыл шеңбермен қоршалған. Күлдіреуіктер жарылып сыртқа шыққан сұйық кеуіп, ақшыл-қоңыр немесе құба түсті қабыршаққа айналады, бертін келе өліеттенеді. Күлдіреуіктер бір-бірімен тұтасып, зақымдалған жерлердің көлемі алақандай болады. Бұл тұста тері қалыңдайды, өліеттенген жағдайда, оның бөліктері қиық-қиық түседі.


Тілменің созылмалы түрі.
Малдың жіті немесе жітілеу түрінің басынан өткізудің салдары. Аурудың бұл түрі жүректің ішкі қабығының жараланып қабынуымен және буындардың зақымдануымен, кейде терінің өліеттеніп қабынуымен сипатталады.

. Шошқа тілмесі кезіндегі патолого-анатомиялық өзгерісі:
1 - терідегі көптеген қан кетулер;
2 - тамақ үсті кілегейлі қабатындағы қан кетулер;
3 - ішек қабатындағы қан кету;
4 - бүйректегі қан кетулер;
5 - көкбауда қан кетулер;

Ауруды анықтау.
Тілмені обадан, пастереллезден, сібір жарасынан ажырата білу керек.
Обаның тілмеден айырмашылығы сөл бездерінің ерекше зақымдалуында. Олардың тілінген беткейі мәрмәр тас суретіңдей, себебі синус қуыстары қанды жалқақпен кернелген, талақ ұлғаймайды, теріде қанталаған бөртпе көрінеді. Сонымен қатар кілегей және сірі қабықтарда, ағзаларда, әсіресе бүйректерде көптеген петехиялар табылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz